Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Үйір-үйір ұлы сағынышымды, Дүркіретіп саған қарай беттедім

Үйір-үйір ұлы сағынышымды, Дүркіретіп саған қарай беттедім

Үйір-үйір ұлы сағынышымды, Дүркіретіп саған қарай беттедім

Өлең дейтін өлкеге енді ғана түрен салып кірген жасында, беймезгіл қиылып түскен қыршын жас - Бибол Жұмағали өлеңдерін сіздермен бөлісемін. 

Алматы. Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде

Ахмет ата,

Көшеңе келді бір қонақ,

Сары жапырақтай сағыныштарын мұңға орап.

Сенің көшеңде менің тағдырым барады,

Көзіңнен аққан ып-ыстық жастай сырғанап.

 

Сергелдең дәурен, сенделген ғұмыр баяғы,

Қуарған өңмен құшағын маған жаяды.

Құлаған жапырақ маңдайымды келіп искеді,

Аядым оны, олдағы мені аяды.

 

Баянсыз тірлік билеген қала тым суық,

Алатау ғана қояды іштей күрсініп.

Бабамнан қалған соңғы сарқытты сағынып,

Ең соңғы жасым ыршыды.

 

Жол жүрдім тағы бозарып ұшы бетімнің,

Жетім күшік боп бұлаңдап жетті жетім мұң.

Қағазға сызар қасіретімді жер таппай,

Бұқармен сенің қиылысыңа кеп отырмын.

 

 

Ақынға сыр

(М.Шаймаранұлына)

Отыр едім аспанымды күзетіп,

Кеттің ұшып жыл құсына ілесіп.

Күзгі боран лашығыңды ұшырып,

Кетті-ау әттең жүрегіңнен сыз өтіп.

 

Бұлбұл едің ну орманда сайраған,

Мүлгіп еді әніңді естіп бай далам.

Ұшқаныңда Алатаудан әрі асып,

Жетімсіреп мұңын шақты Ай маған.

 

Содан қайтем,

               көз жасымды көл қылдым,

Қылығыма қарап алып ел күлді.

"Тұл" деді де ақыны жоқ дүние,

Ай да әрі асып кетті сеңгірді.

 

Жасым болып мөлтілдеді тамшылар,

Жапырағын төгіп жатты тал-шынар.

Аққайыңмен бірге жылап бір қыз жүр,

Жарықтық та жыр аңсаған жан шығар.

 

Қыздың жасы таңғы шықтай мөп-мөлдір,

Махаббатың секілді бір өткенгі.

...Әй, сенбеймін, сенің жырың жыр емес,

Шуақ шашқан көктем бір.

 

Қайтты құстар құбыланы бетке алып,

Көкке қарап шулап жатыр көп халық.

Қанатына сәлем жазды аққудың,

Ақын ұлын еске алып.

 

Ойға салып қояды әр сәт күз мені,

Бетімді өпті көңілсіздеу күз лебі.

Қиял құшам алып ұшып кетсе деп,

Тырналардың тізбегі.

 

Желтоқсан монологы

Басымды тауға ұрдым, тасқа ұрдым,

Жұбатар дейсің бұл жас кімді.

Қасым хан жұртына қарап ап,

Ұлыған жаралы қасқырмын.

 

Жебеден жанымды улаған,

сұп-суық бір хабар тыңдағам.

Қай қырдан кісінеп келеді,

Бәсірем – мінгізген ғұн бабам.

 

Жанымды басады батпан мұң,

Ерлігім қан болып аққан күн.

Аспаннан күтемін жасындай,

Семсерін сақтардың.

 

Ақын боп шағамын айға мұң,

Жырлайтын тарылды айлағым.

Қай шыңға апарып қадаймын,

Бабамның бөрілі байрағын.

 

Ылғи да түс көрем түндерде,

Дұшпаным күледі іргемде.

қып-қызыл қанымнан нәр алып,

бәйшешек қаулайды іргемде.

 

Мен қайта оянам!

Шолпанын туғанда таңғы аспан,

Бәсірем жер тарпып таңды асқан.

Бөрілі байрағым желбіреп,

Қолымда жарқылдап алдаспан.

Мен қайта оянам!

 

*  *  *

Періште деп сүйіп едім бір қызды,

Сайтан екен бәтшағар.

Ұмыттыршы қасіретті бұл күзді,

Тезірек кеп ақша қар.

