Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Алғашқы жалақысын әлі алмаған жігіттің сөзі

Алғашқы жалақысын әлі алмаған жігіттің сөзі

Алғашқы жалақысын әлі алмаған жігіттің сөзі

Массагет ұжымы сіздердің назарларыңызға жас ақын Бағашар Тұрсынбайұлының өлеңдерін ұсынады. Өлеңдері бір оқығаннан-ақ көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Ұтымды ой, көркем сөз қолданыстарын пайдалана отырып, әдемі жыр жолдарын түзетін жас ақынның шығармашылығына үңілейік.

Зулап, зырлап өтіп жатыр бес күнім,
Жаяу жылжып келе жаттым кеш құрым.
Түнгі Алматым күрсінбейді мен үшін,
«Ақшаң жоқ» деп тоқтамайды ешкімің.

Адамдардың көбі бүгін тасбауыр,
(Кім оларға бола алады тосқауыл)
Жол қысқарту үшін ақын ағамның

Өлеңдерін оқып келем жатқа кіл.

Ішің қандай?

Көріп келем сыртыңды
Ақымақ қыз келтіресің күлкімді.
Мына көше таныс маған қараңғы,
Ана жерде донер жегем бір түрлі.

Су сепкендей менің жігіт көңілім,
Әз апамдай әлпештейді мен кім?
Машиналар зулап жатыр адамдай
Ал жарықтар менің жарқын өмірім.

Мүсіркейді аспан жақтан жұлдыздар,
Теңселгендей ұлын ойлап шың-құздар.
Ана өлеңді оқиыншы, сол жырда
Көңіліме жақын менің бір қыз бар.

Бір әлем ғой, жүректегі бір өлең
Жұрт қарайды өлеңіме түнере.
Темекісін бұрқыратып балконнан
Орыс кемпір ұрсып жатыр біреуге.

Керек әлі, басқа мына баспана,
Жә, көңілім қамықпағын босқаға.
Кеше ғана есептеген гонарар
Бүгін-ертең түсіп қалар ақша да.
*  *  *
Ұлытауға бардым мен,
Ұлар етін жемедім.
Қозылардың шулаған
Көріп қайттым көгенін.
Түнінде түндей түрілдім,
Тасына тайдай сүріндім.
Күміс суын бұлақтың
Сары қымыздай сімірдім.
Думанда сөйлеп, топ жарып,
Есіме түсті қай күнім.
Ұлытау жұрты ұйып тұр
Сөзіне Асан Қайғының!
Сағынып күнде көз ілем,
Жабығып түнде езілем.
Бабамның сөзі қалған жұрт,
Тамырсыз таста шежірем.
Жазылар сен деп дастаным,
Айтылар сен деп қанша әнім.
Арқаның арқа қоздырар
Болатсай түнін аңсадым.
Сөзімді ұғар дүйім ел,
Таңғалмай мына күйіме.
Дәм тартса барып қайтармын
Жездібектің де үйіне.

сурет:yvision.kz

597 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 03 қараша 2012, 12:38
Пікірлер
+0
03 қараша 2012, 12:40

Жалақы ала алмай жүрген талай адамның мұңы жатыр ғой мына өлеңде.Жырауша көсілген абадан ағама-ай!!!

+0
04 қараша 2012, 01:01

Бәрібір өлеңіне қарағанда Багидің прозасы (сатирасы) мықтырақ :roll:

+0
05 қараша 2012, 16:54

Өмір шыңдығын жырлайды екен

+0
07 қараша 2012, 18:46

эхххххх ақша қашан түседі екен!!!!!!!!!

+0
14 қараша 2012, 17:58

akwa ne istetpeidi

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...