Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / 10 қаңтар - Ілияс Есенберлиннің туған күні

10 қаңтар - Ілияс Есенберлиннің туған күні

10  қаңтар - Ілияс Есенберлиннің туған күні

Бүгін, 10 қаңтар Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы - Ілияс Есенберлиннің туған күніЕсін білетін қазақ Есенберлинді танымайды десек, елдігімізге сын болар. 

 "Есенберлин Ілияс қызық еді, 

Ерейменнің сілемі,

Үзігі еді.

****
Арғымағы болса да арық тіпті,
Аламанда, әйтеуір, жарып шықты.
Тірескеннің біразы шыдамады,
Тізесі де қатты еді жарықтықтың!
Саялайтын кісісін саялайтын.
Аялайтын адамын аялайтын.
Ағайын деп жатпайтын,
Ағайынды
Аямайтын жерінде аямайтын!
Елім дейтін, әйтеуір, жерім дейтін.
Ер үстінде ешкімге берілмейтін.
Жазуға да, әрине, жалықпайтын,
Егеске де - шіркін-ай!- ерінбейтін!
Бұл мінез ғой...", - деп жырлады Қадыр ағамыз "Ілияс Есенберлин" өлеңінде.
Қазақ халқының белді қаламгері 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, "Жазушы" баспасын басқарады, т.б. жұмыстар атқарады.

1983 жыл Қазақ әдебиетінен жалынды жазушымызды алып кетті. 

Ілияс Есенберлин 1967 жылы "Айқас", 1968 жылы "Ғашықтар", 1971жылы "Алтын құс", 1974 жылы "Көлеңкеңмен қорғай жүр", 1978 жылы "Маңғыстау майданы", 1978 жылы "Аманат", т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.

Еңбек Қызыл ту ордені, «Құрмет белгісі» орденімен және «За боевые заслуги», «За оборону Ленинграда» медальдерімен марапатталды. 1968 жылы «Айқас» романы үшін Қазақ КСР мемлекеттік премиясының жүлдегері атанды.

«Адамзаттың нағыз шын тарихын тарихшы емес, суреткер жазады» - дейді М. Горький. І. Есенберлин осы принципті ту етіп ұстап, ғылымда да сол уақытқа дейін терең сараланып бітпеген тарихтың қос қыртыс қатпарларына қазақ қаламгерлерінің ішінде тұңғыш рет қаламгер көзімен саяхат жасап, оқырман назарын көне тарихтың әлі ашыла қоймаған тың беттеріне аударады. Қазақ романдары ішіндегі ең көрнекті шығармалардың көшінде жүрген "Көшпенділер" романы соның айғағы болса керек.. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: writers.kz, kazprose.wordpress.com

7251 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 10 қаңтар 2013, 12:50
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2013, 12:26

Құтты болсын. Мен "Айқасын" оқығанмын

+0
10 қаңтар 2013, 12:37

Ікеңнің "Көшпенділері" ғой шіркін.

+0
10 қаңтар 2013, 13:19

Ілияс Есенберлинсіз қазақ әдебиетін елестету мүмкін емес...

+0
10 қаңтар 2013, 14:25

Тарихи тақырыпта шебер жаза білген жан. Ал махаббат аясында жазылғаны аса ұнамайды

+0
10 қаңтар 2013, 14:42

неге маған ұнайд :)) анабір скульптор жігіт туралы бар ғо (ғашықтар мед) сол ұнайды. Әсіресе эро сценалары :)) бабник қо лібәә :))))))) тағы да қыздарының бәрі бір-бірін таниды :))

+0
15 қаңтар 2013, 22:51

Ғашықтар кітабын бұрын оқағам .қатты ұнады.Есенберлин мықты жазушы.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...