Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Мен өлерде ең соңғы сөз айта алсам, Жаным, сенің есіміңді атаймын...

Мен өлерде ең соңғы сөз айта алсам, Жаным, сенің есіміңді атаймын...

Мен өлерде ең соңғы сөз айта алсам,  Жаным, сенің есіміңді атаймын...

Жасұлан Исақаев - 1994 жылы туған Ақтөбе қаласының жас айтыскер ақыны. Біз бүгін жас ақынның іңкәр сезімді сұлу суреттеген "Биші қыз" атты өлеңін ұсынамыз. 

Суретте: Жасұлан Исақаев

Биші қыз

Махаббатқа қалам әркез мастанып,

Сұлулыққа бас иемін сендегі.

Ақындығым кеткен еді басталып,

Бұл мектепке бір биші қыз келгелі.

Содан бері құлын жүрек жаралы,

Өзіңді ойлап, көзімді ілмей таң күттім.

Көңіл шіркін саған ғана ауады,

Маған мейрам сені көрген барлық күн.

Сен дегенде жыршы, әнші, күйшіміз.

Маған керек тек жанымды ұққаның,

Ай дидарлы, күн келбетті биші қыз,

Күндіз естен, түнде түстен шықпадың.

Мың бұралып сахнада тамсанып,

Би билейсің босатылып бар жүктен.

Махаббатпен өте ыстық қарсы алып,

Шапалақпен жібереді зал біткен.

Жанарында жұлдыз жанып тұрады,

Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,

Көрерменнің көңілінен шығады,

Үстіндегі аспан түстес көйлекпен.

Сені сүю - Жаратқанның жарлығы.

Дей алмаймын қадіріңді кеш білдім.

Байлық, бақыт былай тұрсын барлығы

Сенен басқа керегі жоқ ешкімнің.

Көркің қандай күн нұрындай шашылған,

Саған әлем аруы да жетпейді.

Көлеңкемдей қалмайтұғын қасымнан,

Сенің бейнең көз алдымнан кетпейді.

Кейде ұялам қарауға мен бетіңе,

Биші қыз-ау, сенсіз қалай күн кешем?

Қатал тағдыр бөлсе бізді екіге,

Бір минут та жерді басып жүрмес ем.

Мен ғашықпын биші бикеш байқасаң,

Куә оған жұлдыз бенен нақ ай, күн.

Мен өлерде ең соңғы сөз айта алсам,

Жаным, сенің есіміңді атаймын.

Артта қалып сорлары көп сараң күн,

Бұл өмірден өз орныңды табарсың.

О, биші қыз, бәлкім менің баламның

Аялаған анасы боп қаларсың...

Сурет ақынның жеке мұрағаты мен vampodarok.com сайтынан алынды

18973 11
Рейтинг: +7

Қосылған күні: 25 шілде 2012, 18:02
Пікірлер
+0
25 шілде 2012, 16:58

"Сені сүю - Жаратқанның жарлығы..." Өлеңің ойнақы, әсерлі, әдемі :)

+0
25 шілде 2012, 16:59

тух, тамаша туынды! Сәтті шыққан! Кешегі бір шумақпен "жарып" жүрген жігіт емес пе???

+0
25 шілде 2012, 17:00

сол балапан ғой :D

+0
25 шілде 2012, 17:00

"О, биші қыз, бәлкім менің баламның

Аялаған анасы боп қаларсың..." бәлкім...))

+0
25 шілде 2012, 17:05

әдемі өлең екен :)

+0
25 шілде 2012, 17:21

Ақын жанын мұнша ғашық етіп, шабыт келтірген ару! жарайсың!

+0
26 шілде 2012, 11:37

шабыт тілеймін жас ақынға. Салмақты өлең жазуға кез келген сияқты

+0
30 шілде 2012, 00:24

жастық жас қой, шабыты қатты болсын!!!

+0
06 қараша 2012, 22:55

басканы білмедім, мен... Мен сізден катты коркамын!!! Тіпті, есімінізді де білмеймін... Суретініз де, озініз де мені катты коркыттыныз! "Мінеп-сынап, жерге кашан тыгады екен?" деген коркынышпен блог жазуды да догарган секілдімін...

+0
22 қыркүйек 2012, 16:37

Өлең тақырыбына қарап "әзірше оқымай-ақ қояйыншы" деп жүрген ем. Ақынның жасы мен өлең мазмұнынан тақырыбы-ақ хабар беріп тұр. Махаббатты көбі осылай елестетер, тек бәрі бірдей мұндай өлең арнай бере алмайды, бала батыл екен, қаламы ұштала берсін!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Махаббат деген не?
Махаббат деген не?

Махаббат деген не?

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...