Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Жанарың жебедей кеп жыртып өтіп, өлімсіреп, өле алмай жатам кейде

Жанарың жебедей кеп жыртып өтіп, өлімсіреп, өле алмай жатам кейде

Жанарың жебедей кеп жыртып өтіп, өлімсіреп, өле алмай жатам кейде

Құрметті оқырман, бүгін біз сіздерді жас ақын Әрібибек Дауылдың қаламынан тамған мөлдір жырларымен сусындатпақпыз. Ұтымды ой, көркем сөз қоладаныстарын пайдалана отырып, әдемі жыр жолдарын түзетін жас ақынның шығармашылығына үңілейік.

 

Өлгенде тыныштық бер

Түн кетерде туатын «шолпан» шырай,

Саған сыйым болмай жүр «ортаншыдай»

Сүйемін ғой, сондықтан сорпам шыға,

Жүрек жалтақ, байқатты қорқар сыңай.

 

Қырау қабақ, қатыгез қатал бейне,

Қарашығың «қолқадан атам» дей ме?!

Жанарың жебедей кеп жыртып өтіп,

Өлімсіреп, өле алмай жатам кейде.

 

Түнерген тұтқыр тұман, түнек пе едің?

Қаймығып қамалады жүректегі үн.

Жанымда жадап қалды-ау, жүдеп менің,

Есіңе ал бірнеше мың күн өткенін.

 

Жастығым желік беріп желпіп ұштық,

Көзің сұсты болғанмен, көркің ыстық.

Сол ұшқаннан мол ұшып, қона алмадым,

Қанат күйіп өлген күн бер тыныштық!

 

 

Мұңлықтардың мекені

«Мұңлықтардың» мекені мына мекен,

«Зарлықтардан» қалатын мұра бөтен.

«Шұға» обасын құшақтап қанша ғашық,

Өксік атып қаншама жылады екен?!

 

Періштем пейілімді білші менің,

Мұңлықтың тыңдаймысың мың тілегін?!

Түршігемін, сергимін, сілкінемін,

Жас басыммен жабығып күрсінемін.

 

Құмарлық ғашықтықты бөле қарап,

Жүргенде жіберді екем неден ағат!?

«Қозы-Баян», «Шұғаның белгілері»,

Сәл мұңайсам көңілге келе қалад.

 

Томпиған молалары келе қалад,

Монтиған құл «Қодарлар» жебе қадап.

Аңқиған «Қозы» жігіт өле қалад.

...Жібекті жарытпайды Төлеген ап...

 

Махаббат мұра қылған мұң дастанын,

Төгілтіп, толқып айтып тұрды аспаным.

Жерленген ыстық құшақ жазылмастан,

Қарашы, моласында шым басқанын...

 

Мұңлықтар осы ма әлде сынбас тағың?!

Жаным шыға, жындана жыр бастадым.

Шұғадай ару тауып сыр да ашпадым,

...Сонша сүйдім, көнбеді ол,

...құрымас бағым...

Сурет: milla2.mindmix.ru

1096 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 18 маусым 2012, 08:35
Пікірлер
+0
18 маусым 2012, 15:50

«Шұға» обасын құшақтап қанша ғашық,

Өксік атып қаншама жылады екен?!

+0
18 маусым 2012, 15:51

зарлы поэзия!

+0
19 маусым 2012, 15:05

"Жаным шыға, жындана жыр бастадым." арқасы бар :)

+0
20 маусым 2012, 12:52

"Құдайды қиналғандар тапқан ойлап"...арқасы бар ақынның поэзиясы да уытты

+0
10 шілде 2012, 01:49

"Жақсы жазған өлеңді жақсы оқымай" жүр ғой :)

+0
09 наурыз 2013, 16:28

БИ БОЛУДАН ДА, БАТЫР- БЕК БОЛУДАН ДА БАС ТАРТҚАН ТАЛАНТ, АЛАШТЫҢ СӨЗІН СӨЙЛЕР АҚЫН БОЛДЫ! ЖАЗАРЫҢ МОЛ БОЛСЫН, АҒАСЫ!!!!!!!!!!!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол
ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...