Орыс қаламгерлерінің өмірінен қызықты деректер

Орыс қаламгерлерінің өмірінен қызықты деректер
Фото: www.rulex.ru

Жазушылық – екінің біріне қона бермейтін бақ. Олар – адам жанының барометрі. Көпшілік оқырманға атақты жазушылардың өмірі қызық. Жазушылар қауымының не істеп, не қойғаны, неге қызыққаны жалпы жұртшылықтың назарын аударары сөзсіз. Орыс қаламгерлерінің өмірінен қызықты деректерді оқи отырыңыздар! 

Александр Пушкин

Пушкин жатар алдында жанына үстел, оның үстіне қағаз-қалам әзірлеп қоятын болған. Ол өзінің өлеңдерін ояна салып жазған. 

Михаил Лермонтов

Лермонтов кішкентай бала кезінде сөз ұйқастарын тауып сөйлеп, дыбыс үндестіктерін келтіріп айтуды ұнатқан. Ол тілі шығысымен-ақ сөйлеген сөзінде, тақта — қақпа, сарай — торғай деген сияқты ұйқас сөздерді табуды ойлаған. Форма жағынан икемсіз күлдіргі сөздерді Лермонтов 5-6 жасында-ақ шығарған.

Лев Толстой

Толстой шахматты аса қадірлеген. Жас кезінде оны ой жұмысына шынықтыратын, мінезді қалыптастыратын әдіс деп білсе, кейін одан аса бір рахат тауып шын демалған. Қазан университетінде оқып жүрген кезінде шахмат ойынын ол өздігімен айналысатын ісінің бірі ретінде күнделікті жұмыс кестесіне енгізеді.

Николай Гоголь

Гоголь өз өмірінің көбін ел аралаумен өткізген болатын. Ол бір жерде тұрақтап отырмайтын. Жазушының чемоданында көптеген қолжазбамен бірге әрдайым бір-екі пар әдемі етігі болатын еді. Бұл Гогольдің жас шағынан бастап әдетін айналған еді.

Ж. Жұмағұлов