Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Ақын Мақпал Жұмабай тыңдармандарымен кездесті (ВИДЕО)

Ақын Мақпал Жұмабай тыңдармандарымен кездесті (ВИДЕО)

Ақын Мақпал Жұмабай тыңдармандарымен кездесті (ВИДЕО)

Кеше, яғни, 31 мамыр күні, ақын Мақпал Жұмабай Алматыдағы тыңдармандарымен шағын кездесу өткізді. Қазақстан жазушылар одағы ғимаратында өткен жиынға Мақпалдың шығармашылығына қызығушылық білдірген 30-ға тарта адам жиналды.

Олардың ішінде Бейбіт Сарыбай, Ерлан ЖүнісБағашар Тұрсынбайұлы, Шерхан Талап, Асылхан Төлегенов, Жақсылық Қазымұратұлы секілді шығамашылық адамдары да болды.

ва

ва

про

пр

апр

Ақын жиылғандарға өлеңдерін ұсынбастан бұрын шығармашылығы туралы аз-кем әңгіме айтып берді. "Қазақтың ақындық дәстүрі туралы сөз қозғап бір ғасыр кейінге көз салсақ, бабаларымыздың өз өлеңдерін қолдарына музыкалық аспап алып, мақамдатып жеткізгендігін көреміз. Ол дәстүр қазір де ел ішінде бар. Бірақ кең таралмаған. Мен осы дәстүрдің жаңашыл жалғастырушысымын", - деді ол. Ақын, осы себепті, жиылғандарды кешке музыкалық тұрғыдан көз салып баға бермеуге шақырды.

апр

ап

пар

"Бұны елге түсіндіру керек. Мені көбі бард әнші деп қабылдайды. Бұл пікір дұрыс емес", - деп Мақпал өзінің композитор да, орындаушы да емес, тек өлеңдерін мақамдатып айтатын ақын екендігін жеткізді.

Ақын, бұдан бөлек, өлеңдерінің мақаммен бірге туатындығын да айтты. "Мен оны (өлеңді - ред.) солай қабылдаймын, солай жазып қоямын, сосын сіздерге орындап беремін", - деді ол.

ва

ап

Тыңдармандарға ең бірінші ақынның "Қара жәшік" атты шығармасы ұсынылды. "Әр адамның ішінде ешқашан ашылмайтын, ешкім аша алмайтын бір-бір қара жәшік болады", - деді Мақпал Жұмабай.

Мақпал Жұмабай. "Қара жәшік"

Бұдан кейін жиылғандар ақынның "Мақпал шер" атты өлеңін тыңдады. Ақын өлеңінде кішкентай қыздың бейнесіндегі персонаж арқылы туған елінің болашағына алаңдаушылық білдіріп, Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетеді.

Мақпал Жұмабай. "Мақпал шер"

Айта кетелік, кеште Мақпал ғана емес, жыр тыңдауға келген қонақтардың ішінен суырылып шыққан шыққан ақындар да өлең оқыды. Мәселен жақында ғана жыр кітабының тұсауын кескен Жақсылық Қазымұратыұлы "Мені сүйген бір қыз бар" өлеңін оқып берсе, ақын Шерхан Талап "Жайыққа жаяу тартып кетсем бе екен?" өлеңін оқыды. Бұдан бөлек Алматыға Ақтөбе, Орал, Көкшетау қалаларынан қонақ болып келген жас ақындар да тыңдармандарды өз шығармашылықтарымен таныстырды.

Мақпал Жұмабай. "Қарсылық"

Кеш соңында Мақпал бір айдан соң жеке сайтының ашылатындығын қуанышпен жеткізді. Оның айтуынша, оқырмандар сайттан мақамды жырлардың кәсіби студияда жазылған аудио нұсқаларын тыңдауға мүмкіндік алатын болады.

Мақпал Жұмабай. "Мұңды ғасыр"

Бұдан соң жиылғандар ақынмен естелік суретке түсіп, оған алғыстарын айтты. Ақын Мақпал Жұмабай да тыңдармандарға алғысын айтып, ізгі пейілін білдірді.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Еркебұлан Қайрахан

видео: ©Еркебұлан Қайрахан

2575 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 31 мамыр 2013, 21:39
Пікірлер
+0
02 маусым 2013, 08:38

Керемет кеш!

+0
02 маусым 2013, 08:57

дауысы жағымды екен. Әншілерден кем түспес. :)

+0
03 маусым 2013, 00:54

дауысы керемет, тіпті кейбір әншісымақтардан да артық айтады екен, жарайсыз!!!!

+0
04 маусым 2013, 12:47

Жақсы кеш екен, барып тыңдауға құлық жоқ боп жүргені болмаса...

+0
10 қараша 2013, 14:29

Мақпал Жұмабайдың "Мен енді Жерге өкпелемеймін, өйткені онда сен барсың Ана" өлеңі Қарағандылық ақын Айзада Рақымжанованың "Мен енді Жерге өкпелемеймін , өйткені онда сен барсың Жаным" өлеңінің көшірмесі секілді, бәлкім, керісінше?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...