 

Кінәм ба еді адал ашық болғаным,

Берді мені махаббатта неге алдай.

Ертедегі шайырларша сорладым,

Әлі тұрмын өзіме өзім келе алмай.

 

Ылғи да бір егіз болдым сорлармен,

Атақты бір ақын болып кетердей.

Пері тектес пенделері болғанмен,

Жер бетінде періште жоқ екен ғой.

 

 

Ділмұрат Жұмақанұлына

Қарт Ілеге менен сәлем,

                         Алдаспан,

Ескі мұңға жалғыздығым жалғасқан.

Мынау қатал Үрімжіде тым суық,

Көңілімнің көгалдарын қар басқан.

 

Қайттыңдар ғой қаздарындай қазанның,

Кеткенін ай айналамнан ажардың.

Жалғыз қалдым Үрімжіде бағасыз,

Товарындай сатылмаған базардың.

 

Алшы емеспін ылғи ғана тәйкемін,

(Маған бақыт бұйырмайды-ау, әй, тегі,)

Сағынушы ем, жүрсеңдер де жанымда,

Ал кетсеңдер қайтемін?!

 

Қарбаластық бар нәрсені шырмаған,

Жыласаң да түсінбейді бұл қала.

Еңіресем бірге жылар кемсеңдеп,

Сағындым ғой момын ауыл – Жырғалаң.

 

"Сағындым ғой өзенімді тауымды,

Сағындым ғой аңқылдаған қауымды."

Шерім төксем түсінетін тек үнсіз,

Сағындым ғой анам жатқан қабырды.

 

Сағындым ғой достарымды кіл қазақ,

Жүрегімді ауыртады мұң қажап.

Көзім жасы көкірегімнен құласа,

Тереземнен қарайды етіп түн мазақ.

 

Қайтем, аға,

            жанарымды жас көмді,

Жұбататын бір жырыңды баста енді.

Шарап құйып,

Ғазал оқы,

Ішейік!

Не қылайын, басқа емді.

 

Жарапазан

Тыңда, мейлі тыңдамағын бұл жырды,

Он тоғыздан сәлем айтам тым мұңлы.

Тоғызыншы сәуірден соң сен кеткен,

Сағынышсыз өткізбедім бір күнді.

 

Ұнатпадың мұңға туыс мені бұл,

Тым арманшыл қиялымның серігі.

Сезінсеңші ессіз емес едің ғой,

Қайыршының тоны сынды көңілім.

 

Айта-айта сөздерім де ескірген,

Жалыққанды құлағың да естуден.

Оразаның отыз күні айқайлар,

Жрапазаншының күнін кештім мен.

 

О,Музам-ай,

             Ұмайым-ай,

                         көктектім,

Қаншалаған қасіретті көктеттің.

Жыл бойында жарапазан айтамын,

Түсіне алсаң мен осындай көкбетпін.

 

Менсіз білем жаның сенің тоңбайды,

Бәлкім бақыт басыңа кеп орнайды.

Сүймеуіңе болады ғой сонда да,

Махаббатқа сенбеуіңе болмайды.

 

 

*  *  *

Ей, аппақ қар,

Неге жаудың сен бүгін,

Білдірейін дедің бе аяз ерлігін.

Кеше ғана бүрлеген-ді жас ғұмыр,

Көктетеді енді кім?

 

Ей, аппақ қар,

Ақпан емес сәуір бұл,

Мұңға батты әне тағы жауыр күн.

Көрсетпейін деп келдің бе сен әлде,

Кір дақтарын дәуірдің.

 

Ей, аппақ қар,

(таза дейсің сендей кім),

Жылап бүгін жас майсаны жерлеймін.

Ертең қайта көктегенмен жас ғұмыр,

Қалып қойды көңілімде меңдей мұң.

 

Ей, аппақ қар,

Жүрегімнен гүлді үзіп,

Алып кетті жаңа ғана түн қызы.

Түсірді еске сенің мына келісің,

Желтоқсанның он алтыншы жұлдызын.

Ей, аппақ қар...

 

 

*  *  *

Әке!

Шешем кетіп дүниеден тым ерте,

Тамұқ болып кетті білем гүл өлке.

Ақын болып кетер болсам мен егер,

Шумақ-шумақ жыр арнаймын күні ертең.

