Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / 29 қараша - Ғабиден Мұстафиннің туған күні

29 қараша - Ғабиден Мұстафиннің туған күні

29 қараша - Ғабиден Мұстафиннің туған күні

Бүгін, яғни 29 қараша қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері атанған Ғабиден Мұстафиннің өмірге келген күні. 1902 жылдың дәл осы күнінде Қарағанды облысы Тельман ауданы Сарытөбе ауылында кейін халқының заңғар жазушысы болар сәби дүние есігін ашты. Шаруа отбасында өскен болашақ қаламгер ауыл молдасынан арабша сауат ашты. 14 жасында Спасск зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің 4 сыныбына түседі. 

Ауылда әр түрлі қызметте болып, 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келеді, мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады.

Саналы ғұмырын қазақ әдебиетінің өркендеуіне, қазақ прозасының кең тыныстауына арнаған ұлы тұлға артына көп еңбек қалдырды. Елеусіз қалған бірі де жоқ. Сол кездегі тұрмыс халін арқау ете отырып роман саласында тақырып байытты. Замандастарынан көші ілгері жүрген қаламгер проза саласына қаламының сиясын аяған жоқ. Содан болар, оның шығармалары оқырман қолынан түспеді. Қазақтың біртуар жазушысы өз еңбектерімен соңына өлшеусіз із қалдырып үлгерді. 

Екі Ғабең...

Ғұлама жазушының Қазақ кеңес әдебиетін дамытудағы және қоғамдық қызметіндегі қол жеткен жетістіктері белсенділігі, іскерлігі ескерусіз қалған жоқ. Ол "Ленин" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" және екінші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" орденімен марапатталған. 

2002 жылы Ғ.Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына орай Қарағанды облысында үлкен той болды. Бұл мерейтой жазушының ұрпақтары емес, халқына, еліне де үлкен қуанышпен атап өтетін оқиға деуге болады. 

Қарағандыдағы классиктің тас мүсіні

Заманының заңғар қаламгері қазақ әдебиетіне айтарлықтай үлес қосты. Ел есінде сақталған ұлы жазушының 110 жылдығын елеусіз өткізсек - бізге сын. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: fotki.yandex.ru, i-news.kz, mpda.ru

5261 4
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 29 қараша 2012, 11:08
Пікірлер
+0
29 қараша 2012, 12:42

Екі Ғабеңнің отырысы әсерлі!

+0
29 қараша 2012, 12:50

Не деген сәйкестік. Кеше ғана кітап дүкенін аралап жүрі, Ғабекеңнің шығармалары топтастырылған кітапты сатып алып едім. Ал туған күні туралы білмеген едім

+0
29 қараша 2012, 13:06

шынымен де ана екі сурет ғажап енді. Бұл күн қай жерде атап өтіліп жатыр бізден басқа?

+0
29 қараша 2012, 13:10

БАҚ тып-тыныш

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...