Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Қате соғылған телефон

Қате соғылған телефон

Қате соғылған телефон

Үнемі қате түсіп кеткен телефондарды қабылдап жүретін ем. Бұл жолы да дәл сондай бір номерден телефон келді.

- Әке, мен сені қатты сағындым, тезірек келсеңші! Әке! – Тұтқаның ары жағында кішкентай қыз баланың дауысы. Сәл күлімсіредім.

- Балақай, номерді қате теріп тұрсың! – Телефонды жаптым. 4 жасар ұлым бар. Нағашыларының ауылына кеткен. Мыңдаған-миллиондаған шатасулардың бірі болар дедім де қойдым. Бірақ, жағдай мен ойлағандай болмады. Ертесі, күн сайын сол номерде, сол бір дауысы дірілдеген балдырғанның үні мені мазалай берді. Айтатыны, әке қашан келесің, сені сағындым... Осы тектес сөздер. Қалтафоным тағы сайрай жөнелді. Сол номер. Мен бірден басып жібердім. Қайта-қайта, дамылсыз келе берді. Ақыры шыдамым таусылып, телефонды алдым:

- Әке, мен сені қатты сағындым. Мен қатты қиналып кеттім, әке!.. Сені қаншалықты сағынғанымды білесің бе... Анамның айтуынша, бұл сенің жаңа номерің екен. Қателесуім мүмкін емес, анам сені жұмыста, қарбалас дейді. Шешем маған күндіз-түні қарайды, шаршады. Әке, сенің бізді бағу үшін қиналып жұмыс істеп жүргеніңді білем. Егер мені көруге қолың тимесе, тым болмаса телефонда мені сүйіп қойшы. Бетімнен, көзімнен, құлағымнан...

Мен оның бетінен, көзінен, құлағынан шөпілдетіп сүйе бастадым. Сүйіп жатырмын деп айтып жатырмын.

- Рақмет... әке... мен қатты... қ-қ-қуандым...бақ-қ-ыт-тымын... Үзіліп-үзіліп айтылған сөзден кейін телефон үзіліп кетті.

Бір сағат өтер-өтпестен кейін әлгі номерден қайта телефон келді. Бұл жолы кішкентай қыз емес, үлкен адам, баланың анасы сияқты.

- Кешіріңіз, мырза! Осы біраз күннен бері сізді қатты әуреге салдық. Шынымен, сізден кешірім өтінемін. Балам туғаннан бақытсыз, ақ қан ауруына душар болды. Әкесі жақында ғана жол апатынан қайтыс болған. Бұл қаралы хабарды оған айтуға дәтім бармады. Өйткені, оның жалғыз үміті әкесі еді, әкесі оны қатты жақсы көретін және оған көп ақыл айтып, үнемі жігерлендіріп, өмірін осы күнге дейін жалғастырып келген. Әкесі жоқ болғаннан кейін ол үлкен азап ішінде қалды. Ақыры қызымның зарына шыдамай оған номерлерді бей-берекет жазып-жазып, осы әкеңнің номері деп беріп ем. Бірақ, жалғанып кетеді-ау, біреулердің мазасын алам-ау деген ойымда болмапты.

Үні бәсең тартып, өксіп жылағаны білініп тұр. Уһілеген күрсінісінен оның ауыр қалде тұрғанын ішім сезді.

- Қызыңыз тәуір ме? – деп сұрадым мен.

- Ол кетті. Мені жалғыз тастап әкесінің жанына кетті... Сіз оны телефонда сүйіп болғаннан кейін «әкесінің» дауысын естіген телефон тұтқасын қатты қысып, күлімсіреген күйі аттанып кетті...

Жүрегім езіліп кетті. Не айтарымды білмедім...

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: lovebody.ru

10913 27
Рейтинг: +9

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 14 қаңтар 2013, 11:53
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2013, 12:07

Менде не айтарымды білмей отырмын. Шағын болса да, жақсы жазылған екен. Кәдімгі болып жатқан тіршіліктен аз-кем көрініс шығар

+0
14 қаңтар 2013, 12:07

Болған оқиға емес шығар деп үміттенем.

