Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Алматыда бір өлеңім бар еді...(Алматы туралы өлеңдер)

Алматыда бір өлеңім бар еді...(Алматы туралы өлеңдер)

Алматыда бір өлеңім бар еді...(Алматы туралы өлеңдер)

Алматы... Алатауға арқа сүйеп жатқан ерке Алматы, сен тек қала тұрғындарының жүрегінде ғана емессің! Өзіңе бауыр басып, сен жаққа елеңдеп жүрген басқа да қазақ баласының көңіліндесің! Алматыға Ақтөбе мен Атыраудағы ақын қыздарынан келіп жеткен хаттарын оқып бергім келіп тұр. Қайда жүрсе де Алатауын сағынған ақындардың назын тыңда, Алматы!

Алматыдан кеткелі

Алматының – сағындырды аймағы!

Алатаудың асқаралы айбары.

Көркін жүрген тамаша ғып кешегі

Кеңсайдағы бар қазақтың қаймағы...

Арманына жетпей кеткен ақынның

Артық Үні секілденген ай дағы...

Қызыл күрең құлағындай жастықтың,

Күлбіреген қайдағы мен жайдағы...

Көктөбеде күліп қалған көктемім,

Көктеміме қылдай өкпем жоқ менің!..

Қайыңы мен қарағайы қайысқан

Киелі жер, кеттім алыс...

Сөкпегін!

ҚазМУ жаққа қарайлаймын – қайда деп,

Қара Нанды бөліп жеген көп керім...

Іріткі ой, іркілме де!

Іре мұң...

Ірікпеуде іштегімді – бір Емім!

Көшедегі көөөөп пендеде көзім қап,

Тар кеудеде талықсиды жүрегім...

Тас төсенген тротуарлар торығып,

Тоздырды ма тобылғы Ұлдың реңін?..


Сағынар күн алда сені көп пе еді?

Ақтөбеге күз де түсті – жеткелі...

Қылтанағы аз Дала ендігі – көшем де,

Көктемім де, мен жұтатын оттегі...

Аласұрып тау іздейді тек көзім,

Алатаудың бауырынан кеткелі...

Қылышына сыз қатырып батыр Күз,

Көлеңкеме қарайды аяп,

Ақырғы із...

Қаруытқан қара ағаштан Жан іздеп,

Қара түнге сіңіп бара жатырмыз...

Әр арманың айнытып ап осылааааай!

Ауылға кеп,

Ауырып жүр ақын қыз...

1992ж., Күз

Жанна Елеусіз

Ақтөбе

Алматы

Боз далада боз қырауды жамылған, 

Бозамық таң баяу атты салып ән. 

Бота-көңіл бүгін неге боздайды, 

Алатауды сіз ғана ма сағынған? 

Алатауды Сіз ғана емес сағынған. 

Алау қарып жүрегімді, лағылдан 

Алқа таққан аппақ Айдың астында, 

Атқан таңға жыр үзгенмін жанымнан. 


Баққа бірақ бөленбеді бар маңым. 

Алатаудан асып кетті арманым. 

Алматыда бір Өлеңім бар еді, 

Сағыныштың сезіндірген салмағын. 


Ол да менен жырақтады. Қазір мұң 

Өлкесіне өлең болып жазылдым. 

Көктөбеден көктем көшіп кеткендей, 

Көңілімнің ұрлады екен жазын кім? 

 

Алматым-ай! Ал-ма-тым-ай! Алматы! 

Арманымның арман болып қалды аты. 

Қойныңдағы қара өлеңнің сынығын, 

Сүйіп ем ғой! Сүйікті ете алмады... 

 

...Өксік толы өмір деген осы де. 

Өкпемді артып, өкінейін несіне? 

Сағынғаным шын болса да, өтірік. 

...Алматыны салмаңызшы есіме!!!

***** 

Ақша бұлтқа қондырып арманымды, 

Тауға теңеп тәкаппар талғамымды. 

Алматы, аңсарыма айналдырдың, 

Өзіңде өлең өріп қалған ұлды. 


Білмеймін сол серінің серті кімде? 

Елсізде жүргендеймін елтіп үнге. 

Жайыққа қаламымды малып койып, 

Жыр жазып жабығамын жер түбінде. 


Суықпын, сіңіп кетті ғайыпқа үнім, 

Сергелдең сезіміме лайық мұңым. 

Алатау, махаббаттан мән сұрама, 

Сүйгенім үшін ғана... айыптымын. 


Жанымды қайтсем екен шерге малған, 

Мерт болды-ау мұңға айналып мендегі арман. 

Аласұрып іздеймін әлі күнге, 

Алматы, Жүрегімді сенде қалған.

Бақытгүл Бабаш

Атырау


Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: yvision.kz
17376 2
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 16 қыркүйек 2012, 15:46
Пікірлер
+0
16 қыркүйек 2012, 15:41

Алматы - жүрегімде!!!

+0
16 қыркүйек 2012, 20:58

Алматыда бір Мұз бар ерімеген...
Ақтөбеде бір Қыз бар, серігі - Өлең.
Мұз да үнсіз.
Қыз да үнсіз.
Бұл екеуі -
Кеңеспейді ешкімнің шеніменен…

Мұз жатады өзінің биігінде.
Қыз жүреді өз мұңы иінінде.
Бұл Екеуін көрмейді Ел.
Көрінбейді
Олар тойың, ойының, жиының не…
Оңашада көзден сыр үзер, мейлі.
аай, екеуі енді еш Түзелмейді!..
Мұзы ерімей басынан Алатаудың.
Қыз өлмейді, білем ғой…
Жыр өлмейді…

Алматыда бір Мұз бар ерімеген.
Ақтөбеде бір Қыз бар.
Серігі - Өлең…
Көріспесе, ренжіме, Сеніменен!..
Сен, бәрібір, біргесің меніменен…
Жанна Елеусіз 2001 ж.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...