Ең қысқа үрейлі әңгімелер

Ең қысқа үрейлі әңгімелер

Ең қысқа, қызықты, тартымды, үрейлі әңгімелерді оқыңыз...

  1. Түн ортасында жалғыз өзім такси күтіп тұр ем, жүргізуші менен: «Қайда барасыңдар?» деп сұрады...
  2. Машинаны құйғытып келе жатыр ем, машина терезесінен бір әжейдің маған қарап тұрғанын көрдім...
  3. Жұмыстан тым жай түсіп лифтке кірсем адам жоқ екен. 10-қабаттан төмен түсіп, 6-қабатқа жеткенімде лифт тоқтап, бір жұп жас жұбай кірмекші болды да іркіліп кейін шегініп кетті. Кенет лифт есігі жабыла бере, ол екеуінің: «не деген адам көп еді!», - деп жатқанын құлағым шалып қалды...
  4. Түн ортасында үйде жалғыз өзім компьютер ойынын ойнап отыр ем, кенет терезе қағылып, досым бірге ойнап келуге шақырды. Енді ғана терезені ашып шыға алмайтынымды айтпақ болғанымда, өзімнің бүгін ғана 1-қабаттан 10-қабатқа көшіп келгенім есіме түсті...
  5. Түн ішінде үрейлі түс көріп шошып оянғанымда, ағам төсегімнің шетінде отыр екен. Алаңдап сұраған ағама түсімде бір топ адамның бастарын қолына ұстап, мені қуалап жүргенін айтып едім, «мынадай ма?» деді ағам басын жұлып алып...

 Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: soundcoder.wordpress.com

Қ. Қауымбек