Әдебиеттің төрінен орын алғандар

Әдебиеттің төрінен орын алғандар

Назарларыңызға әдебиет саласында өз қолтаңбасын, өз есімін қалдыра білген ең үздік авторлар мен олардың туындыларын ұсынамыз.

Ең көп сұранысқа ие болған көркем әдебиеттер

"Қуыршақтар алқабы"("Долина кукол") романының авторы -  Жаклин Сюзанн. Роман 1966 жылы алғашқы және соңғы рет басылды. Алты айдың ішінде 6,8 млн. данасы сатылған.

"Қылжақбасты өлтіру" («Убить пересмешника») романының авторы - Харпер Ли. Кітап 1960 жылы жарық көрді.

"Желмен жоғалғандар" («Унесенные ветром») романының авторы - Маргарет Митчел. Ал Алистер Маклин өмірінде 30 роман жазған. Ұлыбританияда оның 28-інің 1 млн. данасы сатылған. Білесіз бе, әлемде сатылатын әрбір он сегізінші кітап - Маклинның туындысы екен.

Ең көп сұралған күнделік

"Анна Франктың күнделігі" - Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Амстердам жерінде ұлтшылдардан тығылған бойжеткеннің жеке өмірі, достары, отбасы туралы жазғандары. Күнделік 55 тілге аударылып, 25 млн. данасы тараған.

Ең ұзақ уақыт сұранысқа ие болған

М.Скотт Пектің "Жүрілмеген жолдар" шығармасы 694 апта бойы қызу сұраныста болған. Ол 1997 жылдың 6 сәуіріне дейін бестселлерлердің (үлкен сұранысқа ие коммерциялық кітап) тізімінен түспей келді. Кітаптың 5 миллионға жуық данасы таралымға шығарылған екен.

Ең көп шығарма жазған кім?

Бразилиялық жазушы Жозе Карлос Рьоки де Альпоим Инуэ өзінің ғұмырында 1046 ғылыми-фантастикалық романдар, вестерндер, триллерлер жазып шыққан. Оның кітаптары 1986 жылдың маусымы мен 1996 жылдың тамызының арасында жарық көрді.

Ең кәрі қаламгер

Сара және Элизабет Дэлэни есімді америкалық апалы-сіңлілер "Ағайынды Дэленилердің күнделікті тұрмыстағы даналығы" (The Delany Sisters' Bооk оf Everyday Wisdоm) атты кітаптарын 1994 жылдың қазан айында жазып бітірген. Ол кезде үлкені - 105-тен, кішісі - 103-тен асқан екен. Кейіннен Сара 107-ке толған шағында "107 жаста өзім туралы" деген кітапты жарыққа шығарды.

 

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева