Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Шарль Данциг: "Не үшін кітап оқу керек?"

Шарль Данциг: "Не үшін кітап оқу керек?"

Шарль Данциг:

Шарль Данциг – Франция жазушысы, Фрэнсис Скотт Фицджеральды және Оскар Уайльды француз тіліне аударушы. Бес романның, сегіз жыр кітабының авторы. Ол бүгінгі дәуір әдебиетінің, соның ішінде француз әдебиетінің жарқын өкілі ретінде танымал. Франция Университетінің «Шығармашылық» сыйлығын алған. «Не үшін кітап оқу керек» (2012) оның соңғы кітабы. Massaget.kz оқырмандарымен автордың «Не үшін кітап оқу керектегі» кітап туралы ойларымен бөлісуді жөн көрдік.

«Сөйлеу үшін кітап оқу», «Өш болу үшін кітап оқу», «Кітапты жарымдап оқу үшін кітап оқу» тіпті, «Оқып болғаны үшін кітап оқу» керек. Шарль Данцигтің кей пікірлері кісі ақылына сыймаса да, ол осындай пәлсәпаларымен бір кітап тәмәмдаған. Оның ойынша әр жағдай не іс кітап оқуды бастауға себеп болу керек екен.

Кітап оқу жөнінен ол өзін ең адал оқырман қатарына қосады. Оқырмандары Шарльдан оның шектен шығып кеткен-кетпегендігін сұрағанда, ол: «Франция ешқандай бір елді өзіне тең көрмейтін мемлекет, мен де ешкімді бойыма тоғытпаймын. Өйткені, мен осы ұлы Франция елінде дүниеге келген французбын. Менің ойымша барлық халық мен сияқты болуы керек»,-дейді. Кітап баспадан шығып, дүркіреп тұрған шақта Николя Саркози оны кешкі асқа шақырған екен. Ол тойтарыс беріп: «Мен әдебиетке шабуыл жасайтын, әдебиетті жатпай-тұрмай сөгіп жүретін президентпен бірге бір дастарханда отырғым келмейді» депті.

Ш. Данциг бүгінгі күнде кітап оқушылар қатарының күннен-күнге азайып бара жатқанын жақсы түсінеді: «Францияда сәтті шыққан бір кітап ел назарына ұсынылса, біз оның сатылуы 100 мыңнан асып кетті деп жалған ақпарат таратамыз. Шындығында, 63 миллион 900 мың франциялықтар ол кітапты қолына да алып көрмеген». Кітап – кітап оқитын адамдарды реал өмірден уақытша азат етіп, «Сырт әлемнен тарс бекініп, жалғыздық ішінде өмір сүретін адамның кісі таң қаларлық дәрежедегі рух шекарасыздығы бостығына мәңгілік ойларымен ортақтасатын» күй кешеді екен. Осы күй жақсы оқырманды жарқын тіршілікке қайта әкеледі. Ол өзі оқыған дүниелері ішінен өзінің шын келбетін тауып алғандай болады.

P.S

Әдебиет пен қоғамның ымыраға келе алмауы тек Қазақ еліндегі ғана жағдай емес екен. 64 миллион француз жұрты да осы трагедияны басынан кешуде. Герольд Бельгерше айтқанда: «Қазақ тілін қарабайыр санайтын надандық бұлтын сейілту үшін мынаны еске алу артық болмас: егер бір ғана «Абай жолында» Әуезов 16983 сөз қолданса, ал Шекспир мен Байронның барша лексиконы 15 мың сөзді құрайды. Демек, қазақ әдебиетінің дәмін көрмей жатып, әлемдік әдебиетке қол созудың өзі – ақмақтық» дегіміз келеді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: Автордың жеке сайтынан

7947 12
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 22 қаңтар 2013, 07:35
Пікірлер
+0
18 қаңтар 2013, 08:40

Оппа, сандар адам санасына айтарлықтай әсер ететіні дәлелденген, олардың бұл әдісі дұрыс :)

+0
18 қаңтар 2013, 09:12

Кітапты көп оқысаң ойыңда көп болады

+0
18 қаңтар 2013, 09:58

оқу керек екенін бәрі жақсы біледі, бірақ....

+0
18 қаңтар 2013, 12:12

әдебиетпен жақсы қоғам жасауға болады. Бірақ, біздің әдебиетшілерді оқуға көбісі қорқады. Өмірің улап алып жатқандар бар. Оның үстіне оқудан гөрі ақша табудың мәселесі күн тәртібінде тұр емес пе?

+0
18 қаңтар 2013, 13:06

Субтитрмен сериал көріңдер. Бір жағынан оқып отырасыңдар, екінші жағынан фильм қарайсыңдар :lol:

+0
23 қаңтар 2013, 18:21

сосын орысшасын да түсініп отырасыздар деу керек)) :P

+0
18 қаңтар 2013, 17:59

тамаша! қоғамның, тіпті соның қарапайым бір бөлшегі жарнама агеніттігінің өзін де әдебиетті жаппай ауызға алса болар еді. бірақ, түптеп келгенде бұл әдебиет үшін қасірет болмақ!

+0
22 қаңтар 2013, 13:54

Әйтеуір осы массагеттен кемінде күніге 5-6 жаңалық оқимын, Массагетке алғысым шексіз!!!

+0
11 ақпан 2013, 12:53

:D күніне 40 материал шығады )) соның 5-6 оқып отырсаңыз, ол да жаман емес ))

+0
11 ақпан 2013, 15:20

))) Қалғандары қайда тұрады? Мен айтеуір 5-6 көремін күніге :D

+0
11 ақпан 2013, 16:07

басты бетте ауысып-ауысып тұрады :)

+0
24 қаңтар 2013, 08:56

біздің әдебиетте жасандылық көп, сол жасандылықтан айығу керек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...