Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Қалтаң қалың ба, қаламгер?

Қалтаң қалың ба, қаламгер?

Қалтаң қалың ба, қаламгер?

Әлемді аузына да, қаламына қаратқан атақты жазушылар бір жылда қалтасын қаншалықты қалыңдатып үлгереді екен? Осы сұрақтың жауабын іздеу мақсатында бүгін қалмагерлердің қалтасына қол сұқпасақ та, көз сұғып көрмекпіз. Бұл үшін жылдық рейтингтің қорытындысын жариялаған Forbes журналына үңілмеске шара жоқ. Ендеше, көшті кім бастап тұр екен?

 

Әлемдегі ең көп табыс табатын жазушылардың көш басында америкалық жазушы Джеймс Паттерсон тұр.

Бұл орынға ол алғаш рет жайғасып отырған жоқ. Ол қатарынан үшінші рет осы көштің басын бастап жүрген ең бай жазушы. Қалтасы қалың қаламгер 2011 жылдың мамыр айынан 2012 жылға дейін 14 жаңа кітабының тұсауын кесіп үлгеріп, 94 млн. долларға ие болған.

65 жасты бағындырған жазушы триллер жанрында жазудың нағыз шебері десек, қате айтқандық болмас, сірә. Оның үлкен сұранысқа ие болған коммерциялық кітабы америкалық психолог Алекс Кросс жайында.

Сонымен қатар Паттерсон детектив Майкл Беннете жайында 4 роман және 10 кітап жазған.

Оның бұл еңбектері елеусіз қалмастан, «Әйелдердің қылмысты тергеу клубы» атты әлемдік жинаққа да енген. Мұнымен қоса оның әр жазған шығармасына атақты сыншылардың сыны келіп түскен. Ол сындардың басқа авторлардың шығармашылығымен салыстырғанда бағасы тым жоғары. Шытырман оқиғаларды құрастыруымен ол балалар әдебиетіне де танымал автор.

Бұл табысты қаламгерлердің көшінде екінші орынға ие болған автор – фантастика мен қорқынышты оқиғалардың аңызға айналған шебері Стивен Кинг.

Оның қалтасына үңілсек, 39 млн. доллары барына куә боламыз.

Ал үшінші орында кім отыр? Әлемдік көштің үшінші орынына жазушы, детективті роман жазудың нағыз шебері Джанет Ивонович жайғасыпты.

Осы уақыт аралығында ол 33 млн. долларға байыған екен.

Рейтингтің төртінші орнында заңға жақын триллерлік шығармалардың авторы Джон Гришэм отыр.

Оның жылдық кірісі 26 млн. долларды құраған.

Ал бесінші орынға балалар жазушысы, «Осалдың күнделігі» кітап сериясының авторы Джефф Кинни ие болды.

Қалтасында 25 млн. доллары болмаса, иеленер ме еді, кім білсін?!

 

Былтырғы рейтингте екінші орыннан төбесі көрінген қаламгер Даниэла Стил биылғы көрсеткіш бойынша сегізінші орынға құлдырап кетіпті.

Оның ізінен «Аштық ойындары» атты триллогиясымен атақты автор Сьюзен Коллинз ілескен.

Осы аттас кино мамыр айында көгілдір экранға жол тартып, тек АҚШ-та ғана емес, әлем бойынша аса танымалдылыққа ие болған жайы бар.

Гарри Поттер жайына ой тербеп жүрген британдық жазушы Джоан Роулинг осы рейтинг бойынша 11 орынды місе тұтыпты.

Басқа бәсекелестерімен салыстырғанда ол небәрі 8 млн. доллар ғана қаражатпен қанжығасын майлап үлгерген көрінеді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: vmnews.ru, gorpom.ru, forbes.com, livelib.ru, kinootzyv.com, book2.me, audio-booki.ru, znaki.fm, digrus.ru, nnm.ru, lookatme.ru, gpmovie.r, peopleschoice.ru, reeed.ru

1940 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 13 тамыз 2012, 14:07
Пікірлер
+0
13 тамыз 2012, 18:16

Ужыс, Стивен Кингтан басқасын танымайды екем :oops:

+0
13 тамыз 2012, 19:05

Джеймс Паттерсонның атын естігем,ал Джоан Роулингты таним,кітабының барлығын оқығанмын

+0
15 тамыз 2012, 00:13

менің талғағым емес бұлар

+0
15 тамыз 2012, 21:54

Менің де талғамым емес екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...