Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Шерхан Талап: "Жайыққа жаяу тартып кетсем бе екен?.."

Шерхан Талап: "Жайыққа жаяу тартып кетсем бе екен?.."

Шерхан Талап:

Құрметті жырсүйер қауым, бүгін біз сіздерге жас ақын Шерхан Талаптың жаңа өлеңдерін ұсынбақпыз. Кеше ғана Алматыға аяқ басқан балаң көңіл жас ақын бір жыл ішінде талай жетістікке жеттті. Батыстың қаймағы бұзылмаған ақындық мектебінен тәлім алған Шерхан бүгіндері Алматы ақындарының да тобырында топ жарып келеді. Қадыр ағаның қаймықпаған қара өлеңінен жырдың өміріне сарқылмас азық жинаған жас ақын қаламын тыныш қояр емес. Қатарынан озық жүрген Шерхан Талаптың талабына нұр жаусын дей отырып, жыр дәптеріне үңіле кетейік!

Театрға бару керек...

Театрға бару керек... жалғызбын...
Іздеп жүрмін жүзі сұлу, жанды ізгі.
Маған қиын ұқсамаса Гүліме,
Білегінен ұстап кету әр қыздың...

Театрға бару керек... жүдеумін...
Қарашы енді сағыныштың үдеуін.
Жалғызыма ұқсап кетті бір ару,
Ойға мас боп отырғанда түнеу күн.

Театрға бару керек... мұңды арман –
Жүргімде жазылмаған жыр қалған...
Жанымызды бір тазартып алайық,
Дүниенің боқтығына былғанған.

Театрға бару керек ұдайы,
(Қорғансызға жар болсыншы Құдайым.)
Лас өмірде жұбанатын не қалды?
Шырмалайық басқа әлемде шынайы.

Театрға бару керек ұғынып,
Күрең күндер өтіп жатыр құбылып.
...Әртіс жігіт әсерлетіп сөз айтса,
Менің ішкі әлемімнің сырын ұқ.

Театрға бару керек... бұла шақ...
Бізде жұрттың бір қатарын құрасақ.
Тек екеуміз драмаға ду күліп,
Тек екеуміз комедияға жыласақ...

Театрға бару керек жұп болып,
Жанарыңа мөлдірген шық толып.
Ырыс тұңған шаңырақ қой киелі,
Кетер бәлкім басымызға құт қонып.

*****

Жалған үмітке сеніп кей, 
Қашанғы шыдар құр сүлде.
Жәудіркөз ару еліктей,
Жатырқап әлі жүрсің бе?
 
Керімсал мінез, керім Сен,
Тәуекелім ең бекінсем.
Кермаралдайын керілсең,
Көктемге сіңіп кетуші ем.
 
Жанымды өртеп, шарпып от,
Шері боп тұндым ғасырдың.
Тәкәппарлығыңа тәнті боп,
Менмендігіңе бас ұрдым.
 
Тірі жан ұқпас мұң ба едің?
Жетпейтін қолым биікте ең.
Асқақтығыңмен құнды едің,
Сен соныңменен сүйікті ең!
 
Сезімнен мөлдір шық тамып,
Паңдана керші қасыңды.
Сұлулығыңа сұқтанып,
Алайын сығып жасымды.
 
Кедейге біткен байлығым,
Бұралып өскен бұласың.
Қасиетін ұғып қайғының,
Жыласа жаным жыласын.
 
Кеудеме мұңды күй сіңіп,
“Тек мені қалқам күтердей”
Жүрейін сырттай сүйсініп,
Қол жетсе – қиял бітердей.
 
Жақындамай-ақ жаныңа,
Ең ұлы жырды жазамын!
Қинашы мені тағы да,
Таусылмас тәтті азабым...
 
*****

                   “Алыстан – тым шалғайдан қыздың
                    сыңсыта салған әні келеді құлаққа...”

                     Оралхан Бөкей “Қар қызынан”
 
Алматым ластаса да таза жанын, 
Бүгін-ақ мөлдір жырды жаза аламын.
Сыр қылып суық желі естіртеді,
Бір қыздың алыстағы азалы әнін.
 
Шіркіннің шымырлатар әні мұңды,
Жылатып қояр екен тағы кімді?!
Елітіп, еліктіріп, еміндіріп,
Тауысты сарқылмастай сабырымды.
 
Азапқа салып қойса ақпан – қайғы,
Көңілім көктем келмей шаттанбайды.
Алыстан сыңси салған тәтті ән жайлы,
Бір ғұмыр жырласам да жақ талмайды.
 