+0
14 қаңтар 2013, 12:08

ішім алай дүлей болып кетті ғой(((

+0
14 қаңтар 2013, 12:12

өмірде кездесетін жағдай ғой. Әсерл!

+0
14 қаңтар 2013, 12:26

:cry: окiнiштi-ак!

+0
14 қаңтар 2013, 12:37

Рахмет, Мейіржан! Мына туындыңды оқып, жүрегім езіліп кетті ғой.

+0
14 қаңтар 2013, 12:41

Бір жылап алдық :cry:

+0
14 қаңтар 2013, 13:15

Жүректі суырып алды-ау кеудеден. Тамаша жазылыпты. Рахмет, Мейіржан.

+0
14 қаңтар 2013, 13:23

Керемет туынды. Адамға азық болатын нағыз туынды десем қателеспегенім. Көп рахмет!

+0
14 қаңтар 2013, 13:37

Мағанда ұнады Мейіржан! Әсерлі екен! :( :cry:

+0
14 қаңтар 2013, 13:58

Жетер жеріне жетті... Жазба қатты ұнады... Көптен бері әсерлі дүниелер оқымап едім. Заман да адам да қатал болып барады. Аласұрған тіршілікпен бәрін ұмытып барамыз. Жанарыңа жас үйірілтіп, ойлантатын жазба, Мейіржан жарайсың!

+0
14 қаңтар 2013, 14:27

Қате түскен қоңырауларға жекіп тастайтынды тастатады екен(

+0
14 қаңтар 2013, 16:20

Көзімнен жас шығып кетті ғой (((

+0
14 қаңтар 2013, 17:52

мяяя мыкты мыкты...акылыннан айналайын осыны шыгарган))

+0
14 қаңтар 2013, 19:45

Әттең ай! Қандай өкінішті еді!

+0
14 қаңтар 2013, 22:47

kozime jas tygylyp otyrgan edi,dop tusti,okinishti :(

+0
15 қаңтар 2013, 03:07

Меке, шынымен әдемі екен. өздерің ет пен сүйектен жаралған адам баласының осал жерін тауып ап бір жылатасыңдар(әрине, қыздарды) сол үшін тағы мақтау естисіңдер ә?! жазар көбейсін! :lol:

+0
15 қаңтар 2013, 09:55

өмірде кездеседі.маған баласын іздеген ана хабарласқан."бізге неге ренжіп жүрсің,үйге қайт" деп бірнеше рет смс жазып жіберіпті.

+0
16 қаңтар 2013, 19:28

нормално екен

+0
16 қаңтар 2013, 20:05

Расында да! көзіңе жас келеді екен.Оқығаным дұрыс болыпты-ау менің...Өмір-ай....(жаман күрсінем..)

+0
18 қаңтар 2013, 16:58

Сәби деген періште ғой...... :( :cry:

+0
19 қаңтар 2013, 01:28

aserli eken :(

+0
21 қаңтар 2013, 20:37

:cry:

+0
05 ақпан 2013, 23:06

Әсерлі жазылыпты, жүрегім аузыма тығылды әнгіменің соңына жетемін дегенше. Кәдімгідей ой тастайды екен. Әкенің орны бөлек қой дегенмен, әке мейірімін көрмей өскен бала жалтақ келеді. Баланың бақытты болуына да жетпегені сол әке мейірімі, қамқоры екенін ұқтырғандай....

+0
24 ақпан 2013, 19:48

соны олай аякталар деп ойламап едим(( не деген окиништи жагдай...........(( :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оралым, менің оралым!
Оралым, менің оралым!

Орал қаласының тарихы бай, өткені өнегелі, келешегі жарқын.

Философия қазақша пәлсапа ма?
Философия қазақша пәлсапа ма?

философияқазақша философияпәлсапа пәлсапа ғылым

Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы
Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы

Әйел затының жаратылысындағы ерік-жігердің мықтылығы

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...