Ең қымбат автографтар

Ең қымбат автографтар

Бір кездері асығыс-үсігіс жай ғана парақшаға жазыла салған дүниелердің бірнеше уақыт өткеннен кейін ең қымбат әрі құнды дүниеге айналып кетуі мүмкін. "Қаламсаппен жазылғанды балтамен шауып тастай алмайсың" деген тегін айтылмаса керек. Forbes таяуда ғана дәл осындай сирек кездесетін және өте жоғары бағаланатын автографтардың тізімін жасап шығарды. Таныс болыңыз!

Джо Ди Маджо және Мэрилин Монро (191.200$)


Мэрилин Монро мен Джо Ди Маджоның некесі бір жылға жуық уақытқа ғана созылған. Күйеуінің қызғаныштық қасиетіне шыдамаған Мэрилин айырылысуды шешеді. Шулы жағдай Американы дүр сілкіндірді. Өйткені, атақты бейсболист пен ХХ ғасырдың ең сұлу әйелі жұртшылыққа идеалды жұп болып көрінетін. Өкінішке орай, олардың ортақ өмірінің нышаны ретінде ерлі-зайыптылардың қолдары қойылған бейсбол добы ғана қалды. Қос қарлығаштың автографы 2006 жылы Heritage Auction Galleries бәссаудасында сатылып кетті.

Уильям Шекспир (4,65 млн$)


Көптеген әдебиеттанушылар, тарихшылар немесе жай ғана қарапайым шығармашылық туындыларға табынушылар Уильям Шекспирдің тұлғалық құпиясын шешуге ұмтылып келеді. Бірақ бәрі бекер... Олардың айтуынша, Шекспир атымен ақын Кристофор Марло, Оксфорд графы Эдуарде де Вер, философ Фрэнсис Бэкон, Мария Стюарттың жазуы мүмкін екен. Мұның ақиқат болуы да мүмкін. Өйткені, дәл қазір Шекспирдің қолтаңбасының алты нұсқасы бар. Және оның әрбірі өте жоғары бағаға сұралады.

Джон Леннон (525 000$)

Джон Леннон мен Йоко Ононың бірлесіп жазған "Double Fantasy" альбомы 1980 жылы, яғни музыканттың өлімінен үш апта бұрын жазылған болатын. Оны Марк Чeпмен Джонды "Бульдог" деген тапаншадан атқан. Полиция келгенде мәйіттің жанында Селинджердің "Над пропостью во ржи" деген романын жайбарақат оқып тұр екен. Ұзынқұлақтың айтуы бойынша, Джон өлер алдында қылмыскердің өтінішімен соңғы жинағына автограф жазып берген. Гүл күбісінің ішінен табылған жинақ қылмыскерге қарсы айғақ ретінде қолданылды. Сот ісі аяқталысымен, қолтаңба қойылған жинақ Ф. Майклға қайтарылып беріледі. Ф. Майкл қайғылы оқиғадан кейін 20 жыл өтісімен, құнды дүниені аукционға шығарған.

Альберт Эйнштейн (74.324$)


Ұлы ғалымның мына бір суретін 1651 жылы фотограф Артур Сасс түсірген болатын. Ол кезде Эйнштейннің жасы жетпіс екіге жеткен еді. Фотограф ғалымнан камераға күлуін сұрағанда, ол тілін шығарады. Шығарылған суретті ғалым досы, тележурналист Говард Смитке сыйға тартады. Альберт Эйнштейн суреттің астыңғы бөлігіне: "Сіздерге осы қылығым ұнайды деп сенемін, өйткені бұл күллі адамзатқа бағытталған" деп жазған екен. Бұл сурет 2009 жылы 74.324 АҚШ долларына сатылады.

Джон Кеннеди (38.837$)

Джон Кеннеди 1963 жылы қараша айының жиырма екінші жұлдызында, яғни, өлімінен бірнеше сағаттар бұрын Далластағы "Техас" қонақ үйіне өзінің әйелімен бірге тұрақтайды. Джен Уайт есімді еден жуатын әйел дәлізде ұлы тұлғаны кезіктіріп қалып, автограф беруін сұрайды. Джон "The Dallas Morning News" атты жергілікті газеттің жаңа санына шыққан өзінің суретіне қол қойып берген. Осы оқиғадан жарты ғасыр өткеннен кейін Джозеф Маддален қолтаңбаны еден жуушы әйелдің қолынан 38.837 АҚШ долларына сатып алған екен.

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева