Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Габриэль Гарсиа Маркестің хаты

Габриэль Гарсиа Маркестің хаты

Габриэль Гарсиа Маркестің хаты

Егер Құдай тіршіліктің қуыршағы екенімді қас-қағым сәтке ұмытып, маған кішкене ғана ғұмыр сыйласа... Онда мен өзімнің не ойлағанымның бәрін айтпай, айтып жатқанымның бәрін ойланар едім. Мен заттардың бағасына қарап емес, олардың адам үшін қаншалықты маңызды екенін ескере отырып, бағалар едім. Онда мен әр минут сайын көз жұмғанда 60 секунд жоғалтатынымызды түсініп, аз ұйықтап, көп армандар едім. Онда мен басқалар бір орында тұрғанда, жүрер едім. Басқалар ұйқыға кеткенде, ұйықтамас едім. Басқалар сөйлеп жатқанда, тыңдар едім.

Тіл үйірген шоколад балмұздағының керемет дәмінен ләззат алар ма едім!!!

Егер де Құдай бір сәттік қана ғұмыр сыйлайтын болса, онда мен қарапайым киінер едім. Күн астында қыдырып, жан жылытқан жылулық үстіне денемді ғана емес, жанымды да қоса қояр едім. О, Құдайым, егер менде жүрек болар болса, онда мен бүкіл өшпенділігімді мұз үстіне жазып, күн шыққанын күтер едім... Онда мен роза тікенектерінің жанымды ауыртуы үшін және әп-әдемі жапырақтарының сүйер алдындағы діріл қаққан еріндері үшін мен оларды көз жасыммен суарар едім. О, Құдайым, егер де менің титімдей ғана өмірім қалар болса, онда мен өзім ең қатты жақсы көретін адамдарға оларды жақсы көретінімді бір күн қалдырмастан айтпастан тұра алмас едім.

Онда мен өзіме қымбат жандардың әрқайсысын көзімде тұрған махаббатқа сендіріп және махаббатқа ғашық болып өмір сүрер едім. Онда мен қартайғанда ғашық болудан қаламыз деп қате ойлайтын адамдарға ғашық болудан қалғанда ғана қартаятындарын түсіндірер едім. Кішкентай балаға қанат сыйлап, өз бетімен ұшып үйренуіне мүмкіндік берер едім. Шалдарға өлімнің қартайғанда емес, айтар ән таусылғанда келеріне сендірер едім.

Мен қаншама нәрсені сендерден үйрендім, Адамдар! Мен әр адамның тау шыңында өмір сүргісі келетінін, ал шын бақыттың түсіп келе жатқан жолда болатынын білмей-ақ өмір сүре беретінін ұғындым. Мен адамның сол адамның төбесінен биікке шығуына көмектескен жағдайда ғана қарауға құқығы бар екенін түсіндім. Және сендерден үйренетін қаншама нәрсе бар екен әлі, адамдар! Шындығына келсек, одан маған келіп кетері шамалы. Өйткені, мені осы бір чемодан ішіне салған уақытта, өкінішке орай, өліп қаламын. Сендерден қаншама нәрсеге үйрендім, адамдар! Шынында да, келіп кетері шамалы-ақ. Себебі, чемодан ішін соған толтырып, мен өлемін.

Әрқашан сезінгеніңді ғана сөйле және ойлағаныңды ғана істе. Егер мен сені бүгін соңғы рет көріп тұрғанымды білсе ғой, онда мен сені құшағымның астына алып, он сегіз мың әлемді жаратқан Құдайдан сенің қорғаушың қып жіберуін өтінер едім. Егер мен сенің есіктен соңғы рет шығып тұрғаныңды білсем, онда мен сені қатты құшақтап, ұзағынан сүйіп және өзіме қайта-қайта шақыра берер едім. Егер мен сенің даусыңды соңғы рет естіп тұрғанымды білсем, онда мен қайта-қайта тыңдай беру үшін сен айтқанның бәрін таспаға жазып алар едім. Егер мен сені соңғы рет көріп тұрғанымды білсем, онда мен мына сөздерді айтар едім: «Мен сені жақсы көремін!» 

