Өлең оқу үшін де өре керек

Өлең оқу үшін де өре керек
Фото: mprende.co

Әдебиеттің үш негізгі жанрының ішіндегі ең көркем өнер түрі – поэзия. Бұл туралы ақиық ақын Мұқағали Мақатаев "Поэзия, меніменен егіз бе едің?" деп жырлап, өз жанын өлеңмен егіз санаған. Өлеңді жиі оқисыз ба? Байқасаңыз, өлең оқыған сәтте жан дүниеңіз тазарып, ақынмен бірге алапат күй кешесіз. Кейде құдды бір ақын айтқан сөз, оқиға немесе сезім сіздің басыңызда болып жатқан секілді әрі-сәрі күй кешетініңізді еріксіз мойындарсыз. Ия! Өлең – ақындарға берген Тәңір аманаты! Қазақ ақынын сүйген, екі ауыз өлең құрай алған халық екендігін де жоққа шығара алмассыз. Ендеше, өлең жөніндегі белгілі сыншы Сағат Әшімбаевтың ойларына назар салайық! 

***

Өлең - ой мен сезімнің образға айналған көркемдік жарасымы.

***

Образдылық әлем поэзиясына тән қасиет болғанымен, сыртқы түр жағынан да, ішкі мазмұн тұрғысынан да ұлттық ерекшеліктері болады.

***

Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше, түрі (форма) келісіп, бірақ ой мен сезім парасаттылығы жетпей жатса - өлең өлең емес, құр айғай болып шықпақ.

***

Өлең сұлулығының басты өлшемі (критерий) - мазмұн мен түр арасындағы жанды жарасым (пропорция) сақталып, диалектикалық байланыстың үзілмеуі.

***

Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы.

***

Өлең оқу үшін де өре керек.

***

Өлеңнің жаны сұлулық. 

Ж. Жұмағұлов