Туған жерден топырақ бұйырмаған тұлғалар

Туған жерден топырақ бұйырмаған тұлғалар
Фото: Kompas

Қазақ ағайынды өкпеге қиса да өлімге қимаған халық. Жат жердің топырағына жақынын тастамаған. Тарихтың беттерін парақтап, ерліктерді еске түсіретін болсақ, Абылайдың өзі қырық батырдың басынан мұнара тұрғызған қырғыздарды қатаң жазалап, батырларға туған жердің топырағын бұйыртқызған. Мұндай ерліктер дәуір жылжып, ғасырларды араға салып қана қайталанатыны белгілі. Десе де, аласапыран да алма-ғайып есте жоқ ескі заманда қаншама шайырлар мен батырлар қыр асып, білім қуып кеткені мәлім. кейбіріне өз заманының саяси хал-ахуалы да әсер етті. Өзге емес өз басыңды арашалай алмайтын кезеңдерде ондай тұлғалардың іздеусіз қалғандары тағы бар. Өз жерім деп еркін жүрген көшпелі елдің бүгінде шекарасы шектеліп, кей аудандар өзгенің қанжығасына кетті. Сондай тұстарда сүйегі туған жердің төсінен орын алмаған жампоздарымыз қаншама?! Жат жұртта жерленген кімдер, ендеше?!

Әбу – Насыр әл-Фараби – Отырарда туып , Сирияның  Дамаск қаласындағы "Баб-әс- Сағир" зиратына жерленген.

Бейбарыс Сұлтан  – Қыпшақ даласында дүниеге келген даңқты қолбасшы Каирде жерленген.

Мұхаммед Хайдар Дулати –  Үндістанның Кашмир штатындағы "Мазари-и-Салатин"  қорымында жерленген.

Хасен Оралтай – Түркияның Салихлы қаласындағы мұсылман зиратында

Мұстафа Өзтүрік – Түркияның Стамбул қаласында жерленген.

Мұстафа Шоқай – Берлин қаласындағы "Түрік шаһитлігі" мешітінде жерленген

Доспамбет жырау – Астрахань маңында Азау қаласында жерленген

Қадырғали Жалайри – Ресейдің Рязань қаласында жерленген

Бөкей хан Нұралыұлы – Ресейдің Красный Яр ауданында жерленген.

Әлихан Бөкейханов – Ресейдің Уфа қаласында жерленген.

Жүсіпбек Аймауытов – Мәскеу қаласында жерленген.

Тұрар Рысқұлов – Мәскеу қаласында жерленген.

Төле би – Ташкенттегі "Шайқантәуір" зиратында жерленген.

Әйтеке би – Өзбекстанның Науаи облысының "Нұрата" мешітінде жерленген.

Сырым Датұлы– Қарақалпақстанда жерленген.

Тәуекел хан  – Самарқан қаласында жерленген.

Шығай хан – Самарқан қаласында жерленген.

Жалаңтөс баһадүр – Самарқан өңіріндегі Дағбид қыстағында жерленген.

 

 

Ә. Жутаева