Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Өзің әкеп енгізген басқа әлемде...

Өзің әкеп енгізген басқа әлемде...

Өзің әкеп енгізген басқа әлемде...

Массагет ұжымы сіздердің назарларыңызға жас ақын Шерхан Талаптың бірнеше өлеңін ұсынып отыр. Шымыр ұйқастарымен шуақты сезімнің аясында шырмап алып тәтті күйге бөлейтін, одан қалса санаңды ойып тұрып ой тастайтын жас таланттың әр өлеңі асқақ пафосқа толы.

Ересек қыз  

Сенделген сезімдердің егесі ек біз,

Ел үшін айтылатын бір өсекпіз.

Сіз мені бір елемей қойдыңыз-ау,

Санамды сабылдырған, Ересек қыз.

Жанардан мұңды жасым тамса жайсыз,

Ұрысып жүрегімді паршалайсыз.

Шынашақтай баланың сүйгендігін 

Паңданып, өзіңізше ар санайсыз.

 Біз жайлы маздағасын ел өсегі,

Жұбатып: “қайтесің” – деп жел еседі.

Өзімнен үлкен қызды сүйіп қалсам,

Бұл менің есерлігім емес еді!

Іздеген бағымыздың елесі егіз.

Сезімнің майданында егесеміз.

Мен сізге қорғаныш та бола аламын,

“Алты жас кішісің ғой демесеңіз...”

 Бақытты боламын деп басқаменен,

Қашқақтап жүргендейсіз босқа менен.

Қайтесіз құр қырсығып, білесіз ғой,

“Махаббат қарамайды жасқа деген”

Кей сәтте бір үмітті артасыз да,

Алдайсыз, түлкі сынды жортасыз да.

Сіз әлде менің қарыс құшағымда,

Жылынбай қаламын деп қорқасыз ба?

 Мен сізді әр сөзіме сенсін деп ем,

Адасып баратырмын елсізбенен.

Телміріп көзіңізге қарай берем,

Бейкүнә сезімімді менсінбеген...

 * * * * * *

Ойын қуған жоламай арманына,

Он бір жаста бір қамал құлатылды.

Дәлдеп асық ата алмас аңғал ұлға,

Ең бірінші үйреттің ұнатуды.

Анама бір, әкеме бір еркелеп,

Ұмытылды желменен жарысқаным.

Есейдім де сан ойдан тым ертерек,

Балалықтан амалсыз алыстадым.

 Пәк сезімнен сабырдың күші кетті,

Періште қыз өзіңсің ойымдағы.

Хат боп саған ең алғаш ұшып жетті,

Алғашқы жыр махаббат жайындағы.

Сезім үшін айналғам тас кереңге,

Шегінбеймін кетсе де қоғам кері.

Өзің әкеп енгізген басқа әлемде,

Өмір сүріп келемін содан бері.

 Талай мәрте жана алмай сөніп едім,

Оқи алмай бір сырды көзіңдегі.

Қияли боп біреуге көрінемін,

Есалаң ғып жіберген сезім мені.

Дәл сен сынды нұры бар реңінде,

Ғашық болып көріп ем басқа қызға.

Сағынышты маздатып жүрегімде,

Қайта оралдым жанардан жасты ағыза.

 Күрең күннен көңілге наз ап құшақ,

Сыбағама салады дала сұрау.

Өлең болып сен мені азапқа сап,

Айналдырып ақынға аласың-ау...

Сурет: 4mphone.ru

2234 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 08 маусым 2012, 19:57
Пікірлер
+0
08 маусым 2012, 20:39

Өлең болып сен мені азапқа сап,

Айналдырып ақынға аласың-ау...

+0
08 маусым 2012, 21:00

Дәл сен сынды реңі бар реңінде :)

+0
08 маусым 2012, 21:14

Жаны таза, ары-өлең Шерханнан әдебиетке деген бір адалдық сезіледі. Өлеңің де өзің сияқты жайдары болсын! Өлең өгейсімесін, жаным!

+0
08 маусым 2012, 23:04

Бағашардың братишкасы малодец!

+0
09 маусым 2012, 12:18

Өзің әкеп енгізген басқа әлемде,

Өмір сүріп келемін содан бері...

+0
09 маусым 2012, 17:48

жақсы өлең екен... Ұнады. Ойландырды,,, Шынайылығы басым әрі сезімін қарапайым сөздермен жақсы жеткізіпті...

+0
21 маусым 2012, 15:04

жарайсың,Шерхан!!! "Ересек қызды" оқып талай аудиторияларды "жарып" жүр ғо

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...