Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Жоғалған шақыру қағазы

Жоғалған шақыру қағазы

Жоғалған шақыру қағазы

Қытай елінде жоғары оқу орындарына емтихан тапсырғанда, мұндағыдай емес, сынақтан сүрінбей өтсең қабылданған университетіңнен шақырту қағазы келетін. "Шақыру қағазын күту" деген қиын сәтті бәріміз де бастан өткердік. Жақсы оқу орнынан шақырту келіп жатса, бүкіл ауылға ат шаптырып той да жасайтындар бар еді. Ал екі ай бойына шақыру келмеді ме, онда емтиханнан өтпегенің, еңбегің селге кетті дей бер. Ондайда жалғасты оқығысы келетіндер мектеп ауыстырып, келесі жылы қайта тапсыруға тура келетін. "Шақыру қағазы" жайлы мына бір әңгімені оқығанымда жүрегім шаншып қоя берді. Сосын отырып аударуға кірістім...

Мектеп бітірген жазғы демалыста күн сайын алаңдаумен шақыру қағазын күттім. Өзге кластастарым бірінен соң бірі қуанышымен бөлісіп жатты. Әр күні қуанышты хабар күтумен тамағымнан ас та өткен жоқ. Содан болар, бір күні аяқ астынан дене қызуым көтеріліп, ауырып қалдым. Түс ауа әкем езуін жимастан кіріп келді. "Ұлым, шақыру қағазың мектепке келіпті. Мен барып әкеле қояйын" деді. Қуанғанымнан көзімнен аққан жасты тия алмай қалдым.

Кеш батты. Ай да көтерілді. Әкемнің қарасы көрінбейді. Тағатсыздана бастадым. Ел жатар кезде үсті-басы суға малшына, сүлкіні түсіп әкем келді. Жүрегім әлденені сезгендей алаңдай бастадым. Әлден соң терең күрсініп отыра кеткен әкем ескі кепкісін жұмарлай қысып, төмен қарап, кібіртіктеп:

- Ұлым, емтихан нәтижең жоғары екен... Бірақ, қайсы оқу орнынан келгенін есімде ұстай алмадым... Қайтар жолымда абайсызда аспалы көпірден түсіп кетіп... Шақыру қағазыңды...

Ары қарай тыңдағым келмеді. Төсегіме етбетімнен құлай кеттім. Әкемді жек көріп те, жылап та жатырмын.

Сол кештен бастап әкеме қарамай қойдым.

Ішқұсалықпен өткен жаз да кетті. Жаңа оқу маусымында мектеп ауыстырып, 11 сыныпты қайталай оқыдым. "Мен жақсы оқушымын. Былтырғыдан да жақсы университетке түсуім керек" деген ызалы сеніммен тырысып оқыдым. Бір жылдық жапалы еңбегім жеміс берді. Ақыры түсімде ғана көретін шақыру қағазын өз қолыммен тапсырып алдым да, бұрынғы мектебіме барып, класс жетекшімнен сүйінші сұрауға жүгірдім. Жетекшім қуанышпен қолымнан қысып тұрып:

- Үйрену жағынан алдыңғы қатардағы оқушым едің. Бірақ, былтыр қалайша емтиханнан өтпей қалғаныңа таңым бар. Мен де өкіндім. Бірақ, міне биыл қандай жақсы. Қайратыңа мініпсің. Әкең де қуанып қалатын болды-ау, - деді шын ықыласымен.

- Не? Немене?!. Мен былтыр емтиханнан өтпедім бе? Мүмкін емес!..- дедім таң қалып.

- Былтыр әкең мектепке келіп, нәтижеңді көрген соң, "Ұлымның жоғары университетке түпей қалуы маңызды емес. Мен оның рухы түсіп, бар үмітін бір жола үзуінен алаңдаймын" деп еді. Әкең сені қалай жігерлендірді екен? Мен білмедім...

Көз алдым тұмандана бастады. Сол кездегі әкемнің мені үмітсіздендірмеу үшін қасақана "суға түсіп кеткен" бейшара бейнесі көз алдыма келе қалды. Көз шанағыма еріксіз жас іркілді. Ештеңеге қайрылмастан ұшқан құстай үйге жүгірдім. Жылап келем. Қиялымда тек шақыру қағазымды әкеме көрсетіп, оның алдында тізерлеп отырып, маған айтқан "жалған сөздері" үшін кешірім сұрау ғана бар.

 

Дайындаған: Қайсар Қауымбекұлы

Сурет: baidu.com

2282 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 28 қазан 2012, 18:51
Пікірлер
+0
28 қазан 2012, 21:24

Акенин ен асыл мураты осында, омирдин мани де осында. Кайсар алдында ананын кадирин жазып ед, енди акеникин жазыпты. Осындай аудармалар жазай бер,.Кайсар.

+0
28 қазан 2012, 21:59

"ей, адамдар, шүкіршілік етіңдер, бұл өмірде әкелердің барына"...

+0
28 қазан 2012, 22:28

еріксіз ой салады адамға, қызыға оқыдым. Тамаша!

+0
28 қазан 2012, 23:22

Әке асқар тауың деп бекер айтылмаған. Бар кезінде бағалай алсаң соның өзі бақыт емеспе...

+0
29 қазан 2012, 00:55

:( juregim jylap koya berdi

+0
29 қазан 2012, 09:12

мен оқуға түскенде де, хабарды әкем айтып келіп еді... Сол кезде әкемді құшақтап жылағаным-ай! Қуаныштың көз жасы! :)

+0
29 қазан 2012, 09:25

тухх жүрегіммм

+0
29 қазан 2012, 09:48

Ананың қадірін бірінші білеміз, ал әкеге келгенде... Жер бетінде қаншама абзал әке бар. Ал солардан тараған қаншама абзал ұрпақ бар... Асқар тауымыз аман болсын дейік!!!

+0
29 қазан 2012, 10:24

керемет

+0
29 қазан 2012, 10:37

Осындай баласы үшін құрбандыққа баратын әкелерден айналып кетпейсің бе?! Тасжүрек әкелерге сабақ болардай өнегелі әңгіме екен, авторға респект!

+0
29 қазан 2012, 11:29

әкенің бұл ісі тәрбиенің озық үлгісі. Ерлік! Өмірімізде осындай бір ерлік жасай алсақ, ғұмырымызды бос сүрмегеніміз болар еді...

+0
01 қараша 2012, 05:07

әдемі шығарма екен... Қайсеке, жүрегімізде не өшің бар, тәйірі? ауырта бердің, жылата бердің ғой. тым ауырлап барады...

+0
06 қараша 2012, 13:36

Сіздің осындай жолдамаларыңызды ұнатып оқимын. жүректі тазалай білетін шығармаларыңыз көбейе берсін.

+0
07 қараша 2012, 15:08

:cry:

+0
11 қараша 2012, 11:04

рахмет. айналайын

+0
15 қараша 2012, 01:47

Тамаша әңгіме екен. Әкемді еске салдың ғой

+0
17 қараша 2012, 02:24

Әке махаббаты :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...