Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Әдебиеттен кету – ерлік пе?

Әдебиеттен кету – ерлік пе?

Әдебиеттен кету – ерлік пе?

Америка әдебиетінің негізгі тұлғаларының бірі, жазушы, этнограф Филип Рот 79 жасында «Әдебиеттен кеттім!» деп жар салды. Ол 2010 жылы шыққан атақты «Немезида» романы өзінің ең соңғы шығармасы екенін Les inRocks басылымына берген сұхбатында жария етіпті.  

«Менің жасым 78-ден асты. Мен енді мына заманның, Американың қалай өзгергенін білмеймін, қандай қалыпқа түскенінен хабарым жоқ. Теледидардан көргеніммен, оны тірідей өз басым өткеріп, көзіммен көргем жоқ. 50 жыл бойы әдебиетке адал болдым» - дейді Рот. Ол 30 роман жазып, санынан сана жаңылысқан әңгімелері мен повестерін халыққа ұсынған. Оның ойынша, келесі бір жазылған қандай да бір роман ештеңені де өзгертпейді, тіпті абыройына нұқсан келтіретін дүние ғана болуы ғажап емес. «Мен айтарымды айтып болдым» дейді жазушы.

Дәл осылай, бірақ әдебиеттен ерте кеткен, башқұрт, орыс тілді жазушы, «Шекспир туралы», «Мультипроза» кітаптарының авторы Зұфар Гареев ше?

Бейбіт Сарыбай, жас жазушы:

Ерлік емес, батырлық. Адам әдебиеттен таусылған, сарқылған. түгесілген күні кетеді. Кетеді дегеніміз жазуды қояды деген мағынада ғой. Ал, оны жұрт алдына жайып салу, өзінің таусылғанын мойындау батырлық. Бізде таусылған адамдар бар. Бірақ олар мойындағысы келмейді. Іштей мойындағанмен сырттан жасырады. Осы тұрғыдан алғанда батырлық дейміз. Ал, ол ешқандай ерлік емес.

Мұны оқи сала өзгеше бір ойдың тізгінін ағытады екенсің. Расында да, дарын, қуатты, толағай, терең, ауыр, түгесілмес, адуынды, айбарлы, жалындай боп келсе де, теңіздің тартылуы секілді адам да айтары таусылған кезде мұны ашық мойындай алса дейсің. Мойындау – ерлік болса, біздің корифей атанып кеткен, энциклопедиялық білімді бойына лықа толтырған, абыз ақын-жазушыларымыздың ішінен «ерлік жасаушылар» неге жоқ деп ойланамыз.

Мұны әдебиетке деген адалдық деп айтудың екінші бір ұшы барын мойындауымыз да керек шығар? Сіз не дейсіз?  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: shalomfilm.com, etextlib.ru

705 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 15 қараша 2012, 13:53
Пікірлер
+0
15 қараша 2012, 13:36

"Бізде таусылған адамдар бар. Бірақ олар мойындағысы келмейді". шынында да, енді қайта қуанта алмайтын қаламгерлерге жаның ашиды. Уақыт аямайды ғой, әйтпесе Әбіштен, Мұхтардан күткіміз-ақ келеді ғой бір-бір шедеврді...

+0
15 қараша 2012, 14:20

Келісемін!!! Бізде таусылған данышпандар мен түгесілген таланттар жүр. Олар айтарын айтып, асарын асап қойған. Орынды жастарға беру керек. Қазіргі жастар туылғаннан көп нәрсені біліп туады... Меніңше, американдық жазушы дұрыс істеген. Әрине, қазіргі кезде жай ғана адалдықты ерлік деуге мәжбүрміз. мен солай ойлаймын?

+0
15 қараша 2012, 17:54

Мүмкін жазары таусылған шығар

+0
23 қараша 2012, 11:06

Мұны әдебиетке деген адалдық деп айтудың екінші бір ұшы барын мойындауымыз да керек шығар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...