Кітап басып шығаратын автоматтар

Кітап басып шығаратын автоматтар

Зерттеулерге сенсек, көптеген адамдардың кітапқа деген махаббаты кенеттен оянады. Алайда, сол уақытта, сол мезетте-ақ құлықсыздық танытады. Себебі, кітап дүкеніне бару, бірнеше көшені жүріп өту бір қарағанда қиын болып көрінеді. Міне, осының бәрін ескерген батыс жұрты 2007 жылдан бері кітап автоматтарын қолданысқа енгізген. 

Аталған кітап автоматтары Ұлы Британия, Аустралия, АҚШ және Канада секілді елдерде тұрмысқа енгелі қашан. Күнделікті кітапханалар мен үлкен дүкендерде қондырылған дүние тамаша қасиеттерге ие. Мәселен, сіз өзіңіз ұнатқан кез келген кітабыңызды таңдасаңыз болғаны. Қалғанын автомат шығарып, сыртын қаптап, сіздің талғамыңызға сәйкес дайындап береді. Соңында ақшасын төлеуді ұмытпасаңыз болғаны.

Айтпақшы, автоматқа  "Espresso Book Machine" деген атау да берілген. Себебі, автомат қондырғысы секундына екі беттен шығарып отырады. Ал бұл өз кезегінде үлкен көрсеткіш болып саналады. 

Қазіргі таңда аталған қондырғыға Ресей елі қызығушылық танытып отыр. Бүкіл облыс аймақтары мен елді-мекендерде қондыру үшін 100 миллиард қаражатты арнай бөлмек ойлары бар. Ең бастысы, орыстардың кітапқа деген сүйіспеншіліктері артса болды... 

Сурет:blog.makezine.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига