Гарридың кітап сыртындағы күндері...

Гарридың кітап сыртындағы күндері...

Гарри секілді өрімдей жастың тағдыры арқылы бүкіл әлемді бір кітапқа сыйдырып жіберу жазушы талантының сан қырлылығын білдіреді. Үлкен еңбек, ауыр ізденістерің арқасында келген толағай шабыт 1992 жылы дүниеге соны туындыны алып келді. Бірақ, деректерге жете үңіліп қарасақ, кітап 1995 жылы ғана басылып шыққан. Бұл дегеніміз...

Джоан Роулинг аталған кітап сериясының бірінші бөлімін бітіріп қойса да, қай баспадан бастырып шығарарын білмей дал болған екен. Қайдан бастырғаны сол, сол уақыттың баспаханалары кітапты басып шығаруға келісім бермей, ат тондарын ала қашқан. Олар да адам ғой, кітаптың танымал болып кетуіне өте-мөте қатты күмәнмен қараса керек-ті.

Бақытқа орай, 1995 жылы  «Блумсберри» атты шағын баспахана ғана Джоан Роулингтің кітабын басып шығаруға келісім береді. Содан не керек 1997 жылдың 26 маусымында "Гарри Поттер және философиялық тас" шығармасы жарыққа шығады.

Тағы бір қызығы сол, ағылшын жазушысы Гарриге жарнама жасайтын қаржы таппаған болып шықты. Жазушы да, баспахана да тырнақалды дүниенің соншама атақ-даңққа бөленбейтінін сезіп, жай ғана күнделікті тіршілікке бой ұрып кеткен. 

Ең қызығы осы, "жаман" кітаптың ертелі кеш жақсы атағы шығып, жер-дүниенің талай оқырманы таласа-тармаса оқитын туындыға айналып шыға келеді. Баспахана мен жазушыға үлкен рақмет!

Сурет:neo-kids.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига