Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Таудай таланттар және олардың ерекше мінез-құлықтары

Таудай таланттар және олардың ерекше мінез-құлықтары

Таудай таланттар және олардың ерекше мінез-құлықтары

Бала күнімде Ұлы Отан соғысы кезінде Ұлыбританияның премьер-министрі болған Уинстон Черчилль туралы бір әңгіме естіп, таңғалып едім. Ол кісі түнде жатарда екі бірдей төсек салғызады екен. Содан алдымен біреуіне жатып ұйықтап, түннің бір уағы болғанда тұрып, екінші төсекке ауысып жатып, қалған ұйқысын сонда жалғастырады екен. Алпауыт империяны басқарған Черчилльдің осынау әдетінің сырын өзінен басқа ешкім білмеген болса керек. 

Осындай көлденең көзге ерсі көрінгенмен, сол адамның өзіне жараса кететін ерекше мінездер мен қылықтар ақын-жазушыларда, жалпы өнер адамдарында көп кездеседі. Әрі-беріден соң, өзіміздің қазақты айтатын болсақ, ондай әпенді таланттардың басында, басқа емес, Абай тұр. Иә, кәдімгі Құнанбайдың Абайы. Бұл кісі үйіне келген қонақтың сәлемін алмайды екен және бірден шаруасын сұрайтын болыпты-мыс. Келген адам аға сұлтанның ақын баласынан жасқанып, күмілжіп, шаруасын тап сол сәтте айта алмай қалса, одан кейін оны тыңдамай қояды екен. Тағы бір әдеті, кесесіне шайын құйғызып қояды екен де, ішпей отырып алатын көрінеді. Елдің бәрі ішіп болып, дәм қайыратын уақыт болғанда барып, әбден суып қалған шайды жұта салады екен.

Сұлулығымен, сырбаздығымен танылған Сәкен Сейфуллин өзі темекі тартпаса да, үйіндегі жұмыс үстелінің үстінде шетелдік қымбат шылым жатады екен. Онысынан келген қонаққа бір тал ғана беретін әдеті болыпты. Алмаса, ренжиді. Ал егер, келген қонақ пендешілігі ұстап, екіншісін сұраса, тағы ренжіп, бермей қояды.

Бұндай «біртүрлі» мінезден біртуар жазушы Мұхтар Әуезов те құралақан емес. Әсіресе, бұл кісі мылтығын асынып алып, аңға шығуын шықса да, ештеңе атып жарытпайтыны қызық. Бұнысы әпенділік пе, әлде аңды желеу етіп, табиғатты аралап, көңіліне пейзаж тоқып қайтуға деген құштарлық па, онысы бізге беймәлім, әрине. Әйтеуір, бірде қоянға шыққанда жанындағы серіктері күйіп кетіп: «Мұха, неге атпай келе жатсыз?» – депті. Сірә, қоян осы кісіге оңтайлы жерден қашса керек. Сөйтсе, Мұхаң еш саспастан: «Қоян тура алдымнан жүгіріп өтсін де, сол кезде атамын ғой», – деген екен.

Мұхаңның бұндай әпенді аңшылығы замандастарына жақсы мәлім болғанға ұқсайды. Сөзді екшеуге де, мылтықты меңзеуге де бірдей шебер жазушы Ғабең – Ғабит Мүсірепов бірде Мұхаңмен үйрек атуға шыққан екен дейді. Содан көмектесіп жүрген әлдекімдер барып арғы беттен үркіткен кезде көлден бір топ үйрек тұп-тура қос классикке қарай ұшқан. Мұхаң, әдетінше гүрсілдетіп атуға кіріскен, үйректер болса аман-есен ұшып барады... Мұхаң олай атқан, бұлай атқан... Қалың үйрек сол беті көзден таса болған. Осыны көріп Ғабеңнің айтқаны ғой: «Мына шляпаның астында Әуезов отырғанын ақымақ үйректер қайдан білсін», – деп.