 

Мұңға бола қалмайықшы таусылып,

(Қане келсін қасіреттер қаншылық!?)

Бұлт торлаған күліп бір күн көк аспан,

Қаларсың-ау қалың мұңнан аршылып.

 

Кетіп жатыр кір дүние кінә артып,

Өтіп жатыр мұң дүние мұнартып.

Мейлі, қойшы,

                маған мынау жалғанда,

Барлығынан жалғыз шумақ жыр артық.

 

Әкетайым, бұл күндері күнім мұң,

Бақыт іздеп сан сабылдым, сүріндім.

Бақыт деген жыр құшағы ұлыңа,

Басқа бақыт садағасы жырымның.

 

Аман болсаң, аман болса өлеңім,

Әйтеу бір күн бәйгемді алып келемін.

Ешкім мені қаға алмайды тіземнен,

Себебі, мен достарыма сенемін.

 

Сенемін мен ақиқатқа ауырған,

Сенемін мен ағаларға бауырмал.

Ертең олар ем-домдарын істейді,

Арқамдағы ер қажаған жауырға.

 

Көрінетін болса ұлыңа соңғы нұр,

Құлағыңа естіледі мол дүбір.

Пырағыңның тұяғынан сен жайлы,

Жалғыз шумақ оқылады ...

                       соңғы жыр.

 

*  *  *

Жалығып ел сүрген тірліктен,

Шырайға шараптан шыр біткен.

Жазатын жыр емес еді ғой,

Жиырмадан бұл сөзді кім күткен.

 

Нені аңсап тілеймін мен нені,

Білмеймін, адасқан пендемін.

Білмеймін, кім екен әйтеуір,

Тірлікке мені әкеп жерледі.

 

Мен солай тірлікке жерлендім,

Ғаламға тәнімді көмген күн.

Кебінім базардың бұлы емес

Шешемнен қап қойған шер мен мұң.

 

Тірліктен жалықтым, жалықтым,

Анамның сүтіне зарықтым.

Нан тауып жеп жүрмін,

Ішінде шаң басқан табыттың.

 

 

*  *  *

                                  Сезесің бе, арман қыз,

                                  Тағы да бір таң атырдым жап-жалғыз.

Табиғат – шебер қыс суретін өшірді,

Ару – таулар ақ көйлегін өшірді.

Құшпақ болып ақ тамақтан аймалап,

Сабырсыздау самал жігіт есірді.

 

Келе жатыр шығыс жақтан таң құлап,

Таулар дел-сал майда лепке балбырап.

Шолпан – жеңге тұрған шақта намазға,

Бозбала – жел ұйықтап кетті қалжырап.

 

Бір-біріне бәйшешектен гүл арнап,

Бақыт – күйін төгіп жатыр мына аумақ.

Түн қойнында белден асып ай кетті,

Сәуле - бұрым бұлаңдап.

 

Бар тіршілік ғашықтықтан басталды,

Күн арбайды найза шыңын асқардың.

Бұлақ қыз да сыңғыр-сыңғыр күледі,

Биіне елтіп жас талдың.

 

Ұмыт болып қасірет, мұң, шер, нала

Мас боп жатыр махаббатқа кең дала.

Қабағына қайғы іліп ап өзің жоқ,

Қағазына сырын шерткен мен ғана.

 

 

*  *  *

                               Бірақ та, жынданып кететін

                               Мен саған Мәжнүн емеспін.

                                                 Ж. Жақыпбаев

Арасы түс пенен елестің,

Білмеймін не сезіп, не кештім.

Қарғам-ау, мендағы жынданып,

Кететін Мәжнүн емеспін.

 

Жұматай ақын көп жырлаған,

Әуенді мендағы тыңдағам.

Есі жоқ сезіммен соңғы рет,

Қоштасып кеткенмін Құлжада.

 

Кейін де көп қызға «ұрындым»,

Салты ғой олдағы ғұмырдың.

Түсінген бірі жоқ,

                    жөнелдім,

соңынан қаңғыған жырымның.

 

Қыз ғой ­ деп өзіңді ұятты,

Іздедім тұрақтар миятты.

Амал не, қаламның ұшынан,

Қағазға қасірет жиі ақты.

 

Жамылып досымның шапанын,

Қымыздай мұңымнан татамын.

Жырымның соңынан қаңғыдым,

сірә да бітпейді сапарым.

