Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Бақыт Беделхан: "Жарты өмірімді қысқартып өлең жазам"

Бақыт Беделхан: "Жарты өмірімді қысқартып өлең жазам"

Бақыт Беделхан:

Кеше «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық ұйымының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, әр жанрда қалам тербеп жүрген сегіз қырлы, бір сырлы ағамыз Бақыт Беделханмен кездесу өтті.

Жасыратыны жоқ, көптеген жастар аяқ тартып жүретін ағамыз баладай көңіл мен даладай дархандықтың иесі екен. Салған жерден кездесудің ресмилігінен гөрі еркін өткенін қалап, жастармен ашық әңгіме-талқыға көшті.

- Ақындық пен азаматтықты қалай ұштастырасыз?

- Азамат болмай ақын болу мүмкін емес. Менің бар міндетім – өлеңді өтірік жазбау. Жарты өмірімді қысқартып өлең жазу арқылы халқыма қызмет етем. Сондықтан болар, есі дұрыс өлең жазғым келеді. Ал меніңше есі дұрыс өлең тағдырды жазудан басталады. Яғни өз тағдырыңды жазу арқылы руханиятты дамыту. Мәселен, Мұқағалиды алып қараңыз?!

- Өлең деген не?

- Жаратқанның сыйы! ...Қадір әр өлеңін қыз құсатып ұзатқан. Ендеше, өтірік өлең де кемтар бала сияқты өмір бойы масыл болмақ. Мен әр өлеңімді електен өткізіп, уақыт жағынан қысым жасамаймын. Бір айта кететінім, түсініксіз өлеңдерді бұл қатардан алып тастауға болмайды. Жаны бар өлең түсініксіз болса да адамға әсер етеді. Бұларды Тұманбайдың тілімен айтқанда «Әйбәт өлең!» дейміз.

- Өлең жазуда экспериментке барып көрдіңіз бе?

- Алғашында мықты ақын болам деп бірден керемет өлеңдерді жазуға тырыстым. Тәжірибе іздедім. Алайда, түбі кез келген адам қара өлеңге қайтып оралады екен?! Кез келген әлемдегі ең атақты ақындардың өлеңін алып қараңыз...

- Қазіргі жас ақындар экспериментке барып жүр ме?

- Өткен жылы, 12 сәуір күні ақындарды мереке күнімен құттықтадым. Сөйтсем бәрі хабарласып, «ғарышкерлер күні» еді ғой деп әңгіменің мәнісін түсінгілері келді. Сосын мен де қарап тұрмай, қазіргі ақындардың көбі аспанда ұшып жүретінін алға тарттым. (Күлді). Мәселен, әдебиетке ат ізін салып, енді-енді қалам тербеп жүрген ақындардың бәрі бір-бір аспанның иесі болып алған. Әр өлеңін алып қарасаңыз,  дені көпшілігі аспанның жыртығын жамылып алып, жамылып жатуға құмар. Солардың жерге түскенін қалаймын.

- Студенттердің ортасы болғандықтан, ең алғаш рет оқуға қалай түстіңіз? Алматыда оқуға ата-анаңыз қарсы болыпты?

- Мен үйдің он екінші баласымын. Мектеп кезінен бастап өлең жазып, әр өнерден хабардар болып қалуға тырыстым. Және ата-апам да сүйікті немерелерінің қасында болғанын қалады. Бірақ, бір көктемде ұстазым Алматыға оқуға түс деп кеңес берді. Содан кейін күндердің бір күні өріске сиырларды айдап барып, қайтар жолда шөп арасына тығып қойған сөмкемді ұстап, Алматыға тартып отырдым. Бірден ҚазҰУ-ға келдім. Түсе алмайтынымды біліп, ауылға қайтайын деп жүргенде  бағым жанып кетті. Он жеті мақтау қағаздың арқасында (ауылда жүріп республикалық жарыстарда көзге түскен) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне түстім (ол уақытта атауы басқа болатын).

