Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

"Бір, екі, үш!.."

Бейбіт заманның ұрпағымыз. Қан майдан, аяусыз соғыс көрмеген соң, оның қасіретін де сезінбейміз. Төмендегі шағын әңгімені қайдан алғаным есімде жоқ, естелігіме қалдырып қойыппын. Бізге бақытты өмір сыйлаған ардагерлеріміздің жүрегін түсінейік! Бай-қуатты күндеріміздің қадірін білейік, достар!

Екінші дүниежүзілік соғыс кезі. Берлиндегі адам иін тірескен бір бекеттен пойыз сигнал беріп, қою түтінді будақтата қозғалды.

Араның ұясындай дуылдаған вагон іші негізінен әйелдер мен балаларға толып, атпал азамат дегенді көзге түсіруге болмайтын еді. Бірақ вагон ішінде шашы бурыл тартқан бір ер адам отырды. Киінген киімінен запастағы әскер екені білініп тұр. Оның қасында әлжуаз, аурушаң әйел отыр. Қартаң әйел осы маңда өзінен басқа ешкім жоқтай терең ойға кетіп, анда-санда ернін жыбырлатып, өз-өзіне күбірлеп қояды. Оның «Бір, екі, үш!» деген сөзі ғана пойыз доңғалақтарының жағымсыз сарт-сұрт еткен дыбысын басып, отырғандардың құлағына толық жетіп тұрды.

Арада үзіліс жасап, әлгі сандарды қайталайды. Тоқтар емес. Әйелдің бұндай ерекше қылығын екі бойжеткен мазақтап күле бастады. Бір қария оларға алая қарағанда ғана вагон ішінде тыныштық орнады. «Бір, екі, үш!» Ақыл-есі қалыпсыз ол бар зейінімен сан санауда, әлгі бойжеткендер тағы күле бастады. Сонда ғана әлгі шашы бурыл тартқан сақа жауынгер денесін түзеп: «Балалар!- деп ренжіген кейіппен сөзін бастады,- Мына кейуана – менің әйелім. Біз жақында ғана үш ұлымыздан айырылдық! Олардың барлығы қан майданда қаза тапты. Қазір майданға аттану кезегі өзіме келді. Мен жүрердің алдында, мұны жындыханаға апарып тастауым керек қой!» - деді ол. Оның даусынан реніш те, жалыныш та байқалып тұрды.

Екі бойжеткен төмен қарап, үнсіз қалды. Вагон ішіне сілтідей тынштық орнады. Үрейлі тыныштық!..

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет:ria.ru

1104 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 07 қараша 2012, 17:41
Пікірлер
+0
07 қараша 2012, 16:27

Мына әңгіме оқып отырып соғыс кезіндегі мина алаңында футбол ойнағаным есіме түсіп кетті ғой. Қиын кездер еді ...

+0
07 қараша 2012, 16:29

:lol: :lol: :lol:

+0
07 қараша 2012, 16:28

Ой, жалған дүние-ай деші!

+0
07 қараша 2012, 16:35

Әні, көрдің бе?! бізідң соғыс кезіндегі қасіретті тағдырымыз бұл балаларға мазақ :twisted: . ой, Өңшең!

+0
07 қараша 2012, 17:38

Ақ-Бөрінің ренжіген түрі ғой мынау иәә?

+0
07 қараша 2012, 17:38

Шыныменде соғыс кезінде мина алаңында футбол ойнаған ғой

+0
08 қараша 2012, 09:37

Соғысты көрмей-ақ қояйық!

+0
09 қараша 2012, 16:13

Соғыста бізге жеңіс әкелген ата-баба әруағына күн сайын тағзым жасасақ та аздық етеді-ау....(

+0
12 қараша 2012, 13:58

мұндай әңгіменің әрқайсысы да керемет, таптырмас детальдар ғой, шіркін!

+0
17 қараша 2012, 02:23

әсерлі. аянышты :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...