 

*  *  *

Мына маған дәулет бітті сенсеңіз,

Берер едім бөлісем деп келсеңіз.

Баяғыда байлығымды мыңғырған,

Алып кеткен өзіменен он сегіз.

 

Қараңызшы !

                Менде қандай жылқы көп,

Белден белге асып жатыр дүркіреп.

Құлан шалыс, құндыз түкті құнандар,

Сауырына шыбын қонса сілкінед.

 

Сүт сәулесін еміп тұрып айдың да,

Апай төсін ұрып алып айдынға .

жалт­-жұлт етіп жағалауда жүреді,

қап­-қара бір айғырлар.

 

Құрық алып күзет тұрсаң кешкілік,

Шайнасады бесті дауысы естіліп.

Сен барғанда үрке­-үрке қарайды,

Арғымақтар үдірейе осқырып.

 

Кілең бәрі қамыс құлақ, қаз мойын,

Жусады-­ай бір жылқыларым жаз бойы.

Қысқа салым мекендеді сап­-сары ,

Сар қамысты саз бойын.

 

Отарға айдап мен соларды аттанам,

Үлып-­ұлып қарсы алады ақ боран.

Соны өріске салып қойып жатайын,

Бұрын ешкім таптамаған, таппаған.

 

Отар ғой деп от арудың от демін,

Үйір-­үйір жылқылардай беттегі.

Үйір-­үйір ұлы сағынышымды,

Дүркіретіп саған қарай беттедім.

 

*  *  *

Не десем екен құрғыр қыз,

Жаралап кеткен жүректі.

Көңілді енді бір күлгіз,

Жаңа жыр туды шыр етті.

 

Білемін мені ойламай,

Гүлдейсің қалқам не керек.

Құдайдың өстіп қойғаны­-ай,

Мен болдым ессіз көбелек.

 

Айналып ұшам гүл көріп,

Жалын сөзіңе мас болам.

Жатамын сосын күл болып,

Күледі елдер «масқара!»

 

Кеш сөйтіп сәулем батады,

Атайды ел мені жынды деп.

Ол кезде өліп жатады,

Жай езу тартып бір жүрек.

 

*  *  *

Мейірім ап мейірлі мекенімнен,

Көк аспанға шуақ боп көтерілем.

Аппақ нұр боп қайтадан ағып төмен,

Мұхиттардың шу асау толқынына,

Айналып кетемін мен!

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: жеке мұрағаттан

3327 9
Рейтинг: +9

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 04 қазан 2012, 16:46
Пікірлер
+0
04 қазан 2012, 16:42

Тірліктен жалықтым, жалықтым,....

+0
04 қазан 2012, 17:57

Қаламынан қасірет жиі аққан ақын! Тақырыбы осылай болуы керек-ше...

+0
04 қазан 2012, 19:43

Өмірмен қоштасып жатқандай әсер қалдырады екен өлеңдері...

+0
05 қазан 2012, 12:58

Солай, Салтанат, "Өлеңде өзіңнің трагедиялық өлімің жайлы сәуегейлік айтудан қаш, түбінде өзің айтқан қасіретке өзіңді бастау кетуі ғажап емес. сөз құдіреті деген сондай" деген сөз бар тұғын. Марқұмның өлеңдерінде өлім, кебін, қабір жайлы көп айтылған. Тіпті естеліктерінің соңғы беттерінед өлім жайлы ашық айтылған тұстары да бар еді. өз ажалын шынымен ақ өзі сезіп кетті десем жұрт күмәнмен қарйтын шығар.

+0
05 қазан 2012, 19:55

Мұхиттардың шу асау толқынына,
Айналып кетем мен.

+0
06 қазан 2012, 01:56

бұл жайлы Қайсекеңнен асып айту қиянат болар. ақынның соңғы санаулы күндерінде(оай дейтінім өзі сезген ау марқұм) жанында болған достарының біріде осы Қайсекең. поэзиядай кеңістіктен тамған тамшының ғұмыры да әр алуан ау. аспанның көз жасы боп жерге сіңді. бірақ, ғажабы сол! төбемізден мәңгі саулап тұрмай ма?!

+0
15 қазан 2012, 15:09

өлеңдері шынымен де қасірет пен мұңға толы екен.

+0
06 қараша 2012, 13:38

Ғажап ақын екен. бұрын қалай естіп, білмегем.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...