Ақын Жақсылық Қазымұратұлының екінші жыр жинағы жарық көрді

Ақын Жақсылық Қазымұратұлының екінші жыр жинағы жарық көрді

Кеше, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде журналистика факультетінің төртінші курс студенті, ақын Жақсылық Қазымұратұлының екінші жыр жинағының тұсауы кесілді. Жыр жинақ "Нұр Пинт 75" баспасынан мың данамен жарық көрді. Тұсаукесерге Жақсылықтың қаламдас бауырлары мен қазақ поэзиясында аты танымал ақын-жазушы ағалары келді. Солардың ішінде Кәкен Хамзин, Аманхан Әлім, Құл-керім Елемес, Әмірхан Балқыбек, Шоқан Шортанбаев, Мұрат Шаймаран, Дәулетбек Байтұрсын, Серік Нұғман, сазгер Ербол Әбен, Ырысбек Дәбей, Мақсат Мәлік, Ерлан Жүніс, Мұратхан Шоқан да бар. 

Ақыннан қолтаңба

Жақсылық Қазымұратұлының екінші жыр жинағының тұсауын Аманхан Әлім мен Кәкен Хамзин кесті.

Ақын Әмірхан Балқыбек Жақсылықтың поэзиясына шолу жасап өтті.

Дәулетбек Байтұрсын аға ақын інісінің шығармашылығы жайлы әңгіме өрбітуде.

Қонақкәде ұсынған қонақтар

Ақын Жақсылық Қазымұратұлы жыр оқуда


] 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: Ақерке Әбілхан

А. Әбілхан