Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Өз жаным ғой - жалғызым, жалмауызым!

Өз жаным ғой - жалғызым, жалмауызым!

Өз жаным ғой - жалғызым, жалмауызым!

Өлең өлкесіне қадам басып, өзіндік өрнек салғысы келіп жүрген жас ақын - Еркежан Жұматаева.  Бір оқығаннан-ақ, өлеңдері адам көңілінің түкпір-түкпіріне кіріп, сауал ұрттатып, тәтті мұңмен тербейді. Сізді симфония әлемінің мұңлы әні еріксіз ойға қалдырады.

Өзіме өкпе..

Тұрақтылық жоқ деймін неге менде,

Қурап барып, көктеймін, көгерем де..

Бақыттың да өзі кеп бұралаңдап,

Кері тартар келгенде жеме-жемге..

Машықтанып кеткендей бұған басым,

Сәтсіздік мейлі, мейлі бұғауласын!

Өзім барып қайғыға тап болам-ау,

Мен құмармын,

Көк боран,

Тұманға шын!

Айналмасым белгілі бірегейге,

(Қырлы өлең де сыр береді бұл өгейге..)

Мен болдым ғой ақыры, аяғында,

Нұрсыз адам, шүркіт те, шүрегей де!

Мен жылаймын жасқа толып екі етегім,

Жауларыма кектенем, кекетемін!

Мойындаймын жалғанның заңдылығын,

Расымен,

Кеңге кең, тарға тар екенін!

Кездеріме налимын: сүйген, күткен,

Шабуылсыз шынығып шаптығамын,

Жерге емес, жетеме тигендіктен,

Жанай кетсе, шоқпарымды ап (алып)тұрамын!

Зәрем қалмас сынғанына бір шынының,

Төмендеген еңсемді биік қылам.

Маған қымбат, баянсыз бақ, тіршілігім,

Жек көрсем де, өзімді сүйіп тұрам..

Талай-талай мұздарда тайғанадым,

Жарғаным жоқ еншімдегі бар қауызын,

Тағдырымнан қатыгез айналамын,

Өз жаным ғой - жалғызым, жалмауызым!

*    *    *

Жалғыздығым-ай

(оңаша қалғандағы ой)

Менің жалғыздығымда, ай емес, ғасыр жыл жатқан,

Өткен күндерімде бір сырлар бартын мұңдатқан.

Кеудемді керген, күйдірген, қажап, өртеген..

Жалғыздығымның салмағы деген зіл батпан.

Алдаусыратқан..

Жалғыз екенмін анықтағаным,

Тыраштанады ұмтылып көкке жарыққа жаным.

Мені жұбатқан, бір күндік кейіпкерлерге,

Құсалығымды жеткізе алмай налып барамын!

Ауып барамын,

Сұр тағдырымның жалаң желімен.

Көптігіме иланып, соған сеніп ем..

Кіндігімді кескен кезінде анамнан бөліп,

Жалғанда мына жалғыз екенмін содан бері мен!

Мойындамадым, қорықтым, жасырған едім,

«Жалғыздықтан құтылу» басымда менің..

Жолаушылармен,

Сал-серілермен тілдесе қалсам,

Шынайы ұғып, ғұмырлық қасымда дедім..

Сонда да бірақ, ойымда күдік қалмайды бөтен,

Бір қайраттылық, сендіріп мені жалғайды бекем!

Қасымдағы бір жанға барып бетімді ашып,

Орала кетіп, егіле жылай алмайды екем!

Содан кейін де, салмағын салар, құлыққа әрі,

Есімді жиам, сәл есенгірем ұғып наланы.

Күнаһар бейне, мен құшатын жалғыз сәттерде,

Қырын қырланып, бұлыңғырланып, бұғып барады.

Сол бейне жүрер, түсімде жиі гүл теріп маған,

Жалғыздығыма жығылады кеп, білтелі санам.

Кеудем шаншиды, көтере алмай, тізем бүгіліп,

Әлсіреп келіп, бүрісіп барып, бүркеніп қалам!

Өмір шындығы барлық байланыс тектен-тек делік,

Мен сүйсінем жалғыздығыма өкпелеп келіп.

Бекінген екем, жетілген екен жылай да алман,

Батылдандым-ау жалғыздығыммен бетпе-бет келіп!

Суреттер Еркежан Жұматаеваның жеке мұрағатынан алынды

1095 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 25 мамыр 2012, 19:31
Пікірлер
+0
25 мамыр 2012, 19:23

керемет....

+0
25 мамыр 2012, 19:23

Машықтанып кеткендей бұған басым,

Сәтсіздік мейлі, мейлі бұғауласын!

Өзім барып қайғыға тап болам-ау,

Мен құмармын,

Көк боран,

Тұманға шын!

+0
25 мамыр 2012, 21:06

Күшті! Еркежанның өлеңдері ұнайды. :)

+0
25 мамыр 2012, 22:58

Өлеңің жақсы.Талай-талай мұздарда тайғанадым,

Жарғаным жоқ еншімдегі бар қауызын,

Тағдырымнан қатыгез айналамын,

Өз жаным ғой - жалғызым, жалмауызым!

+0
28 мамыр 2012, 00:42

Өзі әлі жап жас, бірақ жалғыздықты сезініп үлгеріпті, Мынадай жырларды жалғыздықты баснан өткергендер ғана өмірге әкеле алатын сияқты!

+0
29 мамыр 2012, 18:19

Маған қымбат, баянсыз бақ, тіршілігім,

Жек көрсем де, өзімді сүйіп тұрам.. :(

+0
29 мамыр 2012, 18:20

өте әсерлі екен!

+0
19 қыркүйек 2012, 11:19

тамаша Аққұба қыз

+0
12 қазан 2012, 19:29

Сал-серілермен тілдесе қалсам,

Шынайы ұғып, ғұмырлық қасымда дедім.. Ай ай ай ай ай Сал- серілер мен жігіт ақындарға жақындама... Ол сіздің мұңды біздің мұңды түсіне алмас...

+0
09 наурыз 2013, 16:32

"...Бақыттың да өзі кеп бұралаңдап,
Кері тартар келгенде жеме-жемге..."
Керемет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оралым, менің оралым!
Оралым, менің оралым!

Орал қаласының тарихы бай, өткені өнегелі, келешегі жарқын.

Философия қазақша пәлсапа ма?
Философия қазақша пәлсапа ма?

философияқазақша философияпәлсапа пәлсапа ғылым

Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы
Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы

Әйел затының жаратылысындағы ерік-жігердің мықтылығы

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...