Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Саған бақыт тілеймін!

Саған бақыт тілеймін!

Саған бақыт тілеймін!

Бүгін оның туған күні болса да, мүлдем қуана алған жоқ. Жаны сүйген аруы осыдан он күн бұрын бақилық болған. Ақыл айтқан достарына «Менің жүрегім махаббатыммен бірге көмілген» дейтін де қоятын. Дәл сол күні түс ауа ішінде ақ параққа әдемілеп салынған жапырақтың суреті бар құттықтау хатын алды. Жасыл жапырақтың басына «Саған бақыт тілеймін!» деген сөз жазылыпты. Хатта: «Менің кім екенімді білмей-ақ қой, іздеп те әуре болма, тек мына дүниеде саған үнсіз ғана бақыт тілейтін бір жанның бар екенін білсең болды! Жарық күнге, көркем табиғатқа қарашы, қандай керемет! Баяғысындай ыстық ықыласқа, терең сүйіспеншілікке толған. Туған күніңмен!» деп жазылыпты.

Ол қайта-қайта оқыды, аударып-төңкеріп қарады. Кім екен? Аласұрып қайда барып іздерін білмеді. Хат жіберушінің аты жазылмаған. «Кім екен деші?». Ол өзінен-өзі сұрай берді. Ойы кенеттен конвент сыртындағы мөрге түсті. Арнайы тапсырысқа ғана басылатын мөр. Ол поштаға жүгірді. Қызметкерлер оған осыдан екі ай бұрын бір қыздың келіп өзінің айықпас ауруға шалдыққанын, аз күндік ғұмыры қалғанын айтып, бұл хатты екі айдан кейін дәл осы күні, осы мекен-жайға жіберіп берулерін өтінген екен. Ол бұл хатты жазған адамның басқа емес, дәл өзінің сүйген аруы екенін білді. Жүрегі қан жылады. Бірақ, оның рухы пәс тартқан жоқ. Шынымен де мына жарық ғаламда оған шексіз бақыт тілеп, әрқашан есіне алып отыратын бір адам бардай көрінді.

«Жаным, мен сені сүйем!» деді ол ішінен.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sheknows.com

3449 8
Рейтинг: +6

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 22 қараша 2012, 17:49
Пікірлер
+0
22 қараша 2012, 17:42

көзімнің жасын бір сығып алдым :(

+0
23 қараша 2012, 14:52

керемет!

+0
23 қараша 2012, 16:25

махаббат

+0
24 қараша 2012, 09:20

денемнің бәрі шымырлап кетті ғой(( :(

+0
24 қараша 2012, 10:22

ех,махаббат,махаббат!

+0
10 желтоқсан 2012, 03:36

Махаббат құдіреті деп осыны айтар едім,ойландыратын нәрсе.............

+0
18 желтоқсан 2012, 02:43

:cry: ,jurekti eljiretedi eken...

+0
01 мамыр 2013, 22:15

күштіііі :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...