- Студент кездің қызықтарын айтып берсеңіз?

- Аумалы-төкпелі заманның ең сұрқай кезі еді ғой. Оқуға түскен бірінші жылдың алғаш жартысынан соң ауылдағыларға ақша жіберіп тұрдым. Енді сол уақытта тойларда асаба болып, қолдан келгенше бірнеше жұмыстарды жасап жүретінмін... Бір күні ауылдан кемпір-шал келетін болды. Содан достарыма айтып жүріп, оларды құда мен құдағи сияқты күтіп алдық. Көздері жетіп, ақшаны әділ жолмен тауып жүрген соң ауылға көңілдері көтеріліп қайтты. ...Келмейтіндей болып (Күлді).

- Ақындар қандай болады?

- Ақындар мақтаншақ болады. Және әруақытта елдің назарында жүргісі келеді. Кез келген ақынды құртудың бір-ақ жолы бар. Оларды жай ғана елемей қойсаң болды. Бір сөзбен айтқанда, ақындар гүл сияқты...

Өмірде дос бола ма?

- Адамның ең жақын досы – жалғыздық. Бұл өмірде адамдардың бәрі жалғыз. Ешкімге еш нәрсені сеніп айтуға болмайды. Алда-жалда сатып кетіп жатса, өзіңе қиын тиеді. Ең бастысы, жалғыздық деген жақсы нәрсе!

Соңғы жазып жатқан шығармаңыз?

- «Жақсы адам ба еді?!» мен «Квартирант» деген пьесаларды жазып жатырмын. Уақыт жағынан асықтырғым келмейді. Осы екі дүниені жақсы жазып бітірсем екен...

- Әңгімеңізге рахмет!

сурет: Өмірбек Сансызбайдан

 

8498 8
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 16 қазан 2012, 14:43
Пікірлер
+0
16 қазан 2012, 13:39

Мен кеше өзім үшін ақын Бақыт Беделханды таптым.

+0
16 қазан 2012, 13:48

Мына сұхбаттарың не деген өтірік жазылған, достарым! "Иә, өзім болып қала алдым. Ешкімге ұқсамайтын ақын болдым. Мені басқа біреумен шатастыруға болмайды. Өлеңді жазбайтын, туатын адамның жайы солай." деген сөз айтқан жоқ. рас, осыған ұқсас айтты. бірақ мына жазғандарың Бақыт ағаны басқаша көрсетіп тұр. Жарасқан экспериментке көп бармаған ақын. тіпті, жоқ десе болады. Өтежан барған, Әділ барған ондайға. Қызылордалық марқұм Асан ақын барған көп экспериментке. Жазып жатқан пьесасы "Жақсы адам ба еді?"
. Осының бәрін асықпай жазбадыңдар ма?

+0
16 қазан 2012, 14:08

Баке, ешкім қолына дыбыс алғыш ұстап отырған жоқ. Фарабидікі тек ойда қалған дүниелер ғой. Бірақ, ренжімеңіз, түзетуге кеш те емес.

+0
16 қазан 2012, 14:16

Мен не деп ренжимін. Бакеңнің ойын дұрыс жеткізсеңдер болды ғой.

+0
16 қазан 2012, 14:03

Ел үшін еңіреп туған жігіттердің бірі осы Бақыт аға ғой. Салиқалы сұхбат болды. Бакең бір ағылып сөйледі, ей, кеше! Бауырларының көкірегіне асқақ рух салып кеткендей болды.

+0
16 қазан 2012, 14:54

Бұл кісі бүгінгінің серісі ме деймін, артынан гу-гу әңгіме ерте жүреді... :roll:

+0
16 қазан 2012, 15:04

сол жауапты басқаша жазу керек еді...

+0
16 қазан 2012, 15:45

Ақын ағам басынан шляпасын ешуақытта тастамайды. Өз стилі бар. Қалам тербегенде де өзгеге ұқсамайды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...