Сол бір ән... шақырғандай Қар қыз күліп,
(Желіккен қайран көңіл, сан қызды ұмыт.)
Мені аңсап қалқатайым ән салды ма?
Жайықтың жағасында жалғыз жүріп.
 
Ұстамай біреуінен жүз білектің,
Паңдығын танытқанда Күзгі лептің.
Төлеген – сағынышын аңсай ма екен?
Ақмаңдай сіңілісі Қыз Жібектің.
 
Апыр-ай, бар азапты шексем бе екен?
Әлқисса, аңсарыма жетсем жетем.
Сызылған сол бір әнді бағытқа алып,
Жайыққа жаяу тартып кетсем бе екен?

Суреттер wallpaper.zoda.ru сайтынан және Шерханның жеке мұрағатынан алынды

3701 18
Рейтинг: +10

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2012, 14:03
Пікірлер
+0
26 қыркүйек 2012, 13:45

Осы Шерханың мықты деп естіп қалам :roll:

+0
26 қыркүйек 2012, 13:46

Тек екеуміз драмаға ду күліп,
Тек екеуміз комедияға жыласақ... атақты сөз екен

+0
26 қыркүйек 2012, 13:49

Шерхан Щерхан ба мұндай жырды жазбаса!!!!

+0
26 қыркүйек 2012, 13:54

Қайда оқитын жігіт? жырлары әдемі

+0
26 қыркүйек 2012, 13:55

Біздің "перваш" қой :) Казир "втораш" болғанымен...

+0
26 қыркүйек 2012, 14:25

Оралдың жігіті ғой!

+0
26 қыркүйек 2012, 14:38

Театрға бару керек жұп болып,

Жанарыңа мөлдірген шық толып.

Ырыс тұңған шаңырақ қой киелі,

Кетер бәлкім басымызға құт қонып.

+0
26 қыркүйек 2012, 15:04

"Төлеген – сағынышын аңсайды ма?" дәл осы жерін өзгерт, баһадүрім! аңсайды ма емес, "келеді ма, кетеді ма, барады ма, іздейді ма" деген сөздерді естіп қалам кейде. аңсай ма, бара ма, келе ме деп қолданғамыз ғой.
"Шерхан аға, шер аға,
Талай қыздың ерні тиген,
Мұртыңыздан бір сүйейін кел, аға" депті ғой бір замандас інісі Шерхан Мұртазаға. сол айтпақшы, әкелші маңдайыңды, бауырым!
Әдебиетке ақын боп келетіндер көп, ақын боп қалатындар аз. талма інім, қаламың қарымды болсын! Қазақтың Қадырының жолын берсін саған

+0
26 қыркүйек 2012, 16:14

басты мәселе ұйқаста емес...Ғабит Мүсірепов айтпақшы дұрыс қолданған сөз ғана үйлесіп, сән беріп тұрады

+0
26 қыркүйек 2012, 16:32

:o тамаша, атыңа затың сай екен. қаламың ұштала берсін!!!

+0
26 қыркүйек 2012, 21:00

Шерхан батыр қағанның айтқанын тыңда

+0
27 қыркүйек 2012, 00:54

ДТ-лар дұрыс айтады. Сенің өлеңінді оқу үшін арнайы келіп кіріпті ғой

+0
03 қазан 2012, 18:05

жазушылар одағының берген атақ мәртебесіне сай! олар " Қадырді жоқтатпай жүрген ақын" деп еді....

+0
06 қазан 2012, 04:44

Шерхан, білесің бе? сенімен алғаш танысқаннан бері шығармашылығыңды жіті бақылап жүрген достарыңның бірімін. біздегі бір жаман ауыруда жасампаздыққа құштарлықпа деп ойлаймын. әрине, ол тиісінше керек. бірақ, тым қанық түс алса поэзия формаға, формализімшілдікке ұрынады. осы тұрғыдан келгенде түйерің мол болу керек! біздікі аңқылдақ ағалық көңіл. жырды сүй! қаламың мұқалмасын!

+0
10 қазан 2012, 18:16

Ай жарайсың Шерхан інім. Тек алға. . . !

+0
09 наурыз 2013, 16:21

"...Алыстан сыңси салған тәтті ән жайлы,
Бір ғұмыр жырласам да жақ талмайды."
Жүрегіңдегі жалының мен бойыңдағы дарының ғұмырлы болсын, досым!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

+0
14 қазан 2013, 21:51

"Тәкәппарлығыңа тәнті боп,
Менмендігіңе бас ұрдым."
Осылай дер жігіттер азайып бара жатқаны өкінішті...

Өлеңдер керім !

+0
31 желтоқсан 2013, 13:16

"Тек екеуміз драмаға ду күліп,

Тек екеуміз комедияға жыласақ..." әдемііі)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...