Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Кітап тарату акциясы өтпек!

Кітап тарату акциясы өтпек!

Кітап тарату акциясы өтпек!

2012 жылдың 12 желтоқсанында сағ. 10.00 - 17.00 аралығында ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай Ашық есік күні өткізіледі. Оның аясында «Қазақстан Тәуелсіздігі жылнамасындағы кітаптың рөлі» атты кітап көрмесі өтеді.

Көрмеде биылғы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша жарыққа шыққан қазақстандық кітаптар және Алматы қаласының жетекші баспаларының кітаптары қойылады. Көрменің негізгі мақсаты – жаңа кітаптарды халыққа таныстыру және автор, оқырман және баспагерлер арасында қарым-қатынасты орнатуға серпін беру болып табылады.

Көрме жұмысы барысында Нұрмахан Оразбек, Ұлықбек Есдәулет, Оразбек Сәрсенбай, Исраил Сапарбай және т.б. белгілі ақын-жазушылардың оқырмандармен кездесулері, сонымен қатар мектеп оқушыларымен аталған ақын-жазушылардың шығармаларының оқулары өтеді.

Ашық есік күні аясында, Қазақстан жазушылар одағы, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы және Қазақстанның баспагерлер мен кітаптаратушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен кітап шығару, баспа ісінде стандарттарды дұрыс пайдалану мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырады. Дөңгелек үстелде кітап нарығын дамыту мен қолдау, оқу мен жалпы мәдени білімнің төмен деңгейін көтеру сияқты өзекті мәселелер қаралады.

Сонымен қатар, кітапханаларда кітаптарды тегін беру акциясы өтеді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: yvision.kz

6056 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 10 желтоқсан 2012, 15:13
Пікірлер
+0
10 желтоқсан 2012, 15:25

Қандай кітаптар тегін таратылуы мүмкін? :roll:

+0
10 желтоқсан 2012, 15:31

Барып көретін екен

+0
10 желтоқсан 2012, 15:58

шота кітап беретін сияқты ғо

+0
10 желтоқсан 2012, 16:11

Исраил Сапарбай үшін барғым келеді

+0
12 желтоқсан 2012, 13:55

Бүгін барып, кітап алып келдім!!! Ура!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...