Горький: "Адам жақсыны арман етсе, өмірінде бәрі де жақсы болмақ"

Горький: "Адам жақсыны арман етсе, өмірінде бәрі де жақсы болмақ"
Фото: um.mos.ru

Орыстың әйгілі жазушысы, орыс әдебиетінің белді өкілі, драматург Максим Горькийдің шын есімі – Алексей Максимович Пешков. Әдебиетке өлшеусіз еңбет еткен қаламгер «Ана» («Мать»), «Менің университеттерім» («Мои университеты»)«Климан Самгиннің өмірі» («Жизнь Клима Самгина»), «Үшеу» («Трое»), «Керексіз адамның өмірі» («Жизнь ненужного человека»), «Тәубе» («Исповедь»), т.б. секілі көлемді романдар мен повестердің авторы. Қаламгердің айтқан тәрбиелік мәні бар ойларын оқи отырыңыздар!

***

Қайғы-мұң - махаббаттың соңынан қалмайтын көлеңке. 

***

Кейбір адамдармен сөйлескеннен кейін итпен қол алысып, маймылға қарап жымиып, пілге барып тағзым еткім келеді. 

***

Адам әрдайым қолы жетпейтін нәрсеге деген құштарлықпен өмір сүруі керек. Себебі биікке қол созған сайын бойы да, ойы да өсетін болады. 

***

Адамның мәдениеттілігін — оның әйел адамға деген қатынасынан анықтауға болады. 

***

Кейде батпақта жүрген адам жібекке оранған адамнан да таза болады. 

***

Адам - бәрін жасай алады...шын қаласа болғаны. 

***

Махаббат – өмір сүруге құштарлық.

***

Тіпті ұсақ - түйекте де шыншыл болу қажет. 

***

Бақыт әрқашан сенің қолыңда тұрғанда, кішкентай болып көрінеді.

– Сол сәтте бақытты, өз қолыңмен жібер. Сол кезде оның үлкен және керемет екенін түсінесің... 

***

Адам жақсыны арман етсе, өмірінде бәрі де жақсы болмақ. 

***

Сұлулық пен даналық – қарапайымдылықта. 

***

Жақсы күлкі — рухани денсаулықтың сенімді белгісі. 

***

Аз да болса өз ақылың болсын. 

***

***

Өмірде ерлікке әрқашан орын бар. 

***

Біліммен қаруланған адам – жеңімпаз адам. 

Ж. Жұмағұлов