Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Түбірім - терең, тұғырым - емен

Түбірім - терең, тұғырым - емен

Түбірім - терең, тұғырым - емен

Тұма сезімнің тұнығын жырлап, құла жүйріктің бірі болып әдебиетке ат ізін салып кірген жас ақын - Қайсар Қауымбек. Жүрегі баладай, тілегі даладай болған, болмысынан-ақ ақындық тұрпаты айқын аңғарылып тұратын осы бір нәзік те аңғал ағамыздың өлеңдері сіздердің назарларыңызда. 

Алматы - о, менің жаралы жүрегім!
                                             М.Шаймаран

Құлай сүйіп өмірімен, өлеңмен, 

Сені Алматы - ару дейді ел, 

Сенем мен. 
Көйлегіңнің етегіне ілесіп, 
Көлбең қағып мен де артыңнан жөнелгем. 


Қарсы алдымда жалаңаштап кіндігін, 
Сол Алматы маған қарап тұр бүгін. 
Алатаудың жас тоқалы секілді, 
Жанарына жасырған бір сұмдығын. 


Кездесу де, күю, сүю - түс бәрі, 
Есімде жоқ қалай құлап, құшқаным. 
Жүрегім деп айтты кейін сені ағам, 
Мен жағамды ұстадым. 

Ал сенің ше?!
Түрің де жоқ қымсынар, 
Ақ төсіңе шайыр біткен ұмсынар. 
Айдындықтай білегіңді жастанып, 
Ақындардың өлетіні шын шығар. 

Қайран, менің аппақ арлы далам-ай, 
Қалай кеттім қайрылып бір қарамай. 
Абайсызда арбалған бір бейбақпын, 
Кешір мені, аңғал, аңқау ағам-ай!

 

ОРАЛМАН

Түбірім - терең, тұғырым - емен, 
Тірімін әлі, Тұраным, оңда!
Ғұмырым - қыран, тұнығым - өлең, 
Құбылам - қағба, құраным қолда. 

Сері де менмін, шері де менмін, 
Қызылдың қырғын үркіні келген. 
Бел асып кеткен бөрі де менмін, 
Төсімді түгел Түркі, Ғұн емген. 

Төбең де менмін, төрең де менмін, 
Сүйегім аппақ, тұмарым аман. 
Шерді де жұттым, шемен де болдым, 
Құл басқа шықса, кінәлі - заман!

Зар мұңым жырда, азабым күйде, 
Тағдырым қимас бақты ойлай бердім. 
Бөркімді алған әзәзіл-дүние, 
Бетімнен неге қақпайлай бердің?!

Қазығым елде, азығым көпте, 
Ажырап қалған солардан қолым. 
Тамыры жерде, тәңірі көкте, 
Ғұмыры бұраң "оралман" болдым!

 

Сүйем мен жез тырнақты дүниені, 

 Қайт дейсің, не істе дейсің енді маған?!

                               Есенғали РАУШАНОВ

 
Қобыз қайғымды қоздатқан сенсің!
Бота мұңымды боздатқан сенсің!
Жек көрем сені, жаныңа келсем, 
Жетімек қылып сорлатқан сенсің!

Шер болды маған сені көргенім,
Шешемдей болып еміренбедің. 
Әкелген жалғыз қуанышыма, 
Әкемдей болып тебіренбедің!

Сарылып күтіп, сағына алмадың, 
Сарғайып жетсем жарыла алмадың. 
Адасып қалған ұлдарың үшін, 
Атамдай болып аңырамадың!

Жоқ дейсің бе әкем, жоқ дейсің бе анам?!!
Жүрек қой мынау дерттей сыздаған. 
Өзекке тепсең өзің біл енді, 
Сонда да сүйем!
Не істейсің маған, 
АЛМАТЫ?!!!

Сурет: жеке мұрағаттан

 


4784 17
Рейтинг: +8

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 27 маусым 2012, 19:15
Пікірлер
+0
27 маусым 2012, 18:06

Ох!... Не деген поэзия!!!

+0
27 маусым 2012, 18:07

неткен өлең, жүрекке жеткен өлең!!!

+0
27 маусым 2012, 18:11

айтпаңыз. красавчик қой!

+0
27 маусым 2012, 18:12

мықты ақын...Есенғалиден кейінгі дүлей ақын..

+0
27 маусым 2012, 21:06

Өлеңдері жақсы. Болашақ бар. Бірақ бұл баға артықтау секілді

+0
27 маусым 2012, 18:14

Ерлан Жүністермен қатар тұруы керке Қайсекеңнің... Әттең дейсің...

+0
27 маусым 2012, 18:17

соны айтам...онсызда өлеңдері жүректің төрінде емес пе?!

+0
27 маусым 2012, 18:29

Иә, расымен тамаша өлеңдер екен! Ақынның қаламы мұқалмасын! Әлі де тамаша дүниелер күтеміз!

+0
27 маусым 2012, 20:46

Қайсар аға, тамаша жырлар!!!! Ешкім айта бермейтін ойды айтасыз!!!!!

+0
28 маусым 2012, 11:37

Сонда да сүйем!
Не істейсің маған,
АЛМАТЫ?!!! :!: :!: :!:

+0
28 маусым 2012, 11:38

Ағаның "Сәлем хат" өлеңін естігенде көзіме жас алғанмын. Жалпы ақынның кез-келген леңі мақтауға тұрарлықтай!

+0
28 маусым 2012, 14:35

Қайсар ақын - дарын мен білім жағынан өзгелерден оқ бойы алда екенін біреу білсе, біреу білмейді. Ақын деген агентте отырып келсе де, келмесе де әндете беру емес. Өзгелер осыны түсінбейтін секілді. Біреуді мақтау үшін біреуді даттау емес, бұл енді рас дүние.

+0
29 маусым 2012, 12:48

өлең жақсы екен :geek:

+0
12 шілде 2012, 22:11

Бүгін шын жылаттың, ӨЛЕҢ.................! Қайсар - ол қашан да ҚАЙСАР :!:

+0
04 қазан 2012, 12:34

Қайсаға, ең жақсысы - соңғы өлеңің! жаныма қатты әсер етті. Қобыз қайғымды қоздатқан сенсің!
Бота мұңымды боздатқан сенсің!-деп әдемі басталып, соңы "Өзекке тепсең өзің біл енді,
Сонда да сүйем! Не істейсің маған, АЛМАТЫ?!!!" деп оқыс аяқталғаны шынайы сезімнің сырын шертеді! тәтті сөз, ашты мұң айтып отырған ақынның сұлу назы, кексіз "жек көруі" тамаш тіркестермен беріліпті! Жарайсыз! Мақтанға салынып кетпеңіз бірақ...

+0
17 қараша 2012, 02:50

Бұл кісінің өлеңдерін өз басым өте биік бағалаймын. тек бір айыбы танылмай келеді, танылғысы да келмейтіні ең үлкен айыбы. ғажап жырлар ғой. "Сері де менмін, шері де менмін,
Қызылдың қырғын үркіні келген.
Бел асып кеткен бөрі де менмін,
Төсімді түгел Түркі, Ғұн емген. "

+0
13 ақпан 2013, 13:10

Адасып қалған ұлдарың үшін,
Атамдай болып аңырамадың! Kaisar agam menin !! sizdi zhaksy korem !!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...