Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Он жыл бұрын...

Он жыл бұрын...

Он жыл бұрын біз ата-анамызға бала едік, он жылдан кейін балаларымызға ата-ана болдық.

Он жыл бұрын біз туған жерден алысқа кетіп, әлемді шарлауды армандайтын едік, он жылдан кейін алыс-алыс жерлерде жүріп, үйге қайтуды армандайтын болдық.

Он жыл бұрын сен менімен бір партада отырып ең, он жылдан кейін бейтаныс жанның жары боп кеттің.

Он жыл бұрын ең қалжыңбас, ең күлегеш, ең бақытты адам сен едің, он жылдан кейін мінезі ең ауыр адам сен болдың.

Он жыл бұрын біз емтихан немесе бестік бағадан басқаны ойламайтын едік, он жылдан кейін емтиханнан, балдан басқа дүниенің бәрін ойлайтын болдық.

Он жыл бұрын ғашығымның маған қарап күлімсіреуін көріп тұратын ем, он жылдан кейін сенің құшағыңдағы сәбиге қарап күлімсірегеніңді көрдім.

Он жыл бұрын мен махаббатты мәңгілік деп, қосылу деп ойлайтынмын, он жылдан кейін махаббат жайында әңгіме болса, жымиып қана кетіп қалатын болдым.

Он жыл бұрын ғашықтық сезімнен қуат алатын ем, он жылдан кейін ол сезімдерге мүлдем ынтықпайтын болдым.

Он жыл бұрын жұлдыз дәрежелі сарайларды қатты армандайтын едім, он жылдан кейін сарай жайында қалып, бір бөлмелі баспананы армандайтын болдым.

Он жыл бұрын жұмыс істеуге, қызметке асығушы едім, он жылдан кейін мен уақыттан басқа барлық дүниені босқа шаштым.

Он жыл бұрын біз өмір мен тұрмысты ойын ретінде қабылдайтынбыз, он жылдан кейін өтірік пен ойынды өмір мен тұрмыс деп қабылдайтын болдық.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

2820 10
Рейтинг: +5

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 11 қаңтар 2013, 15:24
Пікірлер
+0
11 қаңтар 2013, 15:36

Осы 10 жылды кері қайтарса.... Мен биыл мектеп бітіруге дайындалып жүретін ем....

+0
11 қаңтар 2013, 15:38

Рас! "Он жыл бұрын жұлдыз дәрежелі сарайларды қатты армандайтын едім, он жылдан кейін сарай жайында қалып, бір бөлмелі баспананы армандайтын болдым"

+0
11 қаңтар 2013, 16:00

Керемет, қай-қайдағы еске түсіп кетті ғой.

+0
11 қаңтар 2013, 18:51

... Уақыт бәрін өзгертеді екен... :( :( :(

+0
11 қаңтар 2013, 19:47


Иә, рас айтасыз "Дүниенің құны -уақытта",-деген,менде бұрын айналама ақтық пен қарайтынмын, бүгін де сақтықпен қараймын, бұрын аңқылдап сыр жасырмаушы едім, бүгін де кез-келген жанға ашылмайтын болдым.

+0
12 қаңтар 2013, 01:52

он жылдан кейін неғып жүреді екем :?

+0
12 қаңтар 2013, 16:34

Осыдан он жыл бұрынғы жағдай менің санама, менің мінезіме, менің алға қойған мақсаттарыма үлкен өзгеріс әкелген

+0
14 қаңтар 2013, 12:24

Тәнтімін

+0
14 қаңтар 2013, 16:16

Қызық! Он жылда тез өтеді!

+0
15 қаңтар 2013, 14:09

10жыл коп кай канша? дегенмен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...