Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Махаббат пен өмір

Махаббат пен өмір

Махаббат пен өмір

Бүлдіршіндей мөлдіреген жас қыз қос жанары мөлтеңдеп жігіт ағасы болып, әбден толысқан ердің қасында отыр. Ол жігітке: «Мен сені шын жүрегіммен сүйемін, сенімен бірге болсам ғана болғаны, қазір мен сені есімнен адаса сүйіп қалдым» деді.

Қарсысында отырған ересек ердің көздері ұзаққа қадалды. Өңінен көптеген ой ұшқындары жылт етіп қалады. Ол енді ғана 20 жасқа толған, өзінен 15 жас кіші жас қызға қарап ұзақ отырды. Терең тыныс алды да: «Сен осыншама сұлу, жассың, сенің айналаңда соңыңнан түсіп жүрген өзіңе лайық жас жігіттер өте көп қой. Қалайша менi мұнша сүйіп қалдың?» деп сұрады.

Қыз қос жанарын жігітке қадап, терең сүйіспеншілікпен: «Өйткені, олар жас, келбетті, мені қаншалық жақсы көргендерімен, сіз сияқты әр істе салмақты, әр істе нәтижелі, терең ойлы, қолынан үлкен істер келетін адамдар емес, нәтижесі шыққан бір істері, қызметтері де жоқ. Еш жұмыстың жөнін білмейтін бауырымды ертіп жүргендей боламын. Мен сіздің нағыз еркекке тән жан-жақты мінезіңізді, қолыңыздан көптеген жұмыстарды атқару келетінін, өмірге деген көзқарасыңызды, құн көзқарасыңызды, қысқасы мен кішкентай ұл бала емес, қайта сіз сияқты ересек, нағыз ерлерді сүйемін» деді мейірлене жымыңдап.

Еркек салмақпен оның жүзіне қарап: «Бірақ, менің жүрегімде саған титтей де орын жоқ. Сен сүймеймін. Менің өз сүйген жарым бар, әйелім бар. Ол дүниедегі ең ақкөңіл, ең сұлу, қадірлі адамым. Әйелім екеуміз дәл сен сияқты 20 жасымызды махаббаттасқанбыз. Мен де дәл сол сенің соңыңнан түскен жас жігіттер сияқты көп істердің жөнін білмейтін, алаңғасар, ойламсыз, балалығым күшті, қазіргідей табысты қызметім жоқ, соқа басым сопиған жан едім. Бірақ мен сүйген жан сен ойлағандай еш іс білмейді деп сөккен жоқ. Қайта, өмірімнің жастық, шалалық, қиындық кездерінде жанымда болды. Ұрсысқан кездерімізде татауласып, бір нанды бөліп жесек те бір асым ет жегендей бал татып жүрдік. Жұмысым сәтсіз болғанда, өмірден түңілгенде, арақ ішіп қаңғыбас достарыммен кеткенде, бәрінде сол жан мені құтқарған. Білген ақылын айтатын, жігерлендіретін, ұрсатын, қайта құшып сүйетін. Дәл сол аяулы әйелімнің маған серік болып жанымда жүргендігі арқасында мен бүгінгі күнге жеттім. Менде бәрі болды, өмір тәжірибесі де, салмақты мінез бен көзқарасым да, байлығым да. Мен бұл өмірде тек әйелімді ғана сүйемін» деп сөзін аяқтапты.

Сонда қыз: «Жоқ, менің қай жерім оған жетпейді? Ол мен сияқты жас па? Мендей сұлу ма? Менде сүйе ала ма сізді???» деп шыдамай өксіп жылап, жігіттің өзін құшағына алуын тілегендей болды. Бірақ, жігіт: «Оған дүниеде ешқандай әйел заты жетпейді. Ол сондай жас, сондай сұлу, мені соншама сүйеді. Ендеше уақыт та біраз жерге барған екен. Кетейік!» деп орнынан қозғалды. «Үйіңе жеткізіп қояйын» деді. Қыз: «Ендеше саған бақыт тілеймін! Тезірек үйіңе қайт, әйелің күтіп отырған шығар?!»

Жігіт үйіне келіп, үстел үстіндегі қайтыс болғанына бес жыл болған әйелінің суретін алып, ұзақ қарап тұрды. Суреттегі әйелін сипап, сүйіп қойды да, кең төсекке келіп, құлай кетті...

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sohu.com

4213 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 14 ақпан 2013, 09:20
Пікірлер
+0
14 ақпан 2013, 09:59

қыз оның өзін емес қазіргі күйін сүйіп тұрғаны бірден білініп тұр сөзінен. Аға өте ақылды екен, бірден түсінді. Бір жағынан әйеліне деген адал махаббаты да шығар. Қайтыс болғаны өкінішті...

+0
14 ақпан 2013, 10:09

shyn mahabbat turaly angimeler okysam juregim jylidy :)

+0
14 ақпан 2013, 12:02

Мейіржан қатты ғашық болып жүр-ау )))))

+0
14 ақпан 2013, 12:09

мына кыздыкы "дайын аска тiк касык" деген сиякты махаббатка уксайды екен. :?

+0
14 ақпан 2013, 12:51

мына қызды түсінбедім...

+0
14 ақпан 2013, 18:03

Тентек қыз дөп басып айттың. қосыламын сөзіңе

+0
26 ақпан 2013, 12:44

керемет! жигитке риза болдым осындай жигиттер коп болса гой ))))

+0
17 наурыз 2013, 19:08

Дәл осындай адам тек осы мақала да кездеседі, кейіпкер қыз сияқты қыздар өмірде жиі кездеседі. Ер адамдар әйелінің қадірін дәл осылай түсінсе, қазақ әйелінің бағы жанар еді...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...