Жол үстіндегі әңгіме

Жол үстіндегі әңгіме

Көңіліндегі сансыз сұраққа шешім таппай отырған жігіттің еңсесін отарбаның гүрсілі одан әрмен езе түскендей. Қарсы алдындағы кісі жол қысқартуды ойлап, әлгі жігітпен жөн сұрасты, өзінің экономист маман екендігін айтты. Әңгімелесе келе сыралғы достар сияқты шүйіркелесіп кетті. Жігіт өзінің жүрек түкпіріндегі түйткілін экономист жігітке жайып салды:

- Үйлі-баранды болғаныма жеті жыл болды. Балам 5 жасқа келді. Әйелім екеуміз университетте жүргенде бір топта оқыған, сүйіп қосылған жандар болдық. Ол ашық-жарқын, мейірімді адам. Ал, өзім бизнесте табысқа жеттім. Жағдайым жақсы. Бірақ, осыдан бір жыл бұрын бір бойжеткенге жолықтым, ол дәл менің қиялымдағы періште сияқтанады да тұрады. Оған ғашық болдым.

- Бұл іске қандай шешім жасамақсың? – деп сұрады экономист одан.

- Некеден ажыраспақшы болып жатырмын. Білмеймін, басым қатып жүр. Көңілім астаң-кестең. Не істерімді білмей жаным қиналуда, – деді жігіт.

- Әрине, күрделі талғамға жолыққан әрбір адамның ішкі жан дүниесі сұрапыл тартыстың туылуы табиғи, - деді экономист ойлана жауап беріп, - бірақ, экономика ілімі арқылы осы сұраққа талдау жасап көрсек, бәлкім сенің сұрағыңа жауап табылып қалар. Үлкен тапсырысты қолға алдың дейік. Сен оны орындап болдың. Жұмыс тапсырушы  жұмысыңа екі түрлі жолмен ақыл төлеуді ұсынды. Бірі 4 миллион теңгені бірден қолыңа береді. Екіншісі 6 миллион теңгені 10 жылға бөліп-бөліп төлеп отырады. Сен бұл екі жолдың қайсысын таңдайсың? – деді экономист жас жігітке.

- Бірінші жолды таңдаймын.

- Неліктен біріншісін таңдайсың?

- Өйткені, болашақ бұлыңғыр ғой, бірнеше жылдан кейін ол жұмыс берушілердің қандай жағдайға түсерін мен қайдан білейін. Олар қашып кетуі де мүмкін ғой. Оның үстіне он жылдан кейін 6 миллионның құны қазіргідей құн жаратпай қалуы да мүмкін, – деді жігіт жауап бере.

- Айтқаның орынды, қазіргі ақша болашақтағы ақшадан құнды. Осымен ұқсас қазіргі бақыт та болашақтағы бұлыңғыр бақытқа қарағанда әлдеқайда құнды. Өйткені, болашаққа болжам айту қиынның қиыны. Ол бойжеткен сенен бет бұрып, он жылдан кейін өзің сияқты тағы бір жігітпен кетіп қалса не істейсің. Сондықтан, сенің қазіргі бақытың тек 4 миллион теңге болғанымен, болашақтағы 6 миллионнан әлдеқайда құнды. Ол сенің шынайы, тек саған тиеселі бақытың.

Жігіт өзінің межелі жеріне жетпей түсіп қалды. Бұл сапары алыс қаладағы сол бойжеткенді іздеп бару жоспарымен келе жатқанын, енді ол ойынан қайтқанын айтты. Пойыздың гүрсілі оның бақыт туралы әрбір ойына жан бітіргендей, желпініп, алыс көкжиекке қадала қарап тұр...

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: activeme.ru

M. Auelkhan