Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Махаббат және қастандық

Махаббат және қастандық

Махаббат және қастандық

Ол орда бұзар жастан өткен қалталы, табысқа жеткен, келбетті жігіт болса да, әлі үйленбеген еді. Тек бір жолғы кешкі қонағасыдан бастап ғашық болудың не екенін түсінді. Бұл қонағасыда сұлу да сырлы бір бойжеткен өзіне қатты баурады.

Орайы келгенде әлгі қызбен танысты. Әлдебір серіктестікте хатшы болып жұмыс жасайды екен. Екеуі тым жақсы әңгімелесті. Кеш аяқталған соң бойжеткенді үйіне жеткізіп қойғанымен, шай ішіп қайтуға шақырмағаны көңілін жабырқатты.

Күн өткен сайын олардың кездесуі жиілей берді. Көңіліндегі періштесін жолықтырғанына дән риза, шырын күндер аялсыз өтіп жатты. Шын сүйген, сүйіскен күндердің ләззаты оларды махаббат торына шырмай берді.

Бір күні бойжеткен көз жасын төге отырып жігітке өзінің үйленгенін, күйеуі бар екенін айтып, кешірім сұрады.

Ол үнсіз қалпы қаққан қазықтай тұрып қалды, бойжеткен жылаған қалпы шығып кетті.

Қанша қатты азаптанған сайын, көз алдынан сол арудың елесі кетпейтін. Оны жек көру түгілі, қол жеткізе алмаған өкініші жүрегін от жалындай күйдіретін.

Ол ақыры шешім жасады. Бір кәнігі жендет жалдап оның күйеуін өлтіру бекіміне келді. Жендетке ешкімге білдірмеуді, ешкімнің байқап қалмауын қайта-қайта қадағалай табыстап, шығарып салды. Сол күні түнде оның әбден мазасы қашты. Үй ішін арлы-берлі кезіп жүріп, жендеттен келер хабарды күтумен болды. Ақыры күткен телефон шырылдап қоя берді:

- Алло?

- Мырза, тапсырмаңыз орындалды.

- Бәрекелді. Бәрі ойдағыдай ма?

- Солай. Бірақ...

- Не «Бірақ»?,  дауысы тым қатал шықты.

- Есіктен шыға бергенімде біреу байқап қалды.

- Есуас! Мен саған не айттым...

- Алаңдамаңыз, мырзам, ол оның әйелі екен. Оны да жаһаннамға жібердім!..

Дайындаған: Қайсар Қауымбекұлы

Сурет: baidu.com

1255 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2012, 18:30
Пікірлер
+0
13 желтоқсан 2012, 17:34

:cry: Кейіпкердің екеуі де нағыз оңбағандар екен! Күйеуінің көзіне шөп салған әйел мен өлтіруге бұйырған жігіт! Ондай жандардың махаббаты пәк болуы мүмкін емес!

+0
13 желтоқсан 2012, 18:04

:? :? :? ужас

+0
13 желтоқсан 2012, 18:11

махаббат деген пәк әрі таза жүректе мекен етуші еді... кейіпкерлердің сезімі Бермуд үшбұрышына ұқсай ма, қалай?

+0
13 желтоқсан 2012, 18:14

Бұл енді әңгіме ғой.

+0
13 желтоқсан 2012, 19:15

Керемет әңгіме екен. Осындай әңгімелер, осындай шешім біздің қазақ әдебиетінде аз. немесе жеткізе алмайды. осылай қарапайым ғана жеткізу керек қой. тіл де жақсы. ой да жақсы. жалпы не айтатынын біледі.

+0
13 желтоқсан 2012, 19:54

менин шыны керек кулким келди, :D

+0
13 желтоқсан 2012, 20:18

Шынымынде нағыз есуас жендет екен

+0
13 желтоқсан 2012, 20:48

Сонда бул кандай махаббат екен а: :roll:

+0
13 желтоқсан 2012, 22:11

махаббат емес, калаган нарсесiне кол жеткiзiп уйренiп калган корсекызар адам сиякты корiндi. Тауык махаббат.Кыз онбаган екен. Жазыксыз жаннын омiрiн жалмады.

+0
13 желтоқсан 2012, 23:10

мынаны бір үлкен әңніме не хикая етіп берсе болмай қалатын ба еді, әңгіме ретінде берілгені тамаша болған! Кейіпкерлердің тілі ұнады!

+0
15 желтоқсан 2012, 15:06

жендет красавчик екен,артына із қалдырмапты... :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D

+0
17 желтоқсан 2012, 15:29

тамаша

+0
17 желтоқсан 2012, 15:55

Мынау қасіретті анекдот екен ғой. :(

+0
17 желтоқсан 2012, 20:02

әңгіме оқыс аяқталады екен. Әдеби жанр турғысынан маған қатты ұнады. тамаша екен. ал, өмір тұрғысынан алғанда жүректі ауыртар оқиға. :( :(

+0
17 желтоқсан 2012, 23:15

әсерлі!.. "Бір күні бойжеткен көз жасын төге отырып жігітке өзінің үйленгенін, күйеуі бар екенін айтып, кешірім сұрады." осыны оқыған кезде біртурлі болып кеттім :x

+0
18 желтоқсан 2012, 00:08

әрі қайғылы әрі біржағынан күлкілі де екен....

+0
28 желтоқсан 2012, 10:18

керемет шешім)))

+0
07 қаңтар 2013, 20:27

Әңгімеңіздің идеясы да, өзі де тым қарабайыр, таң қалатын түкте жоқ екен, артық жазсам айыпқа бұйымассыз, бірақ әдбиет айдынындағы адам болсаңыз, мынауыңыз кәріс немесе түрік телесериалдарындағы оқиға сынды. Көркемдік жағынан да елітпейді, өлді, бітті деген жәй бір, шәй үстіндегі әңгімеге ұқсайды...

+0
08 қаңтар 2013, 12:25

Пікіріңізге көптен-көп рахмет. Ал мен жазушы да, әдебиетші де емеспін. Бар болғаны аздап өлең жазатыным бар. Негізі бұл бір анекдот. Кеңейтіп,жазсаң қай бір анеңдот та астарлы әңгіме бола алады. Негізі әдебиеттің ең бір дамыған жанры осы ауыз әдебиетіндегі айтылып жүретін әзіл-қалжыңдар құсап сезіле береді. Ал көркемдік дейсіз бе? дұрыс айтасыз, бұл ешқандай да көркем шығарма емес. Кейде құр мақтаудан көрі, осындай шын пікірді де сарыла күтесің.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...