Әрқашан ертеңгі күн бар. Бәрін дұрыстау үшін Өмір бізге тағы да бір мүмкіндік береді. Егер қателесіп тұрсам және осы күн ғана өмірім қалса, онда мен саған өзімнің қалай қатты жақсы көретінімді, ешқашан жадымнан шығармайтынымды айтқым келеді.   

Еңбектеген бала да, еңгейген шал да ертеңгі күннің атар-атпасын білмек емес. Бүгін өзің жақсы көретін адамдарды соңғы рет көріп тұрған болуың мүмкін. Ендеше, еш нәрсені күтпе. Бәрін қазір жаса. Әйтпеген жағдайда, осы күн дәм-тұзың таусылар болса, онда сен бір күлкіге орын табылмаған күндер үшін... Бір-ақ мәрте құшақтау мүмкіндігі үшін... Бір ғана сүйіске орын табылмаған сәттер үшін өкінетін боласың. Иә, соңғы тілекті орындауға қолың мүлдем тимеді деп санауға болады...

Өзіңе жақын адамдарға әрдайым қолдау көрсетіп, жақсы көретініңді үнемі сыбырлап айтып, әрқайсысын аялап ұстауға тырыс. «Кешірші», «Өтінем», «Ренжімеші», «Рақмет» секілді сөздерді айтуға бос уақыт тап. Мұның бәрі сен білетін махаббат сөздері. Сені ешкім де ойың үшін есте сақтамайды.... Сені ешкім де ойың үшін есте сақтамайды... Сені ешкім де ойың үшін есте сақтамайды...

сурет:ei1a.livejournal.com

Хатты аударған: Фараби Арыстанбек

3223 13
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 05 наурыз 2013, 14:13
Пікірлер
+0
05 наурыз 2013, 14:49

Сені ешкім де ойың үшін есте сақтамайды... Сені ешкім де ойың үшін есте сақтамайды... Қандай әсерлі хат!!!

+0
05 наурыз 2013, 14:52

Онда мен басқалар бір орында тұрғанда, жүрер едім. Басқалар ұйқыға кеткенде, ұйықтамас едім. Басқалар сөйлеп жатқанда, тыңдар едім.

+0
05 наурыз 2013, 15:01

"Сто лет одиночества" күшті әсер еткен еді кезінде маған

+0
05 наурыз 2013, 15:02

еш нәрсені күтпе. Бәрін қазір жаса

+0
05 наурыз 2013, 16:35

О, Құдайым, егер менде жүрек болар болса, онда мен бүкіл өшпенділігімді мұз үстіне жазып, күн шыққанын күтер едім...) қандай мағыналы әсерлі еді.

+0
05 наурыз 2013, 22:27

жақсыы..

+0
08 наурыз 2013, 02:44

орысша нұсқасы қатты әсер еткен...никто не запомнит тебя за твои мысли...

+0
08 наурыз 2013, 15:35

Сені ешкім де ойың үшін есте сақтамайды. дегенді түсіне алар емеспін

+0
10 наурыз 2013, 18:19

тамаша ойлар шеруі...хат деуге қимайсың!

+0
10 наурыз 2013, 18:52

Әсерлісін-ай...

+0
14 наурыз 2013, 10:29

керемет аударма, Фараби, жарайсың!

+0
30 наурыз 2013, 17:58

Тұңғиыққа батырды-ау... Ғажап.

+0
10 сәуір 2013, 15:18

Маркестікі ме, басқаныкі ме, әйтеуір керемет хат, Фара, фейсбукте біраз шулаған соң арнайы ашып оқып едім, әсерлі екен. Ризамын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...