Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Мен - бақыттың гүлі едім

Мен - бақыттың гүлі едім

Мен - бақыттың гүлі едім

Ардақты оқырмандарға елімізге танымал дарынды ақын Бақтыгүл Бабаштың шығармашылығынан дәм татқызбақпыз.

Бақытгүл БАБАШ – 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері. «Алтын қалам», «Үркер-үміт» әдеби байқауларының, республикалық мүшәйралардың жүлдегері.

МЕН - БАҚЫТТЫҢ ГҮЛІ ЕДІМ 

 Дертіңе қалай төземін, сенсіз де сынық қанатым.

 Адасқан мен бір сөз едім – Тәңірім ғана табатын.

 

 Жазмышым жұмбақ жасырған, жауабын мен де ұмыттым.

 Жаураған мұздай ғасырдан, жанымды неге жылыттың?

 

 Жылыттың неге жанымды, өртеніп кетсін дедің бе,

 Ұмытып мүлде барымды, дерт еміп кетсін дедің бе?

 

 Көрдім де сені, күйге ендім – қалықтап көкте жүргендей.

 Үміттенуді үйрендім – үркеншек көңілім үндемей.

 

 Жер басып жүрген сүлдем тек, ақша бұлт болды аңсарым.

 Мен мүлде өмір сүргем жоқ – армандауменен шаршадым!

 

 Тұман да тұман таңдардан, қалайша таптың сен мені,

 Жазылмай қалған маңдайға, ей, тағдырымның кермегі?!!

 

 Тұмар қып жырға тағатын, қасиет тұнған көз едім.

 Сенсіз де сынық қанатым. Дертіңе қалай төземін???

 

**

 

Білмеймін, бағым ба, сорым ба,

 Шарқ ұрдым шаттанар шағымда.

 Шарадай басым жүр шайқалып,

 Беймаза бір әуен жанымда.

 

 Тағы да құсалы мынау күн,

 Мұң жапқан жанарын мұнармын.

 Мен сірә тап осы кейпіммен,

 Жынданып өлетін шығармын!

 

 Күтемін. Көңілде мұң-шер көп,

 Сәттерді сағынып тым сергек.

 Түндерде, жалғыздық жылатқан,

 Жанында жүрсем деп.

 

 Бағым боп келмейді ол, (Бол-май-ды!).

 О, бәлкім, көңілге сол қайғы?

 Қырсығам телефон көтермей,

 Сыңсыған үмітім сорлайды.

 

 Санамда салқындық - аты мұң,

 Өзге емес, өзіме жат үнім.

 Мен оның жырымын жатқа оқыр,

 Ол - менің ең ұлы ақыным!

 

 Жалғыздық жұп болып жаныма,

 Жаутаңдап қараймын арыма.

 Жүк артқым келмейді жүрекке.

 Жоғалтқым келмейді тағы да..

 

**

 

Жапырағын жанымның тағы бір жаз тонады.

 Жібімеді бірақ та тағдырымның тоңы әлі.

 Мен – бейдауа дертті емген көңіл едім қаяулы,

 Сен – білмедің аяуды.

 

 Сағынамын, - дедің де, сағынбадың шынында.

 Тағы да мұң кеудемде, тағы да шер – жырымда.

 Мен – Жібектің көз жасы ем, тамып түскен Жайыққа,

 Сен – жорыдың ғайыпқа.

 

 Ғажап дедім бар күнді, азабына мойымай.

 Ғазал-жырын жанарға жасырады мойыл Ай.

 Мен – тірліктен түңіліп, үңілгенде жүрекке,

 Сені көріп, дір еткем...

 

 (Тағдырымның ойыны-ай!).

 

 Біз – біргеміз деуші едік. Алыстады арамыз.

 «...Сезімге енді сенбеймін» (...) Сыбырлады қара қыз...

 

**

 

Мәңгілікке мекендеген Күн елін,

 Мен – Бақыттың Гүлі едім.

 Келіп еді,

 Сенің ғана жанарыңда бүр жарып,

 Сенің ғана жүрегіңе түнегім.

 

 Көзді арбаған көбелек боп серігім,

 Жүргенімде жанымды жеп жегі-мұң,

 Жолықтырдым!

 Сендей болып аялайды мені кім,

 Мендей болып саялайды сені кім?

 

 Мағынасыз күндерімнен мән ұғып,

 Көктен түскен күміс шыққа малынып,

 Өтем, жаным,

 Қысқа ғана ғұмырымда, өзіңді,

 Әлемде жоқ ақ сезіммен сағынып...

 

 Сабағыма Тәңір сызған сөзім бұл:

 Мен – гүл едім, күлтесі аппақ, көзі – нұр,

 Бақ қыламын десең-дағы өзің біл,

 Лақтырамын десең тағы - өзің біл,

 Жаным!!!

сурет ақынның жеке мұрағатынан алынды

9842 15
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 12 шілде 2012, 16:15
Пікірлер
+0
12 шілде 2012, 16:35

Мен – Жібектің көз жасы ем, тамып түскен Жайыққа, Сен – жорыдың ғайыпқа...

+0
12 шілде 2012, 16:36

Тұман да тұман таңдардан, қалайша таптың сен мені, Жазылмай қалған маңдайға, ей, тағдырымның кермегі?!!

+0
12 шілде 2012, 16:37

Керемет екен! Тамаша!

+0
12 шілде 2012, 16:39

Шіркін, керемет ақын қыздар көп қой қазақта!!!

+0
12 шілде 2012, 16:40

Жылыттың неге жанымды, өртеніп кетсін дедің бе,

Ұмытып мүлде барымды, дерт еміп кетсін дедің бе?

+0
12 шілде 2012, 16:40

Фаризамен үндес секілді

+0
15 шілде 2012, 17:10

иә, мен де солай ойладым

+0
12 шілде 2012, 16:40

тамаша!!!!

+0
12 шілде 2012, 16:47

Тағдырымның ойыны-ай!...

+0
12 шілде 2012, 17:19

.....Жүк артқым келмейді жүрекке.

Жоғалтқым келмейді тағы да..

+0
12 шілде 2012, 17:24

«...Сезімге енді сенбеймін» (...) Сыбырлады қара қыз...

+1
14 шілде 2012, 10:55

Бақытгүл әпкенің өлеңдерін үнсіз ғана оқу керек, сосын үнсіз күрсіну керек. Басқа ештеңе айа алмайсың, себебі бәрін ол өлеңмен айтып қойған :!:

+0
21 тамыз 2012, 18:15

Жапырақты жаз тонамайды, күз десе бір сәрі

+0
22 қыркүйек 2012, 16:18

Керемет!

+0
13 сәуір 2015, 13:35

Тамаша жазады ... сөзім жоқ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...