Аргентина ұсынған рецепт: кітапты оқу үшін - көзін жою керек...

Аргентина ұсынған рецепт: кітапты оқу үшін - көзін жою керек...

Аргентинадағы "Eterna Cadencia" басылымы "El Libro que no Puede" (Күте алмайтын кітап) технологиясын жасап шығарды. Соның арқасында кез келген адам өзі сатып алған кітабын түгел оқып шығуға мәжбүр болады. 

Басылым герметикалық (ауа кірмейтін) бумамен сатылады. Кітапты ашқан сәттен бастап парақтың әр бетіндегі мәтіндер өздігінен өше бастайды. (Қорықпаңыз, бәрі бірден өшіп кете салмайды). Бұның мәнісі кітап бетіне түскен мәтіндер ауа мен жарықта бұзылатын сия арқылы басылған. Және кітаптың толыққанды өшу процесі төрт айға жуық уақытты алады. 

"El libro que no puede esperar" технологиясы испан тілінде жазатын Оңтүстік америкалық ақын-жазушылардың танымалдылығын арттыру мақсатында жасалып шыққан болатын. Себебі, доп десе, ішкен асын жерге тастайтын елде ақын-жазушыларға деген құрмет аз көрінеді...

"El libro que no puede esperar" жобасы - мәдени мұраны қалпына келтірудің бірден-бір жолы. Сонымен қатар жобаның басы-қасында жүргендер жас ақын-жазушыларды да елген танымал қылуды қолға алған сыңайлы.

Сурет:bookworms.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига