Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Ақын Әмірхан Балқыбек студенттерге кітаппен қоса шоколад сыйлады

Ақын Әмірхан Балқыбек студенттерге кітаппен қоса шоколад сыйлады

Ақын Әмірхан Балқыбек студенттерге кітаппен қоса шоколад сыйлады

Кеше, 14 қараша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне атақты ақын ағамыз ат басын бұрды. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің №17 студенттер үйінде өткізілетін дәстүрлі  "Он жетідегі кездесу" атты белгілі ақын-жазушылармен әдеби жүздесу кешінің екінші қонағы - танымал ақын Әмірхан Балқыбек. 

"Көкжиек" ғылыми шығармашылық клубының ұйымдастыруымен өткізіліп жүрген бұл отырыстың тұсауын Бақыт Беделхан кескен болатын. 

Әмірхан Балқыбек 1969 жылы 19 мамырда Жетісай ауданына қарасты Ленин атындағы ұжымшарда туған. 1986 жылы Шардара каласындағы М. Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, 1987-89 жылдары әскерде болды. Әскерден оралған соң Шардара аудандық "Өскен өңір" газетінде тілші болды. 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетіне оқуға түседі. 1995-2000 жылдары республикалық "Парасат", "Жас алаш", "Ана тілі" басылымдарында қызмет атқарды. Әмірхан Балқыбек Казақстан Жазушылар одағының мүшесі. Әдебиет саласы бойынша екі рет (1997, 1998) Президент стипендиясын иемденген. Сонымен қатар, "Метамарфоза" (1996), "Сынған сәуленің шағылысуы" (2001) атты жыр кітаптарының авторы.

Студенттермен еркін түрде сұхбат құрған ақын әдебиетті тарихпен байланыстыра отырып көнеден сыр шертті. Шығармашылық жолында бағындырған шыңдары көп шайыр әдебиет саласындағы айтылатын сындарға тоқталды. "Әдебиетке сынның керегі жоқ" деп қайырған ақын әбден ақтарылды. 

Кеш соңына таяғанда ақын ағамыз өз өлеңдерін оқыды. Жыр оқуда өзіндік әуезі ерекше ақынның өлең оқысы студенттерді елітіп жіберді.

Студентерге базарлық ретінде бірнеше кітаптарын сыйға берді. Ол ол ма? "Біз студент кезімізде тәтті көрсек, жайраңдап қалатынбыз" деп қалжыңдап, бір қорап шоколадты шығарды сөмкесінен. Ақын ағаларының сый-сияпатына разы болған студенттер ашық әңгіме үшін рақмет айтып қолтаңба алуға асықты.

"Он жетідегі кездесуде" жүздескенше...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: Өмірбек Сансызбаев
 

2397 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 15 қараша 2012, 14:09
Пікірлер
+0
15 қараша 2012, 17:57

17-де жүздескенше деп әдемі аяқтапсың, Ақерке!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

Менімен жастылар болашақ мамандыққа юристті таңдайды. Өйткені бұл мамандық...

Cізге тән мамандық қандай?
Cізге тән мамандық қандай?

психологиялық тест арқылы өзіңізге тән мамандықты анықтап алыңыз...

Өмір кезеңдері
Өмір кезеңдері

Өткінші өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...