Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Мен өмірді өзгертем деп талпындым

Мен өмірді өзгертем деп талпындым

Мен өмірді өзгертем деп талпындым

Аяулы массагеттіктерге қазақтың дарынды ақыны Ақберен Елгезектің өлеңдерін ұсынамыз.

Ақберен Елгезек 1980 жылы, Алматы қаласында дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылының Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ тарих факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығына ие ақын “Көлеңкелер күбірі” атты өлеңдер жинағын басып шығарды.

Бағым 

Мен өмірді өзгертем деп талпындым.

Өмір мені өзгертті.

Сен де бірге меніменен, алтын Күн, 

Ғарыш жақтан сез дертті...

 

Мен тағдырды басқа арнаға бұрам деп,

жаңғырыққа жолықтым.

Өлең – маған, мен Өлеңге сыңар боп,

қалған екем, соны ұқтым.

 

Мен адамды іздеп едім сыртымнан,

жасырынды ол ішке.

Көк сеңгірден бұлдырады бір тұлға,

Ақ қанатты періштем?...

 

Мынау әлем – жаратылған сезімнен

және сұлу өрістен.

Өз-өзімді көріп тұрмын көзімнен,

аппақ нұрлы пейіштен...

 

Мен әлемді сүйемін деп жар салдым,

ғашық болып өмірге.

Бақытымды жүрегіммен қарсы алдым – 

апаратын Тәңірге!

 

***

 

Сансыз ғаламнан тұратын

шексіз Ғарыш – бір атом.

Мейірбан менің Тәңірім:

Өзі – Ғалым, Өзі – Ақын.

 

Сыбызғы тартса иесі,

өмірдің тәтті күйі осы.

Отбасы сынды тіршілік –

ортақ ғалам жүйесі.

 

Жапырағындай еменнің,

әріптеріндей Өлеңнің...

Ұлы Нұрдың

сұп-сұлу

ұшқынымын!

Өренмін!

 

Жаратқан үшін маңызды – 

өрнектеп салу әр ізді.

Гүл-Ғалам Ұлы Тәңірдің

портреті тәрізді... 

 

Жұмбақ

 

Сол үшін шығады жолға бәрі,

Сол үшін құрбандық – қолда бары.

Сол үшін күз назданады,

Сол үшін көктем бұлданады!

Сол үшін сұлу жандар ән салады,

Ажалды да Сол үшін қарсы алады.

Сол үшін бәрінен безінеді,

Сол туралы бәріне жар салады!

Сол үшін ертеледі аттың бәрі,

Сол туралы сөйлейді заттың бәрі.

Сол үшін жүрек біткен ақталады,

Сол үшін жүрек біткен сотталады!   

Сол айтса, бәрі-бәрі құп болады,

Сол үшін көкорайға бұлт қонады,

Сол үшін дәру іздеп жер шалады... 

Удың өзі Сол үшін ұрталады...

 

Сол үшін өмір өзі түзіледі,

Құдыреті содан ғана сезіледі.

Сол арқылы кезікпестер кезігеді,

Соны ғана қимастан көз іледі...

 

 Өкпе

 

Әр көше – жыр жолы, түп-түзу. 

Көліктер – қозғалған әріптер.  

Қоштасу. Жете алмау. Күткізу.

Бір-бірін сүймейтін ғаріптер.

 

Күтпеші адамды, келмейтін.

Тағдырдың тым қатал пәрмені.

Көшелер – өлеңдер өлмейтін,

жадыңа оралтар әрнені.

 

Қозғалма, ойланба, түсінбе...

Өзіңнің жаныңнан кім ыстық?

Жыласын ішіңде,

дыбыстан қалғыған тыныштық.

 

Ойлама, күтпе де зарықпа.

Ешқандай әуенге бөленбе. 

Өзіңді құрметте, құрметте:

жалғызсың әлемде.

 

Жалғыз

 

Шексіз ғарыш шетінде

жетімсірер Жер-жұлдыз. 

Сол жұлдыздың бетінде

Сен жалғыз да, мен жалғыз.

 

Жалғыздардың әлемі?...

Сен көпшіл де, мен көпшіл?

Тор тоқыссақ әдемі, 

өрмекшіге, өрмекшіл!..

 

Құрай – жалғыз, мыс – жалғыз,

Жалғыз – барлық атомдар.

Құс – жалғыз

және

барлық Ақындар.

 

Жүрек – жалғыз, мый – жалғыз.

Шылым жалғыз шоқтанып... 

Аярланған жүзіңе

Ай қарайды сұқтанып.

 

Бәрі – жалғыз.

Тәңір де. 

Ажал – бөлек, Ар – бөлек.

Өмір мәні, тегінде: 

өрмекші мен көбелек...

сурет ақынның жеке мұрағатынан алынды

11013 6
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 18 шілде 2012, 12:57
Пікірлер
+0
18 шілде 2012, 13:17

Ойлама, күтпе де зарықпа.

"Ешқандай әуенге бөленбе.

Өзіңді құрметте, құрметте:

жалғызсың әлемде" Түх, шіркін! Не деген әдемі сөз мынау деген!!!

+0
18 шілде 2012, 13:36

қиялы мықты ақын ғой!

+0
18 шілде 2012, 14:28

мықты ақын

+0
18 шілде 2012, 16:02

Ақберен аға тарихшы екен ғой :)

+0
19 қыркүйек 2012, 11:41

Тамаша! 20жасар дігіттің поэзиясы!

+0
17 тамыз 2015, 19:47

Мағжан, дігіт дейтін сөз жоқ қазақта, Ал Ақберен дейтін ұлы ақын бар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...