«Поэтикалық дуэль» 6-шығарылым (Видео)

«Поэтикалық дуэль» 6-шығарылым (Видео)

Жуырда ғылымның Хан-Тәңірі атанған қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Мұхтар Әуезов атындағы әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен «Поэтикалық дуэль» атты жыр кеші өткен болатын.

Өскелең ақындардың шеберліктерін шыңдап, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен бұл дуэльге Қазақстанның Жоғары оқу орындарынан жыр қаруын сайлаған біршама жас ақын қатысты.

Бұл шығарылымда әдебиет сүйер қауымды әдемі өлеңдерімен әлдилеген Айбол Исламғалиев пен Еламан Хасенұлының дуэлін ұсынамыз.

Айбол Исламғалиев 1993 жылы БҚО, Орал қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4-курс студенті. «Атыңнан айналайын, Қазақ қызы!» атты республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпазы. Халықаралық "Шабыт" фестивалiнiң Ермұрат Зейiпхан атындағы арнайы жүлдеciнiң иегерi.

Еламан Хасенұлы - 1993 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Лекер Қажы ауылында дүниеге келген. Баянауылдың Шәкен Айманов атындағы гимназия-мектебінің түлегі. Қазіргі уақытта Орталық Азия университетінің 4-курс студенті. Өлеңдері республика жастарының "Жаңа ғасыр жырлайды" антологиясына енген.

Келесі шығарылымнан Бауыржан Мырзақұл мен Темірлан Жорабайдың дүйім жұрттың таңдайын қақтырған жыр додасын көре аласыздар.

Оқи отырыңыздар:

1. «Поэтикалық дуэль» 1-шығарылым (Нұрболат Жолдасбек пен Батырхан Сәрсенханның дуэлі)

2. «Поэтикалық дуэль» 2-шығарылым (Әріби ­­­­­­­­­­‑ Әрібек Өр Алтай мен Асыл Ерзаттың дуэлі)

3. «Поэтикалық дуэль» 3-шығарылым (Бекзат Смадияр мен Мөлдір Айтбайдың дуэлі)

4. «Поэтикалық дуэль» 4-шығарылым (Ретбек Мағаз бен Шерхан Талаптың дуэлі)

5. «Поэтикалық дуэль» 5-шығарылым (Нұртас Тұрғанбек пен Нысанбек Сәуленің дуэлі)

Сурет: massaget.kz

Е. Жұмабайұлы