Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Әлемдегі ең қысқа әсерлі әңгімелер

Әлемдегі ең қысқа әсерлі әңгімелер

Әлемдегі ең қысқа әсерлі әңгімелер

1. Джейн Орвис. «Терезе».

Ританың жан түршігерлік қазасынан соң... Содан бері Картер терезе алдында отыр.

Ешқандай теледидар, оқу, хат алмасусыз. Оның өмірі - перде артынан не көрінсе - сол.

Кім тамақ әкеледі, есепшотты кім төлейді - оған бәрібір. Бәріне түкіргені бар және бөлмесін тастап кетпейді.

Оның өмірі - жүгірген дене шынықтырушылар, жыл мезгілінің ауысуы, жүріп-тұрған автобустар мен Ританың елесі. 

Картер үзікпен қапталған палата ішінде терезе жоқтығын түсінбейді.

2. Лариса Керкленд. «Сөз салу».

Жұлдызды түн. Уақыты келген сәт. Шам жарығымен кешкі ас. Моп-момақан италиялық мейрамхана. Төгіле түскен кішкене қара көйлек. Таңғажайып шаш үлгісі, жарқыраған көздер және оған жалғас күміс күлкі. Екі жыл біргеміз. Ғажайып уақыт! Шынайы махаббат, ең жақсы досым... Басқа ешкім жоқ. Шампан! Қолымды да, жүрегімді де ұсынып тұрмын. Бір тізерлеп. Адамдар қарауда? Онда тұрған не бар, қарай берсін! Көздің жауын алған гауһар жүзік. Алқызыл бет, ғажайып жымию.

Қалайша, жоқ?!

3. Чарльз Энрайт. «Елес».

Орын алған жайттан соң бірден әйеліме қайғылы хабарды жеткізгім келіп үйге асықтым. Бірақ, ол мені тіптен тыңдап отырмаған көрінді. Ол менің бар-жоғымды да елемеді. Менің арт жағыма көз тастады да, өзіне шарап құйып алды. Теледидар қосты.

Осы уақытта телефон қоңырауы шылдыр ете қалды. Жақындап барып, телефон тұтқасын алды.

Мен оның қабағы қалай шытылып бара жатқанын көрдім. Ол ащы жылап жіберді.

4. Эндрю Э. Хант. «Алғыс».

Жақында ғана қайырымдылық қорынан келген жүн одеяло иығынан жайлы құшақтап, жаймашуақ сезімге бөледі. Ал қоқыс жәшігінен бүгін тауып алған бәтеңкелер мүлдем аяқты қыспауда.

Көше оттары бастан өткен барша қараңғы түнектен соң жанға жайлы жылу сыйлап тұр...

Ағаш отырғыштардың белі шаршап-шалдыққан арқасына соншалықты таныс болып көрінді.

"Рақмет саған, Тәңірім, - ойланды ол, - өмір неткен тамаша!"

5. Брайан Ньюэлл. «Ібілістің қалауы».

Іргесін аулақ салған ібіліске екі бала қарап тұрып қалды. Гипнозды көздердің жарқылы бастарын әлі тұмандатып тұр.

- Тыңда, ол сенен не қалады?

 - Менің жанымды. Ал сенен?

- Телефон-автоматқа майда тиын-тебен сұрады. Тез арада хабарласуы керек екен.

...

- Кеттік, тамақтанғың келіп тұр ма?

- Иә, бірақ менің қалтамда көк тиын қалмады ғой.

- Ештеңе етпейді. Менде жетерлік.

6. Алан Е. Майер. «Қырсық».

Меңдеткен ауыр дертпен бірге көзімді аштым. Көзімді ашып едім, кереует қасынан медбикені көрдім. 

- Фуджима мырза, - деді маған қарап, - Сіздің жолыңыз болды. Екі күн бұрынғы Хиросиманы бомбалау кезінде аман қалдыңыз. Енді сіз қазір ауруханадасыз. Енді сізге еш қауіп жоқ. 

Әлсіздіктен әл-дәрменім құрып жатып, сұрап үлгердім:

- Мен қайдамын?

- Нагасакидесіз, - деп ол тіл қатты.

7. Джей Рип. «Тағдыр».

Бәрін басқалай шешу үшін бізде бір ғана жол қалған болатын. Әйтпеген жағдайда өміріміз шырмауық түстес бір торға шырмалып, барлық рақаттан құр қалатын едік. Жеребеге сеніп тапсырдық: бүркіт - онда біз үйленеміз, шік - онда біз мәңгілік айырылысамыз.

Мәнет тасталды. Жер үстінде айналып, толғанып барып тоқтай қалды. Бүркіт.

Екеуміз еш түсінбей қарап қалдық.

Артынша, бір уақытта бір сөзді айтыппыз:" Мүмкін, тағы бір мәрте?"

8. Роберт Томпкинс. «Шындықты іздеу жолында».

Ақыры осы бір тып-тыныш, оңаша жатқан елді-мекенде оның сапары аяқталды. Ескі үйдің есік алдында от жағып Шындық отыр.

Ол өмірінде мұнан асқан кәрі әрі ұсқынсыз әйел баласын көрген емес.

- Сіз - Шындық?

Бет-аузы әжімденіп кеткен кәрі қақпас салтанатты түрде бас изеді.

- Айтсаңызшы, мен әлемге нені жеткізуім керек? Қандай хабар алып барайын?

Кемпір отқа түкірді де тіл қатты:

- Оларға менің әдемі әрі жас екенімді айта бар!

9. Август Салеми. «Заманауи медицина».

Көзді шағылыстырған фар шамы, естен тандырған сай-сүйектің сықыры, сүйектен өткен сызат, шегіне жеткен жан қинау, азап, содан кейінгі жып-жылы, тән еліткен таза көк сәуле. Джон өзін мұншама бақытты, жап-жас, еркін сезініп көрген емес. Сәулелі шұғылаға жақындай түсті.

Дерт пен қараңғылық ертелі-кеш қайта оралды. Джон жаймен болса да, үлкен күшпен ісініп кеткен көзін ашты. Бинттер, түсініп болмас трубкалар, гипстер. Екі аяқ бұрын-соңды жоқ болғандай. Жыламсыраған жары.

- Сен аман қалдың, қымбаттым!

сурет:think8.org

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

8827 10
Рейтинг: +7

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 12 наурыз 2013, 22:42
Пікірлер
+0
12 наурыз 2013, 18:53

сөз жоқ керемет ой! Керемет, керемет, керемет!

+0
12 наурыз 2013, 19:04

Шындықты іздегім келмей қалды. Хиросима туралы әңгіме әсерлі екен :)

+0
12 наурыз 2013, 21:05

Хиросимадан аман калдыныз дейди еки кун бурын...сонда еки куннен кейн сол куни нагасакига да бомба тастады..олди деген соооооз :roll: :roll: :roll:

+0
12 наурыз 2013, 19:07

- Сен аман қалдың, қымбаттым! Бір сөйлем - бір өмір!

+0
12 наурыз 2013, 19:39

барлығы да әсерлі өте күшті жазылған әңгімелер :!:

+0
12 наурыз 2013, 19:39

2 мен 6 нағыз қысқа әңгімелер

+0
12 наурыз 2013, 20:34

Өте жақсы!

+0
12 наурыз 2013, 21:01

Қысқа ғана оймен адамның эмоциясын бере білген

+0
12 наурыз 2013, 22:57

маған 2 мен 7 ұнады)))

+0
21 наурыз 2013, 00:44

Мазмұнның 50 пайызын тақырып ұстап тұр) көбісінде)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...