Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Жылайды аспан...

Жылайды аспан...

Жылайды аспан...

Құрметті жырсүйер қауым, бүгін біз сіздерге жас ақын Алтыншапақ Хаутайдың шығармашылығынан өлеңдер ұсынбақпыз. Жаны нәзік қыздың мөлдір жырлары жүрек тербеп, мұң толы сағынышы аспанмен тілдесуге шақырады.

                        

 Жылайды аспан...

Ағыл да тегіл жылады аспан.

Батпадым, бірақ сұрауға мұңын.

Сал сезімдерінің нұр өңі қашқан

Менің де жаным жылауда бүгін.

Сезіндім неге мұң басады өңін,

Мен-дағы мұңнан үркетін едім...

Алыссың әттең, сырласым менің

Көзіңнің жасын сүртетін едім...

Жыр ғана менде шағына алатын

Жабырқау жанды жаңбырың жусын.

Сүйіктіңді тек сағына алатын

Сен де менімен тағдырласпысың?

Менің де жаным мұнар-мұң басқан

Сырласа алмаймын.

Құр жанап өтем.

Сен неге сонша жыладың, аспан,

Ғарыш жақта да мұң бола ма екен?

Сен бақыттысың.

Жасыңмен иіп

Жұлдызың – Жер де жіпсіп үлгеред.

Иығына оның басымды қойып

Менің де біраз өксігім келед.

Жаратқан Аллам, сыйлайтын сыңар

Жаламды естісе, тулайтын шығар...

Бұл аспан неге жылай берді екен,

Ол да біреуді қимайтын шығар...

*****

Бір өзің болдың сағынарым да,

Батқым келмейді тағы да мұңға...

Мен саған, жаным, сағынып жеткен

Сыңарыңмын ғой, танымадың ба?

Сәттерімде алғаш сезім бүрлеген

Сені елестетіп көзімді ілмегем.

Сағыныш қанша сарылтқанымен

Сенің деміңді сезіндірмеген.

Мен сені жерден, көктен іздегем,

Қиялымдағы көк теңіздерден.

Қаламыма алғаш жыр оралғанда

Сенің атыңды кестелеген ем...

Сансыз сұрақпен қалғанда басым

Қайтейін, жырым жалғанбағасын...

Бала сезімің бой көтергенде

Сен де дәл мені армандағасың.

Темір төзімнің тағып алқасын

Мәлім өзгені сағына алмасым.

Қолымды сілтеп, қиялай бергем

Кездескендерге...

Сен болмағасын...

Жанымның жырын аңсап тілегі

Жүрегім менің ән сап тұр енді...

Сан жылдар бойы сарылтып өткен

Сенсіз ғұмырым шаршатты мені...

Бір өзің енді сағынарым да,

Батқым келмейді тағы да мұңға...

Мен саған, жаным, сағынып жеткен

Сыңарыңмын ғой, танымадың ба?

Сурет: vgorode.ru

6388 13
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 20 маусым 2012, 16:15
Пікірлер
+0
20 маусым 2012, 15:54

Мен-дағы мұңнан үркетін едім... :oops:

+0
20 маусым 2012, 16:04

Жас ақындар сайтымызда өлеңдері жарияланып жатқаны жайлы біле ме екен? )) Тіркеліп, құрдастарының өнерлерімен танысып отырса игі еді.

+0
20 маусым 2012, 16:07

иә, біледі біразы))

+0
20 маусым 2012, 16:08

"Бұл аспан неге жылай берді екен,

Ол да біреуді қимайтын шығар..." Тамаша!!!!!!

+0
20 маусым 2012, 19:41

мейлі, жыла

+0
20 маусым 2012, 19:44

ой, жылай берсін, маған ұнайды. Бір досым айтушы еді "Жаңбыр тамашағой" - дейтін, мен "неге?" десем, ол "көз жасыңжаңбырда білінбейді"-демесі бар ма? еее сөйтсем ол аны ауырғанда жаңбырмен қосылып жылайды екен... Аспан жыласа жылай берсін, тек сол досым жыламасын!

+0
21 маусым 2012, 15:00

иә, жыламасын ешкім, аспаннан басқа

+0
20 маусым 2012, 19:45

:oops: кешірім өтінем. Жаны ауырады, қате

+0
21 маусым 2012, 14:57

Сен неге сонша жыладың, аспан,

Ғарыш жақта да мұң бола ма екен? \\\\ күштііі!!! Қаламың ұштала берсін! Бірақ көп жыламасын!

+0
21 маусым 2012, 15:01

Бірақ анда-санда жылап тұру де керек қой. Әйтпесе ішқұса болу да жақсы емес

+0
25 маусым 2012, 01:09

соз жок керемет

+0
14 шілде 2012, 11:56

Сезіндім неге мұң басады өңін,

Мен-дағы мұңнан үркетін едім...

Алыссың әттең, сырласым менің

Көзіңнің жасын сүртетін едім...
керемет ұйқасты, мағыналы жазыпты

+0
19 қыркүйек 2012, 11:52

не деген таусылмайтын мұң. Писсимстік сарындағы поэзияны ұнатпаймын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Менен сізге 7 кеңес
Менен сізге 7 кеңес

...есімнен адасатын шығармын...

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...