Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Қаяулы көңілімдегі қарындасым ең...

Қаяулы көңілімдегі қарындасым ең...

Қаяулы көңілімдегі қарындасым ең...

Қымбатты танымы кең, талғамы биік оқырман! Әдебиет бөлімі ашылғалы бізге жіберілген туындылар легі толастар емес. Сөз қадірін біліп, әуенін сезінетін жаны сезім мен сырға толы оқырмандарымыздың көп екеніне көз жеткізудеміз. Бүгін назарларыңызға жас сатирик Бағашар Тұрсынбайұлының лирикалық өлеңдерін ұсынып отырмыз.

Күнді өпкен аспанның,
Бұлтын барып сүйгенмін.
Жарқылдаған жасынның
Отыменен біргемін.

Сағыныштар — ғасырлар,
Шақырымдар қанша мың.
Мен де өзімше есерсоқ
Һәм қаһарлы патшамын.

Әміріме құлдық ұр,
Ей, адамдар, мыңдаған.
Мен емеспін сендерге
Патшалығын бұлдаған.

Қара болып сендердің
Қастарыңа түнегем.
Босағамда сығалап
Маған қарап тұр өлең.

Неге жазам, сені өлең,
Кім оқиды өзіңді?
Еске салып тұрасың
Менің ақын кезімді.

Жаралғанын не үшін
Ұмыт қылды бұл ғалам.
Қайран менің өлеңім —
Сағыныштар сыздаған.

Сені сүйдім, өлеңім,
Ғұмырымның басы деп.
Әміріңді жырлауға
Аллам, өзің нәсіп ет.

 

****

Аялы қарындасымның

Кірпігін суламасам екен

Аяулы қарлығашымның

Арманын былғамасам екен.

 

Алланың бұйрығыменен

Шалғайда бұйығып өстік.

Жалғанның шындығыменен

Шамданып, ширығып өстік.

 

Кешірші, қарақатым-ай,

Жүзіңнен айналдым нұрдай.

Жүректе жарақатым-ай,

Солқылдап аурады сыздай.

 

Көрсем ғой түсімде күнде,

Көзіңнен сезілмей мұңлық.

Оранып сағыныш жырға

Өмірде кезікпей жүрдік.

 

Сен менің жүрегімдегі

Өлмейтін үміт жүрексің.

Сен менің көңілімдегі

Өзгеден  сүйіктіресің.

 

Шырағым, шуағым менің,

Тәттімсің сезбейтін ешкім.

Жанарым, құрағым менің,

Қаттымсың төзбейтін ешкім.

 

 

Бойыма ғаламат күшпен

Қанымдай жігер беретін.

Мен саған сенемін, күнім,

Ханымдай сүйеу көретін.

 

Сапарлар күтіп тұр алда

Жүректің сеніміменен.

Ғұмырың сәулелі болсын

Алланың мейіріміменен.

 

Мен сені іздегем талай

Өмірден, жарығым, шыным.

Сағымы боп кетіп жүрме

Ағаңның сағынышының.

 

***

Анаңның жүрегіндегі,

Ағаңның тілегіндегі.

Қабырғам қайысатын,

Қаяулы көңілімдегі

Қарындасым ең.

 

Анаңның жігеріндегі,

Тәңірдің тірегіндегі.

Алланың рахымынан

Ағаңның тілеуіндегі

Қарындасым ең...

 сурет: to74.rosreestr.ru

1161 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 28 мамыр 2012, 18:55
Пікірлер
+0
28 мамыр 2012, 18:41

Сағымы боп кетіп жүрме Ағаңның сағынышының...

+0
28 мамыр 2012, 18:42

Сағыныштар — ғасырлар!

+0
28 мамыр 2012, 18:48

Шам – шырақ түнім.
Ғашық – дастаным,
Бал – шуақ күнім.
Менің тұлымым –
Сенің бұрымың.
Мен мені сүйдім, алма бет ару..."Алма бет аруға" шығарға тағы да өлеңдерің көп-ау қойын кітапшаңда, ақтарсаңшы бәрін

+0
28 мамыр 2012, 18:48

шығарған

+0
28 мамыр 2012, 22:03

алма бет аруға жазғандарымды берсем ұят қой

+0
28 мамыр 2012, 19:00

бірінші өлеңде ақындарды жоғары қойып отырған сияқтысың :roll: :roll:

+0
28 мамыр 2012, 19:18

Кешірші, қарақатым-ай,

Жүзіңнен айналдым нұрдай...

+0
28 мамыр 2012, 21:54

рахмет! ақындар қандай адам екенін өздері де түсіне алмай жүр...

+0
29 мамыр 2012, 01:48

Қаламың ұштала берсін Баке.

+0
29 мамыр 2012, 14:20

Мен сені іздегем талай

Өмірден, жарығым, шыным.

Сағымы боп кетіп жүрме

Ағаңның сағынышының. :!: әдемі екен!

+0
29 мамыр 2012, 15:30

:!: :!: :!:

+0
29 мамыр 2012, 18:12

Ақындардың таусылмасын ақ жыры :!: :!: :!:

+0
30 мамыр 2012, 00:31

рахмет, жандарым

+0
02 маусым 2012, 09:03

Қарындасыңызға арнаған өлең ұнады. Осындай жырлар көп болса ғой...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...