Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Әдебиеттегі ұлы достық. "Мен ревизор емеспін"

Әдебиеттегі ұлы достық. "Мен ревизор емеспін"

Әдебиеттегі ұлы достық.

Мектеп табалдырығында білім нәрімен сусындап жүрген кездің ең жарқын сәттері атақты орыс жазушысы Н.В. Гогольмен байланысты. Олай деп айтқымыз келетіні, орыс тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдер Полтавская губерниясында 1821 жылы туылған атақты орыс жазушысын қайталап айтудан жалықпаушы еді. Ең қызығы сол, атақты "Ревизор" шығармасы күн-түні әңгіме талқы болып, достар арасындағы өзекті проблемалардың бірі болатындығы. Әрине, мектеп жасында (оның үстіне қаймағы бұзылмаған қазақы орта) бір шығарманы түгел оқып бітіріп тастауға мұғалім рұқсат бермейтін (әрі өзіміздің де шамамыз келе бермейді). Әр күнгі сабақта қызу талқылау үшін бөлім-бөлімге бөліп, соны мұқият оқып келуімізді тапсыратын. Міне қызық пен шыжықтың бәрі осы жерден басталатын. "Ревизор" кім?

Сіз білесіз бе, 1835 жылы жазылған күлкі мен иронияға толы шығарманы Гоголь Пушкиннің идеясы бойынша жазғандығын?! Оған басты себеп, Пушкин мен Гогольдің жақсы қарым-қатынаста болғандығы және тамыздың тамылжыған күндерінің бірінде Александр (тегі араб болған) Новгородской губерниясының Устюжна елді-мекенінде орын алған бір қызық оқиға туралы әдебиеттегі досына тәтпіштеп әңгімелеп береді. Содан бастап Пасичник Рудый Панько (Гогольдің көп лақап атының бірі) орыс қоғамының (жоғары үкімет) орын алып жатқан былық-шылығын жақсылап тұрып жазуға бел шешеді...

Көп уақыт бойы Гоголь "Ревизордың" бөлім-бөліктерін Пушкинге көрсетіп, алдағы жазатын ой-жоспарларын бөлісіп жүрген екен. Өз кезегінде Пушкин де жақсы шығарманың орта жолда қалып кетпесі үшін жас досына сенім мен мадақ айтып тұрған. Себебі, Гогольдің бір-екі рет жазғысы келмей, Пушкинге шағым айтып келген кездері болған. Содан не керек төзім мен сабырды сарқа жүріп, ақыры даңқты шығарма дүние есігін аттапты.

Бұл туралы тағы бір орыс жазушысы Владимир Соллогубтың естеліктерінен оқып білуге болады. Ал ендігі бір деректерде Павль Свиньиннің (орыс жазушысы) 1815 жылы Бессараби елді-мекені туралы жазған шығармасы арқау болған деген болжамдар да бар. Аталған шығармада бір қаңғыбас адам бір ауылдың тұрғындарын жынды қылып, алдап кетеді екен.

Ең дөп келетін болжамның Пушкинге бір қатысы бары анық. Өйткені ең алғаш бұл шығарманы оқыған Пушкин және әңгіме барысында айтып кеткендей Гогольмен шығарма жайын жиі ақылдасып тұрған.

Сонымен не керек, Гоголь жазған, Пушкин айтқан шығарма классикалық туындылардың санатына жататын бірегей туынды болып қала береді. Әдебиеттегі ұлы достық жасай берсін!!!

Сурет:inkazan.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт 

3117 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 02 тамыз 2012, 15:52
Пікірлер
+0
02 тамыз 2012, 15:52

Гоголь жазған, Пушкин айтқан шығарма :idea:

+0
02 тамыз 2012, 16:00

Әдебиеттегі ұлы достық жасай берсін!!!

+0
02 тамыз 2012, 19:00

Мынадай дүниелер көп болсын. Мынадай болғанда, құр өкпесін желдетіп кететін "ботқа мақалалар" оқығанша, деректі, танымдық дүниелерді ойға салса қандай жақсы. Тақырып тапшы емес, көп, тіпті де көп. Айтылмай жатқан, жазылмай жатқан деректер жетім күйінде жоғалды ғой. Өз тарапымнан авторға бас бармақпен баға бердім. Жазар көбейсін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...