Енді тағы бірсыпыра жазушылардың елден ерек қасиеттерін айта кетсек. Естіген құлақта жазық жоқ деген, Бердібек Соқпақбаев бір орында отыра алмайтын, күйгелек адам болыпты. Барған жерінде кіріп-шығып, тыныш таппайды екен. Ал Әбіш Кекілбаевтың жастау кезінде айналасын аузына қаратып қойып, ертеңнен кешке дейін сөйлей беретін әдеті болыпты-мыс. Тыңдағандар «білмейтіні жоқ еді» деседі. Әбіш Кекілбаевтың группаласы Мұхаң – Мұхтар Мағауиннің де қатарластарынан өзгешеліктері жоқ емес. Бұл кісі елден ерек киінеді екен. Әлі ешкім кимей тұрған уақытта шалбарды басқа түсті, костюмді басқа түсті етіп киіпті. Жұрттың бәрі біркелкі киінетін социалистік заманда осылайша киініп, Пролетар көшесін бойлап, аяңдап бара жатқан Мұхаңа көлденең жұрт басқа нәсілдің адамын көргендей таңдана қарағаны анық.


Көзі тірісінде-ақ құрметке бөленген, бүгінде жастар жастанып оқып, аңыз ғып айтатын жазушылардың бірі – Оралхан Бөкей. Аңыз ғып айтатыны, сол әпенділіктері ғой баяғы. Ауылдағы қарындасымен, мүмкіндік бола тұра, телефонмен сөйлеспейді екен. Тек хат жазысады. Сондай-ақ, Алматыда жүрген ауылдас достарымен жиналып, карта ойнайтын әдеті болыпты. Жай ойнамай, ақшаға ойнайды. Егер Орекең ұтса, ақшасын алмай қоймайды екен. Ұтылғандардың біреуі бермесе, ашуланатын көрінеді. Ал егер өзі ұтылса, ананы-мынаны сылтауратып бермей кетеді екен. Әрине, ақ көңіл жазушының бұл қылығына бола, оған карталас достарының ешбірі кінә қоймаған болса керек. Ағасына еркелеген баланың қылығы іспетті мінезге кім ренжісін.

Түйін:

Әсілінде, әпенділік кең жүректі адамнан шығатын болса керек. Жүрегінде қараулық, көкейінде қулық болған адамнан залымдықтан басқа не күтуге болады. Бірін-бірі ренжітуінен гөрі, қуантуы көп, өкпелеуінен кешіруі тез жақсылар мен жайсаңдардың ашық-жарқын мінездеріне, аппақ көңілдеріне не жетсін.

  Жолдаған: Арман Әлмембет

суреттер:lib-ekb.kz; golosislama.ru; pushkinlibrary.kz; kaznu.kz; 078.com.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек                                                                                                                          

9138 7
Рейтинг: +7

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 11 желтоқсан 2012, 13:59
Пікірлер
+0
11 желтоқсан 2012, 14:12

Сәкен туралы аңыздар тіптен таңғалдыра түседі...Әбіш Кекілбай таңнан кешке дейін сөйлей бермесе үлкен жазушы болмайтын ба еді?!

+0
11 желтоқсан 2012, 14:23

Керемет екен. Мұқағалидың осындай қылықтарын атам айтып отырушы еді жиі...

+0
11 желтоқсан 2012, 22:46

Біразын білмейді екем

+0
13 желтоқсан 2012, 20:49

Абайдікі әдепсіздік :shock:

+0
21 желтоқсан 2012, 20:25

Қызық....

+0
28 желтоқсан 2012, 10:27

Абай да пенде болған десейші :lol: :lol: :lol: қаламың мұқалмасыр Ареке жақсы шығыпты

+0
15 қаңтар 2013, 09:27

Абай туралы жазғаныңызға сенімдісіз бе?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...