Күллі ғалам жұмбағының шешімі – кітапта

Күллі ғалам жұмбағының шешімі – кітапта
Фото: vk.com

Кітап – адамның ішкі мәдениетін байытатын асыл қазына. Оксфорд университетінің ғалымдары қобалжудан арылып, күйзелістен құтылудың ең пайдалы жолы кітап оқу деп санайды. Себебі оқу сана-сезімге бірден әсер етеді. Зерттеуде ол ішімдік ішу, шай ішу, музыка тыңдау, серуенге шығу секілді сергіткіш заттарды басып озған. Біз бүгін сіздерге кітап оқудың пайдасы туралы тың деректер ұсынамыз. 

Кітаптың пайдасы:

1. Үздік автордың шығармаларын оқи отырып, дұрыс сөйлеуді үйренесіз.

2. Мәдениетіңіздің көрсеткіші – оқыған кітабыңыздың санында емес, оны ұғынып оқығаныңызда.

3. Кітап оқитын адамдар әрдайым теледидар көретіндерді басқарады.

4. Кітап қашанда фильмнен артығырақ, себебі ол қиялыңызға шектеу қоймайды.

5. Көп оқыған сайын әр нәрсеге еліктеуді азайтасыз.

6. Адамдар 2 топқа бөлінеді:

- кітап оқитындар;

- оларды тыңдайтындар.

7. Тиыннан теңге құралатыны секілді, көп оқыған сайын біліміңіздің өрісі кеңейеді.

8. Денеңіз физикалық жаттығу жасағаннан сергитініндей миыңыз кітап оқығаннан демалады.

9. Ақылды болу үшін он кітап оқысаңыз да жеткілікті, ал сол он кітапты табу үшін мың кітап оқуға тура келеді.

10. Кітапқа сеніңіз. Ол ең жақыныңызға айналады. Қажет деп тапсаңыз, үндемейді. Ал керек кезінде күллі ғаламның жұмбағының шешімін алдыңызға жайып салады.

Ж. Жұмағұлов