Мемлекеттік сыйлық кімге бұйырды?

Мемлекеттік сыйлық кімге бұйырды?

Еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев өнер және әдебиет салаларындағы мемлекеттік сыйлықтарды кімдердің алғаны туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды ИА Новости-Казахстан. Бұл жарлық ресми баспасөз орындарында сейсенбі күні шыққан.

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармаларға берілді.

Еске сала кетсек, конкурстық шығармаларды қабылдау 2012 жылдың 1 ақпанына дейін жүргізілді.

Мемлекеттік сыйлық ақын Несіпбек Айтұлына «Арқатірек» поэмасы жинақтары үшін берілді. Ал проза саласында «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясы үшін Сәбит Досановқа бұйырды. Музыка саласында әнші Әлібек Дінішевке Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған концерті үшін берілген екен. Ал скрипкашы Гаухар Мұрзабековаға «А. Вивальди – А. Пьяцолла «8 сезонов», «Intrabaroque» концерттік бағдарламалары үшін берілді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: baq.kz

А. Құлтай