Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Кітап оқу – ақыл тынысы

Кітап оқу – ақыл тынысы

Кітап оқу – ақыл тынысы

Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады. Сондай-ақ, әрбір адамның бойындағы шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін оятуға итермелейді. Ендеше назарларыңызға кітап оқу жайлы қызықты да таң қалдырарлық фактілерді ұсынамыз.

  • М. Горький минутына төрт мың сөз оқи алған.
  • Сталин күніне 400 бет кітап оқыған және оны минималды норма деп есептеген.
  • Томас Эдисон бірден 2-3 қатардан оқи алған, оның аса бір зейінмен оқи алғаны соншалық, ол тіпті мәтінді беттеп жаттай да ала білген.
  • Ғалымдардың айтуынша, кітапты баяу оқуға қарағанда, жылдам оқу кезінде көз анағұрлым аз шаршайды екен.
  • Адамдардың 95 пайызы кітапты өте баяу оқиды – минутына бар болғаны 180-220 сөз (1 бетті 1,5-2 минутта).
  • Кітапты дәстүрлі түрде оқуда оны түсіну деңгейі 60 пайызды құраса, жылдам оқуда – 80 пайыз.
  • Атақты француз жазушысы Оноре де Бальзак жарты сағаттың ішінде екі жүз беттік романды оқып шығатын болған.
  • Кітап оқу кезінде оқушының көздері әр әріпті жеке сурет ретінде көрсетеді, ал ми оларды бір суретке біріктіреді.
  • Оқу дағдысы орташа есептелетін адамның көзі кітаптың бір қатарына 12-16 рет кідірсе, жылдам оқитындар – тек 2-4 рет қана кідіреді. Ал оқушылар бір қатарға 20 рет тоқталады екен.
  • Атақты жазушы, кітаптанушы Н.А. Рубакин өмірінде 250 мың кітап оқып шыққан.
  • Наполеон кітапты минутына 2000 сөз жылдамдығымен оқыған.
  • «Спецэффекттер аз», «Спецэффекттері онша емес» деген сөздерді сіз талай рет естіп немесе кинотеатрда жаңа шыққан фильмді көріп шыққаннан соң талай рет айтқан да боларсыз. Бірақ, осы секілді сөздерді сіз ешқашан кітап оқып шыққаннан кейін айта алмайсыз және естімейтін де боласыз.
  • Егер де сен ақылды болу үшін қанша кітап оқу керек екенін білмесең, менің саған айтарым: бар болғаны 10 кітап оқысаң жетерлік. Ал 10 кітаптың қайсысы екенін білу үшін, алдымен мыңдаған кітап оқып шығу қажет.
  • Кітап оқуда бастысы қанша кітап оқығаныңда емес, керісінше, оқыған кітаптарыңның қаншасын түсінгеніңде.

 

Кітап оқыңыздар! Және өміріңізде ешқашан жаңа кітаптың ең болмағанда бір бетін оқып шықпаған күн болмасын!

Орыс жазушысы Константин Паустовский

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: dw.de

5516 6
Рейтинг: +5

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 14 қаңтар 2013, 16:01
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2013, 16:55

рас, қанша кітап оқысаң да, тек бірнешеуін ұғынып, есіңде қалады

+0
14 қаңтар 2013, 17:32

Кітап оқу кезінде оқушының көздері әр әріпті жеке сурет ретінде көрсетеді, ал ми оларды бір суретке біріктіреді.

+0
14 қаңтар 2013, 22:32

Уақытым болса оқыр ем менде...

+1
07 қазан 2015, 15:32

Кітап - бұл теқ қана білім көзі ғана бола қоймай, жаңа ойлар мен қызық окиғалар қазынасы. Менің ойымша, әрбір адам күнделікті түрде кітап оқып тұруы қажет. Қазіргі заманда, технологиялар дамып, әр-түрлі ақпараттық және әлеуметтік деректер пайда болды. Біздің жастар кітап дегенді қойып, ғаламторда видео қараумен және әлеуметтік желілерде уақытын өткізеді. Бірақ, кітап оқығанның видео қарағаннан әлдеқайда пайдалырақ деп ойлаймын. Өйткені, кітап оқығанда сен оқып жатқан тақырыпқа үңіліп, оның мағыгасын түсінуге тырысасын. Басқа сөзбен айтқанда, оқу барысында ойлау қабілетің жетіледі. Егер де фильм мен оқиғаны салыстырсақ, фильм бүкіл сезімдер мен ойларды кітаптағыдай ешқашан да жеткізе алмайды. Осыған қоса, оқиғаны оқығанда адам оны ойында елестетеді, ал ой-сананың шегі болмайды.
Жалпы айтқанда, кітапқа деген құмарлықты жетілдіруіміз керек. Статистикаға сүйенсек, Жапонияда орташа адам жылына 21 кітап, ал Францияда 15 кітап оқиды екен. Олардың дамуына жастар мен халқының білім дәрежесі әсерін тигізгені сөзсіз. Сондықтан, кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырғанымыз жөн.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...