Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Нұртөре Жүсіп: «Шерағаның жазарманға деген құрметі бөлек»

Нұртөре Жүсіп: «Шерағаның жазарманға деген құрметі бөлек»

Нұртөре Жүсіп: «Шерағаның жазарманға деген құрметі бөлек»

Халықтың қалаулысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы Шераға, Шерхан Мұртаза бүгін 80 жасқа толып отыр.

Аға қаламгердің еңбегі мен өнбегі қалың халықтың көз алдында. Шерағаның кіндік кескен туған жері, құт-мекен Жуалыда ертең торқалы той. Ағалы-жағалы жандардың, жалпы дүйім жұрттың жиналып, бас қосатын күні. Кейіпкерімізді мінберде көруге, мерейін өсіруге асыққандардың легі қалың.

Шерхан Мұртаза

Өз кезігімізде, Шерхан Мұртазаның шәкірті, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіптен сұхбат алған едік. «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» деп бекер айтпасақ керек, Н.Жүсіптің Шерағаңа деген сый-құрметі елден ерек екен, сұхбат беруге бірден келісім беріп, бізді де қуантқан еді.

- Ертең Шерағаның тойы... Сіз не дейсіз?

- Ағамыз қыркүйектің 28-інде, яғни бүгін мәртебелі 80 жасқа келіп отыр. Бүкіл саналы ғұмырында қазақ елінің тілі, әдебиеті, мәдениеті жолында күресіп келе жатыр. Көптеген республикалық басылымдардың басшысы болды.  «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан» газеттерінде бас редактор болған кезінде өте тегеурінді, талапшылдығымен көрінді. Кейіннен депутаттық қызметті алып, халық қалаулысы болды. Көптеген мәселелердің бастауы осы кісінің ойынан туған еді. Қай жерде, қандай қызметте болмасын, Шерағаңның азаматтық үні естіліп отырды. Ал нарықтық реформалар басталған тұста Камал Смаилов екеуінің жазысқан хаттары көптеген оқырманға әсер етті деп батыл айта аламын. Сөйте жүре, қаламын қолынан тастамады: «Бесеудің хаты», «Қызыл  жебе», «Ай мен Айша» деген ғұмырнамалық үлкен шығармасын ұсынды. «Бір кем дүниесінің» өзі неге тұрады...

Нұртөре Жүсіп

Зейнолла Қабдолов «Менің Әуезовым» дейді. Ал «Сіздің Шер-ағаңыз» қандай? 

- Шерағаңды өз басым ұстазым деп білемін. Мен Павлодарда жүрген кезде «Егемен Қазақстан» газетіне арнайы шақыртып алып, уақыт ұзатпай ең жас бөлім редакторы етіп тағайындады. Тіпті ең жас редколлегия мүшесі етіп сайлап, қолдауын аямады. Телеөндірісте де біршама жаңалықтар ала келді. «Таңшолпан» сол кезде дүниеге келген еді. Менің Шерағам, айта берсек, таусылмайды ғой, сан қырлы, өткір мінезді, орақ тілді шешен, көсем...

Ағамыздың игілікті істерін айта отырыңыз...

- Есімде... 1991 жылы 15 сәуірде ең бірінші болып өз есімінен «-ов», «-ев» дегенді алып тастау туралы идея көтерді. Сол кезде редакция мүшелерінің барлығы да Шерағаның бастамасын қабыл алып, сол күні-ақ «-ов», «-ев» дегендерден құтылған едік. Тағы да бір сыры, Шерағаң адам баласына, әсіресе тілшіге деген құрметі бөлек еді. Егер жазған дүниең жақсы болса, баса-көктеп мақтай бермей, қол қысып ризалығын білдіруші еді. Қолыңнан сәл сәтке ғана қысып тұрып қалуынан асқан мақтау көрген жоқпын. Еңбекті әділ бағалайтын қасиеті зор. Қол астында жүргенімізді ұсыныстарымызды қабыл алатыны бізге деген үлкен сенімі еді. Соның арқасында да, біз өз үнімізді естірту үшін Шерағаның шекпенін киіп шықтық деп айтуға болады. Ағамыз аман жүрсін, нәсібі таусылмасын.

 Әңгімелескен: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: sim.kz, almaty-akshamy.kz, proza.ru 

4618 16
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 28 қыркүйек 2012, 13:38
Пікірлер
+0
28 қыркүйек 2012, 13:17

Ағасыздың мерейтойы құтты болсын

+0
28 қыркүйек 2012, 13:18

ағамыздың*

+0
28 қыркүйек 2012, 13:20

торқалы той құтты болсын!

+0
28 қыркүйек 2012, 13:45

Торқалы той деп өлім-жітімге қатысты айтпай ма?! Бұл дүбірлі, үлкен той болып тұр. Шер-аға мықтыыы :mrgreen:

+0
28 қыркүйек 2012, 13:56

Торқалы деген сөздің мағынасы сіз ойлағандай жаман ұғым бермейді. Үлкен той деген мағынаны үстейді

+0
28 қыркүйек 2012, 13:57

жоқ, олай емес, үлкен бір ағам айтады: қазір жұрттар торқаны топырақпен байланыстырады. Торқа мамық мата. "Топырағы торқа болсын" деген тұрақты сөз тіркесін "торқалы тоймен" шатастырмау керек." Меніңше, бұл сөз дұрыс

+0
28 қыркүйек 2012, 14:59

солай ма?)білмеген екенмін...тағы да сұрастырып көрмесем

+0
28 қыркүйек 2012, 15:55

расымен "торқа" сөзінің өлім мен қуанышқа бірдей айтыла беретіні ойландырып отыр :roll:

+0
28 қыркүйек 2012, 13:21

Мерейтойға бүгін шығамын!

+0
28 қыркүйек 2012, 13:26

Сексеннің сеңгіріне келіп отыр екен ғой... "Қызыл жебесімен" өсіп ек... Құтты болсын! Біздің Ардақ бақытты, Шерағаның көзін көріп келейін деп жатыр ))

+0
28 қыркүйек 2012, 13:28

бірдеңе беріп, немесе сәлем айтып жіберсің болады :)

+0
28 қыркүйек 2012, 13:44

Той құтты болсын)

+0
28 қыркүйек 2012, 13:45

бүгін мереке ғой, Мұхтар, Оралхан, Шерханның тойы!

+0
28 қыркүйек 2012, 16:05

үшеуін бірге қатарластыруға келмейді меніңше, Мұхтар жеке тұлға :|

+0
30 қыркүйек 2012, 02:58

мұның даусыз енді. Мен де солай ойлап қоямын :roll:

+0
28 қыркүйек 2012, 13:50

Той құтты болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...